Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. «Маңғыстаумұнайгаз» мемлекеттік өндіріс бірлестігінің, «Замбези холдинг Ш с. а.« (Швейцария) халықаралық корпорациясына және «Тоталь эксплорейшн продакшн Қазақстан с. а.« француз акционерлік қоғамының қатысуымен «Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорнының құрылуы мақұлдансын.
2. «Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорнына Маңғыстау облысының аумағында көмір сутегі шикізатын іздестіруді, барлауды, өндіруді, ұқсатуды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеу мен зерделеу жөніндегі жұмысты жүргізуіне рұқсат етілсін.
«Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорнына белгіленген тәртіппен таңдап алынған объектілерде, егер мұның өзі республикамыз үшінші тараптар жөнінде қабылдаған шарттарға қайшы келмейтін болса, аталған бағыттар бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арнап республика Үкіметімен келісімдер және шарттар жасау құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті, Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясымен бірлесіп «Маңғыстаумұнайгаз» өндіріс бірлестігінің балансындағы үйлерді, жабдықтарды және басқа қажетті мүлікті, сондай-ақ осы бірлестіктің жарғылық капиталдағы үлесінің жарнасын «Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорнына жалға беру мәселесін шешетін болсын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігіне «Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорны жұмыстарды атқару барысында республиканың мүдделерін сақтауына бақылау жасалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Министрліктер, ведомстволар, Маңғыстау облысының әкімі «Маңғыстаумұнайтоталь» бірлескен кәсіпорны қызметінің ұйымдық мәселелерін шешуде көмектесіп отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі