Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 607 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
103-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отандық тауар өндірушілер деп Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және бөлшектерінің (материалдарының) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (жиналмайтын) пайдалануға (қолдануға) дайын тауар өндіретін және/немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген әрі тұтынуға (қолдануға) дайын және осы конкурста сатып алынатын тауарды шығаратын заңды және жеке тұлғалар түсініледі;».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |