Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 мамырдағы № 509 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №2, 24-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде:
5-тармақта «кезектілігіне сай» деген сөздерден кейін «ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. МӘСІМОВ |