«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 маусымдағы № 547 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының президенті Қ.Қ.Байкеновты кіргізсін және Б.М.Шаяхметовты көрсетілген құрамнан шығарсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі