Мұнай шикізатын тасымалдау жөнінде
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1993 жылғы 17 қарашадағы № 520-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Теңіз - Астрахань - Тихорецк - Новороссийск маршруты бойынша мұнай экспорты үшін тасымал жүйесі құрылысы жөніндегі Каспий мұнай құбыры Консорциумы туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі:
«Тенгизшевройл» бірлескен кәсіпорнымен мұнай шикізатын тасымалдау жөнінде Консорциум директорларымен келісілген тариф пен негізгі шарттар негізінде келісім жасассын;
валюталық реттеу, салық салу, жер пайдалану, қаржыландыру, активтер енгізу, мемлекеттік басқару органдарымен бірлесе қимыл жасау мәселелері бойынша кеңестермен ұсыныстар дайындайтын мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен жұмыс тобын құрсын.
Премьер-министр