7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже:
- ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу, конструкцияларға тексеріс есептерін жүргізу, оларды күшейту мүмкіндіктерін айқындау;
- тотығу және бейтарап атмосфералар жағдайында шаң пайда болу кезінде туындайтын физикалық-химиялық жағдайларды зерттеу;
- жоғары температура жағдайында байланыс отыны болмаған кезде қатты отынды кесектендіруді зерттеу;
- шаң түріндегі отынды қауіпсіз дайындау және жағу бойынша тәжірибелік қондырғыларды зерттеу;
- қазба өнімдерінің жобалық өлігіне жанасын жатқан тау жыныстарының тосын құлау процестерінің алдын алу, берілген уақыт кезеңінде құламай тұтас күйінде тұратын тау жыныстарының көлемін анықтау, сондай-ақ толық құлауы мүмкін ошақтары туралы уақтылы ескерту;
- микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін құру;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу аймағының ауасы мен шаң-газ ағымдарының өлшемдерін анықтау;
- Солтүстікшығыс Каспий айдынында және Теңіз кен орындарында жүргізілген мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін анықтау;
- аппараттың жоғары сенімді және қауіпсіз жаңа конструкциясының есептеу және жобалау үшін техникалық құжаттама әзірлеу;
- химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік апаттар мониторингін құру.
Түпкілікті нәтиже:
- төтенше жағдайлар кезінде қираған үйлер мен ғимараттарды қысқа мерзім ішінде нығайтудың тиімді әдістерін әзірлеу;
- көмір өндіру кезінде пайда болатын шаң түріндегі өнімдерді кесектендіру технологиясын әзірлеу;
- жер асты таукен өндіру кәсіпорындары кешенінде тұтас қолдану үшін салалық сипаттағы нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- сейсмикалық бақылаудың жаңа ақпараттық технологиясының негізінде микросейсмологияны болжауды дамыту;
- технологиялық газдардың, желдеткіш ауаның тығыздығы мен көлемдерін, таукен және металлургия кәсіпорындарындағы жұмыс істеу аймақтарының атмосфералық ауасының өлшемдерін сенімді анықтау әдістерін әзірлеу;
- мұнай-газ кешеніндегі жұмыстың қарқындылығының нәтижесінде қоршаған орта жай-күйінің өзгеру болжамын жасау;
- қалдық газдарды тазарту үшін аппараттың сенімділігі мен қауіпсіздігі жоғары жаңа конструкцияларын жасау;
- физикалық химиялық құбылыстарды ескере отырып, фазалардың өзара өту қозғалыстарының үлгілерін әзірлеу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- «Ғимараттар мен құрылыстардың ТЖ кезіндегі төзімділігінің әдістемесін әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 12,7 млн. теңге;
- «Металлургия өнеркәсібі үшін қатты шаң түріндегі отын: оны пайдалану, қауіпсіздігі, экология» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,7 млн. теңге;
- «Кен орындарын қазу кезінде тосын құлаулардың алдын алу мақсатында жер асты әдісімен қауіпті қирау аймақтарын болжау әдістемесін жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 2,0 млн. теңге;
- «Микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 48,0 млн. теңге;
- «Таукен-металлургия кәсіпорындарында технологиялық газдардың нақты тығыздығын айқындау әдістемесін анықтау» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 7,0 млн. теңге;
- «Техногендік жүктемелер және табиғи ортадағы туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу дәрежесі бойынша Солтүстікшығыс Каспий айдынын қоса алғанда Атырау облысының аумағын аудандарға бөлу» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 5,2 млн. теңге;
- «Мұнай-газ өңдейтін объектілерде қышқыл газдарды өңдеу үшін жылу және масса алмастыру жабдықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,0 млн. теңге;
- «Химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі және оларды моделдеу мен болжау" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 6,6 млн. теңге.
Сапасы: халықтың және табиғи-шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.