Республиканың оңтүстік аймақтарындағы отын-энергетика кешені
кәсіпорындарының жұмысын жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 ж. 29 сәуірдегі № 602 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік аймақтардағы энергетикалық қуатты пайдалануды едәуір жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің құрамында «Оңтүстікмұнайгаз» мемлекеттік акционерлік қоғамы, «Шымкентмұнайоргсинтез» акционерлік қоғамы, «Қазақгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы және Жамбыл ГРЭС-і бар «ООЭК» отын-энергетика компаниясын (мұнан әрі - «ООЭК» компаниясы») құру жөніндегі ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігімен, Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы компанияға мемлекеттік акция пакетін табыстауды көздей отырып, «ООЭК» компаниясын ұйымдастыру жөніндегі құрылтай құжаттары пакетін белгіленген тәртіппен 10 күн мерзімде қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі, Экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті Қаратау бассейніндегі фосфор шикізатын өндіру мен ұқсату жөніндегі кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын әрі тиімділігін қамтамасыз ету, отандық және шетелдік инвестициялар мен озық технологияны тарту мақсатында құрамында «ООЭК» компаниясы, «Қазкоммерцбанк» акционерлік коммерциялық банкі, «Қаратау» АХК-і және Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясы» акционерлік қоғамы бар қаржы-өнеркәсіп тобын қалыптастыру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің Төрағасына Қазақстан Республикасының атынан аталған қаржы-өнеркәсіп тобының құрылтайшысы болу уәкілдігі берілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі | |