Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1182 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.
2. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелер туралы ережені бекітсін және олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 169-1-жолмен толықтырылсын:
«169-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-1-жолмен толықтырылсын:
«165-1. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы.»;
3) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағанында:
«7685» деген цифрлар «7705» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«6623» деген цифрлар «6643» деген цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдың 3-бағанында:
«3956» деген цифрлар «3965» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«2901» деген цифрлар «2910» деген цифрлармен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |