10 | | 108 | Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшілері | Ұлы Отан cоғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
11 | | 109 | Көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасынан шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілген ЧАЭС | Қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларын қоса, шеттету және оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныстанған Чернобыль АЭС- дағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
12 | | 110 | I және II топтағы мүгедектер | I және II топтағы мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
13 | | 111 | III топтағы мүгедектер | III топ мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
14 | | 112 | 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
15 | | 113 | «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар | «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
16 | | 114 | Төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар | Кәмелетке толмаған, бірге тұратын төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
17 | | 115 | Мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандары | Мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
18 | | 116 | Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар | Қазақтан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбек үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: азаматтардың 17 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төлеу. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың болжамды орташа жылдық саны: 2008 жылы - 1 164,1 мың адам, 2009 жылы - 1 198,7 мың адам, 2010 жылы - 1232,2 мың адам болады.
Соңғы нәтиже: азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар түрінде қосымша материалдық қолдау көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 7 пайызға көбейту. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері: 2008 жылы - 5462 теңге, 2009 жылы - 5869 теңге, 2010 жылы - 6280 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапасы: азаматтардың 17 санатына Заңмен белгіленген мөлшерде тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
149-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жерлеуге берілетін жәрдемақы»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 066 969 мың теңге (екі миллиард алпыс алты миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттің қосымша материалдық қолдауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды, жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Жерлеуге берілетін жәрдемақы | | | |
2 | | 100 | Зейнеткерлерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге берілетін жәрдемақы | Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (адамдарға) жәрдемақыны уақтылы төлеуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 102 | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге берілетін жәрдемақы | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларды, жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (адамдарға) жәрдемақыларды уақытылы төлеуді ұйымдастыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әл- еуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды жерлеуге байланысты шығыстарды өздері көтерген отбасыларға (адамдарға) жерлеуге берілетін жәрдемақыларды төлеу. Жерлеуге берілетін жәрдемақылардың болжамды орташа жылдық саны: 2008 ж. - 111,2 мың адам, 2009 ж. - 115,7 мың адам, 2010 ж. - 117,2 мың адам.
Соңғы нәтиже: жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшерінің 7 пайызға өсуі. Зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) жерлеуге арналған жәрдемақы төлеу арқылы мемлекеттің материалдық қолдауы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшері:
- соғыс мүгедектері мен қатысушыларына: 2008 ж. - 40 880 теңге, 2009 ж. - 43 750 теңге, 2010 ж. - 46 830 теңге;
- зейнетақылар мен жәрдемақылар алушыларға: 2008 ж. - 17 520 теңге, 2009 ж. - 18 750 теңге, 2010 ж. - 20 070 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақытылы төлеу.
Сапасы: жерлеуге берілетін жәрдемақыларды алуға уақтылы өтініш берген және жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларды жерлеуге берілетін жәрдемақылармен 100 пайызға қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
150-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27 102 833 мың теңге (жиырма жеті миллиард бір жүз екі миллион сегіз жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- 30 АЕК мөлшерінде бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу;
- бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды:
бірінші балаға 5 АЕК,
екінші балаға 5,5 АЕК,
үшінші балаға 6 АЕК,
төртінші және одан көп балаға 6,5 АЕК мөлшерінде төлеу.
- бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар | | | |
2 | | 100 | Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәр- демақылар | Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Бір жасқа дейінгі баланы күту үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақылар | Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік сараланған жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу. Жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:
- бала тууына байланысты: 2008 ж. - 316,4 мың адам, 2009 ж. - 331,0 мың адам, 2010 ж. - 347,2 мың адам;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты: 2008 ж. - 172,4 мың адам, 2009 ж. - 187,1 мың адам, 2010 ж. - 195,3 мың адам.
Соңғы нәтиже: балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері: 2008 жылы - 35 040 теңге, 2009 жылы - 37 500 теңге, 2010 жылы - 40 140 теңге;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері: 2008 жылы - 7 741 теңге, 2009 жылы - 7 872 теңге, 2010 жылы - 8 261 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес 25-не дейін ай сайын уақтылы төлеу.
Сапасы: бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар» деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 935 690 мын теңге (төрт миллиард тоғыз жүз отыз бес миллион алты жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге мемлекеттік біржолғы өтемақы төлемдер бойынша мемлекеттің өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:
- зейнеткерлерге;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;
- 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге төленетін бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар | | | |
2 | | 100 | Зейнеткерлер және әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар | Зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға біржолғы ақшалай өтемақыларды уақытында төлеуді ұйымдастыру. | Өтініштер түсуіне байла- нысты жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | 1949-1990 жылдар аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік- экономикалық мәртебесі бар аумақта тұратын және тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халық | Радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеуді ұйымдастыру. | Өтініштер түсуіне байланысты жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу.
Орташа жылдық болжамды саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар: 2008 ж. - 7,9 мың адам, 2009 ж. - 5,2 мың адам, 2010 ж. - 4,2 мың адам;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға: 2008 ж. - 272,6 мың адам, 2009 ж. - 117,3 мың адам, 2010 ж. - 29,1 мың адам.
Соңғы нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін: 2008 ж. - 23,3 мың теңге, 2009 ж.- 25,4 мың теңге, 2010 ж.- 22,6 мың теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін: 2008 ж. - 17,4 мың теңге, 2009 ж. - 18,5 мың теңге, 2010 ж. - 19,2 мың теңге болады.
Уақтылылығы: өтініштер түсуіне байланысты жыл бойы.
Сапасы: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық жеңілдікті мәртебесі бар аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақталған азаматтарға-жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70545 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз кырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22, 25-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген мөлшерде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ақталған азаматтарға жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақы | Ақталған азаматтарға жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы ұйымдастыру. | Азаматтардың өтініш беруіне қарай жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны: 2008 ж. - 1 150 адам, 2009 ж. - 840 адам, 2010 ж. - 550 адам.
Соңғы нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері: 2008 ж. - 61,3 мың теңге, 2009 ж. - 64,1 мың теңге, 2010 ж. - 77,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапасы: "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
153-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65 618 мың теңге (алпыс бес миллион алты жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 8 , 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулер мына бағыттар бойынша жүргізу: - Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларын және зиянды өндірістік факторларды зерттеу және талдау; - Қызметкердің денсаулығына кауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, зиянды өнді- рістік факторлар мен қатерлердің әсерін азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және ғылыми негіздеу және ұйғарымдар жасау; - кәсіптік ауруларды және өндірістік жарақаттарды ілестіру үшін есепке алу және талдау жөніндегі республикалық жүйені әзірлеу, ғылыми негіздеу және ілесу; - еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеналық талаптарына жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауру мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 4 бағыт бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: Қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды 0,5 пайыз, санитария-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын 1 пайыз, жұмыс уақытының жоғалуын 0,8 пайыз төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 8,2 млн. теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
154-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 080 849 мың теңге (тоғыз миллиард сексен миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу; зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу; әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;