3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың барлық салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жоғары білікті мамандармен және Қазақстан Республикасының Қарулы күші үшін запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, зияткерлік және мәдени дамуын жақсарту мүмкіндігін қарастыру;
мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды сапалы даярлау және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін әскери даярлау;
жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбекпен қамтылған жоғары білімі бар азаматтардың пайызын көбейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптік білімдi мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын қаулысымен бекітілетін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде азаматтардың ақысыз жоғары білім алуын қамтамасыз ету. Жоғары білім бағдарламалары бойынша студенттерді, даярлық бөлімінің тыңдаушыларын даярлау. Оқу процесін мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес өткізу жолымен білім сапасын арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі азаматтарды және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенттері мен тыңдаушыларын білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. Профессорлық-оқытушылық құрамның және ерекше мәртебелі жоғары оқу орындарының басқарушы қызметкерлерінің белгіленген лауазымдық жалақыларына жоғарылатылатын 1,75 коэффициентін төлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру арқылы ұлттық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлердің дамуы үшін неғұрлым жақсы жағдайлар мен қызығушылықты қамтамасыз ету: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Азаматтық авиация академиясы студенттерінің жаттығу және жазғы тәжірибесінде практикалық қабілетке ие болуына жәрдем көрсету. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне пайдалануға алу арқылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы оқушыларын қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен және жабдықтармен қамтамасыз ету есебінен оқу процесінің деңгейін арттыру. | Жыл сайын Ай сайын 2-тоқ- сан 2-3 тоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
3 | | 101 | Жоғары оқу орындарының студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу туралы ережесіне және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған стипендияларды белгілеу ережесіне сәйкес студенттерді, магистрлерді, даярлық бөлімінің тыңдаушыларын стипендиялармен қамтамасыз ету арқылы студенттерді жоғары кәсіптік білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
4 | | 102 | Ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрлар даярлау | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды, өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды, докторанттарды, Phd докторларын, магистранттарды) даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
5 | | 103 | Ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету | Күндізгі оқу нысанындағы қол үзіп оқитын аспиранттар, магистранттар және докторанттарды Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережесімен және Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған атаулы стипендияларды белгілеу ережесіне сәйкес мемлекеттік стипендиялар төлеу арқылы әлеуметтік қолдау. | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
6 | | 104 | Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында мамандар даярлау | Музыка өнерi саласындағы мамандарды даярлау. Жоғары оқу орындарының негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерді сатып алуы арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы |
7 | | 105 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер даярлау | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша мынадай жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында жұмылдыру резерві үшін запастағы офицерлерді даярлау: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; T. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Қазақ гуманитарлық-заң университеті; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; M. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; M. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
8 | | 106 | «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдегi жоғары оқу орындарында мамандар даярлау | Қазақстанның анағұрлым дарынды жастарының шетелдік оқу орындарында бакалавр, магистр және ғылым докторы (PhD) дәрежесін алуына бағытталған іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асыруды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру. Стипендиаттардың шетелде оқуын ұйымдастырудың ақысын төлеу үшін шетелде кадрлар даярлау халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметтерді көрсетушіге күрделі трансферттерді аудару. Мынадай шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды қамтамасыз ету: халықты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы хабардар ету; үміткерлердің құжаттарын іріктеу рәсімдерін, тілдік және психологиялық тестілеуді, әр үміткермен жеке әңгімелесуді өткізу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуді, қабылдау және үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру; шетелдегі өкілдіктер арқылы, стипендиаттармен оқыту бойынша стипендиаттардың барлық шығыстарын төлеу үшін негіз болып табылатын оқытуды ұйымдастыру туралы жеке шартты, стипендиаттардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде жылжымайтын мүлік кепілдігі шартын және шетелдік әріптестермен жасалатын шарттар арқылы стипендиаттардың келісім-шарттағы өз міндеттемелерін орындау мониторингі. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi Халықаралық бағдарламалар орталығы |
9 | | 107 | Мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделi жөндеу | Берілген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарының күрделі жөндеуін жүргізуге күрделі трансферттер бөлу арқылы оқытудың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында мынадай мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен мекемелерінің техникалық жай-күйін жақсарту: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 29 маусымдағы № 22-272/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 24 мамырдағы № 13-110/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 30 маусымдағы № 10-251 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 16 мамырдағы № 9-304/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Қостанай мемлекеттік педагогика институты (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 14-68/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Павлодар мемлекеттік педагогика институты (сметалық құжаттама бойынша 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 16-91/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Тараз мемлекеттік педагогика институты (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 15 мамырдағы № 10-140/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Семей мемлекеттік педагогика институты (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 22 мамырдағы № 22-72/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 1 ақпандағы № 17-053/27 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 27 қазандағы № 19-/421 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 19/383 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 26 маусымдағы № 9-586/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 26 маусымдағы № 9-582/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 8 маусымдағы № 12-113/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 22 маусымдағы № 7-322/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Қазақ ұлттық аграрлық университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 7-45/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 11-156/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 11-153/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 12-05/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 7 қарашадағы № 18-556/2006 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 12 маусымдағы № 12-216/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
10 | | 111 | Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау үшін Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін шетелдік мамандарды (оқытушыларды шетел профессорларды) тарту | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, инженерлік бейіндегі зертханалар ашып жатқан 10 жоғары оқу орнынан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар даярлау үшін шетел консультанттарын тартуға трансферттер аудару арқылы білім беру сапасын арттыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
11 | | 113 | Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі бөлімде оқитындардың қысқы және жазғы каникул кезінде жол ақысын ақшалай өтеу үшін жоғары оқу орындарына трансферттер аудару арқылы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. | 1-2 тоқсан | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
12 | | 114 | «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университетінде мамандар даярлау | «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті туралы» үкіметаралық келісім бойынша Қазақстан тарапының міндеттемелерін орындауы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары білім беру бағдарламасы бойынша орташа жылдық контингентін оқыту - 106 485 адамға дейін;
2) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28390 адамға дейін, магистрлер - 2520 адамға дейін, PhD докторлары - 100 адам.
3) М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 270 бірлікке дейін;
4) Жоғары білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 85 080;
5) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 6460 адамға дейін; оның ішінде магистранттар - 4619 адам;
6) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 6362 адам;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 649 оқушыға дейін даярлау, оның ішінде 180 адам қабылдау;
8) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 77 бірлік негізгі құралдар сатып алу;
9) Азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 16 адамға дейін;
10) Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 7267 адамға дейін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша қабылдау - 3000 адам;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің»«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 3000 адамға дейін;
12) Ұлттық жоғары оқу орындарына тартылған шетелдік консультанттар саны - 70 ставкаға дейін;
13) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 111 949 адамға дейін.
Түпкі нәтиже:
1) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде 2007 жылдағы жоғары кәсіптік білімді мамандарға қажеттіліктен мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары білім алғандар үлесі - 50%;
2) Жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары білімді мамандар пайызы - 60 % дейін;
3) жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 25 % дейін;
4) Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 40 % дейін.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) Ағымдағы орташа шығыстар:
Бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны мәртебесіз жоғары оқу орындарында оқыту - 187,6 мың теңге, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарында 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 254,0 мың теңге кем емес;
магистрантты оқытудың орташа құны - 393,8 мың теңге;
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында магистрантты оқытудың орташа құны - 808,8 мың теңге;
Аспирантты оқытудың орташа құны - 113,6 мың теңге;
PhD докторын оқытудың орташа құны - 1270,0 мың теңге.
2) Стипендиясының мөлшері:
студенттерге - 6434 теңге;
даярлық бөлімнің тыңдаушыларына - 5469 теңге;
магистранттарға - 19166 теңге;
өндірістен қол үзе отырып оқитын аспиранттарға - 23000 теңге;
дәстүрлі оқыту нысанының докторанттарына және PhD докторына - 29359 мың теңге;
3) Жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 525 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанынсыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 210 теңге кем емес.
4) Жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 3336 мың теңгеден кем емес;
5) М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1,0 мың. теңгеге дейін;
6) Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында бір запастағы офицерді даярлауға жұмсалатын орташа шығыстар - 83 мың теңгеден кем емес.
Уақтылығы: Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 тұрғынға - 18 адам.
Сапасы:
1) Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 60 баллдан кем емес, кешенді тестілеу бойынша - 50 баллдан кем емес;
2) Жаңадан қабылданғандарды стипендиямен қамтамасыз ету пайызы - 100 %, оқуын жалғастырушылар - 75 пайыздан кем емес;
3) Білім алушылардың жалпы санынан, оқудан шығарылғандардың үлесі - 2 %;
4) Оқу бітіргендердің жалпы санынан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары білімді түлектердің үлесі 10 %-дан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
247-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 139053 мың теңге (бір жүз отыз тоғыз миллион елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 11, 24, 37, 38, 51, 53-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім саласында қызмет сапасын жақсарту, мамандардың отандық және шетелдік озық тәжірибеде тиісті ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру; бұрын алған кәсіптік білімді тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лауазымдық міндеттерін тиімді орындап, кәсіптік шеберліктерін жетілдіру үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің кәсіптік қызметі саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және денешынықтыру мамандарының кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелері мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектепті 12 жылдық оқуға көшіру үшін кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалімдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсіптік және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының басшыларының, білім берудің барлық деңгейдегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. «Өзін өзі тану» пәні бойынша оқытушылар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әр түрлі бағыттағы жаңа буын педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес дене тәрбиесі саласында «Өзін өзі тану» пәнін өткізуге мұғалімдер мен тәрбиешілерді қайта даярлау; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ЖОО-да біліктілік арттыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әр түрлі бағыттағы психология- медицина-педагогика кеңестерінің мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми- практикалық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны - 7371.
2. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына басты құралдар сатып алу - 3 бірліктен кем емес.
Соңғы нәтижелер:
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда қажеттілікті қамтамасыз ету үлесі - 30 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір тыңдаушыны оқытудың құны (күрделі шығындарды қоспағанда) - 18 808 теңгені құрайды.
Уақыттылығы:
жұмыс жүргізудің кестесіне сәйкес.
Сапасы:
білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
248-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Сейсмологиялық ақпарат мониторингі»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 229533 мың теңге (екі жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1 , 5 , 14, 15-баптары; «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1, 7, 8, 17, 25-баптары; «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жерсілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қыртысының алдағы қозғалысы туралы уақытылы болжау және ақпараттандыру арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау мақсатында кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жер сілкінісін болжау бойынша зерттеулер қорытындысын тәжірибелік апробациялау, бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы директивалық органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мезгілінде хабарландырып отыру; Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсілкіністерін болжау жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға мезгілінде материалдар беріп отыру; жерсілкіністерінің оперативтік каталогтарымен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын құрастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу үрдістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды өңдеу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру процестерінің мығымдылығы мен белсенділігін көтеру үшін сейсмикалық стансалардағы құрылғыларды жаңарту.