7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер мен білім беру орталықтарында 180 мемлекеттік қызметшінің білім алуы.
Түпкі нәтижелер: Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер мен білім беру орталықтарында 180 білім алған мемлекеттік қызметшілер республиканың мемлекеттік қызметін жетілдіру үшін қызмет етеді.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Бір мемлекеттік қызметшіні оқытуға кеткен орташа шығындар 1284,2 мың теңге құрайды.
Мерзімділігі: Жасалынатын келісім-шарттар негізінде.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілері оқудан өткен 90% мемлекеттік органдар мамандардың даярлану сапасына қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
391-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар
орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1024842 мың теңге (бір миллиард жиырма төрт миллион сегіз жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарма қызметкерлерінің жұмысқа деген жігерін ынталандыратын жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру үшін инфрақұрылымды қалыптастыру жолымен өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу | 1000 орындық жатақхана құрылысы. (01.09.2005 жылғы № 2-604/05 Техникалық экономикалық негіздеме бойынша Мемлекеттік экспертиза қорытындысы). | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: 1000 орындық жатақхананың құрылысы.
Соңғы нәтиже: 1000 орындық жатақхананың құрылысы.
Уақытылылығы: жобаны жүзеге асыру тиімділігі анализі нәтижелері бойынша.
Сапасы: құрылыс нормалары мен тәртіптеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
392-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа
оқытуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 238046 мың теңге (екі жүз отыз сегіз миллион қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 1471 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» № 995 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының 14 облысы, Астана және Алматы қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер | Қазақстан аймақтарындағы 444 компьютерлік кластарда жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың облыстық, аудандық бөлімшелеріндегі 61750 мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Қазақстан аймақтарындағы жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың облыстық, аудандық бөлімшелеріндегі мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
Соңғы нәтиже: Қазақстан аймақтарындағы 61750 мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір мемлекеттік қызметкерді оқыту шығыны 3855 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: мемлекеттік сатып алу шарттарымен белгіленген мерзімдерге сәйкес.