Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 519 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан «Инженер-техникалық орталығы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) компьютерлік және перифериялық техникаға, теледидар жүйелеріне, байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) тиімділігі жоғары ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;
3) баспа-полиграфиялық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына акцияларының мемлекеттік пакеті иелену, пайдалану және басқару құқығына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Инженер-техникалық орталығы» АҚ»;
2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
«21-102. «Инженер-техникалық орталығы» АҚ»;
3) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-11-жолмен толықтырылсын:
«238-11 «Инженер-техникалық орталығы» АҚ»;
4) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |