Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 540 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
1) реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар алынып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 17-1 және 17-2-жолдармен толықтырылсын:
17-1 | Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы | ИСМ | қаңтар | ақпан | маусым | Е.Қ. Мамытбеков |
17-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | қаңтар | ақпан | маусым | Е.Қ. Мамытбеков |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |