Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 811 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарына қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 58, 60-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы
60. «Қарағай» республикалық оңалту орталығы»;
2) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 214 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстовлық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген 4-бөлімнің 2-бағанында:
«Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі» деген сөздер «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі» деген сөздер «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |