Қазақстан Республикасының
Заңы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы
1-бап. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; №3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; №10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; №13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
226-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «ғимаратын», «ғимаратты» деген сөздерден кейін «(ғимараттың бір бөлігін)» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ. |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы мамырдың 6-сы.
№ 32-ІV ҚРЗ