490) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған кезде мемлекеттік мекемелердің жүзеге асыратын төлемдерін тоқтата тұру;
491) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде төлем құжаттарын қалыптастыру;
492) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордан өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
493) қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
494) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
495) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
496) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау;
497) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету;
498) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
499) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру қағидалары мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
500) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
501) салық және кеден заңнамасында көзделген өтініштер мен өзге де құжаттардың нысандарын әзірлеу;
502) одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды тану тәртібін айқындау;
503) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын, иесі заңды тұлға болып табылатын бірнеше еркін қойманың аумағында болуы және орналасуы мүмкін, осындай тауарларды және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осындай қоймалар арасында өткізу жағдайлары, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктерін әзірлеу және бекіту;
504) еркін қойма аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіру тәртібін айқындауды қоса алғанда, өткізу-бақылау режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
505) төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың орналасқан жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу және бекіту;
506) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
507) мемлекеттік кірістер органдары қызметінің аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
508) кедендік статистиканы жүргізу;
509) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
510) көлік құралдарын, оның ішінде тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тоқтату;
511) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
512) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға және фотоға түсіру;
513) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
514) ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып ұсыну;
515) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырады;
516) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы тұрақты негізде хабардар етуді қамтамасыз ету;
517) Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарларды әкетуге жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру;
518) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын құру;
519) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
520) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын кедендік бақылауды жүзеге асыру;
521) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
522) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
523) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
524) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы мен өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
525) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
526) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
527) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
528) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдау және түсіндірмелер беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдердің жариялануын қамтамасыз ету;
529) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелу болжанып отырған жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау;
530) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату берілетін құжаттарды қарау;
531) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуін бақылауды жүзеге асыру;
532) автомобиль, теңізде өткізу пункттерінде және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында көліктік бақылау жүргізу;
533) тауарлар мен көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
534) кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
535) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алу, оларды есептеудің дұрыстығын және уақтылы төлеуді, есепке жатқызуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану;
536) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
537) тұлғалардың тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі кезінде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
538) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
539) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
540) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
541) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша интернет-алаң арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат пен мәліметтерді төлем ұйымдарының ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
542) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін әзірлеу және бекіту;
543) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жатқызу өлшемшарттары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысандары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
544) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
545) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
546) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
547) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
548) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
549) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
550) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
551) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
552) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
553) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
554) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
555) тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
556) мүдделі тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
557) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, жолданымдарды уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз ету;
558) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
559) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
560) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
561) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
562) есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
563) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
564) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
565) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) арқылы бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
566) салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуды және реинжинирингті жүзеге асыру;
567) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
568) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алудың толықтығын және бюджетке аударудың уақтылығын қамтамасыз ету;
569) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруін бақылауды жүзеге асыру;
570) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
571) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
572) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасуға өтінішін қарау;
573) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап қоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттерге және міндеттерге сәйкес өзге де талап қоюды беру;
574) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асыру;
574-1) республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту;
575) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
576) салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) салық төлеушінің және салық агентінің шағымдарын қарау;
577) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
578) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыру;
579) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
580) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
581) алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өткізу кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
582) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін қандай да бір түрге жатқызу;
583) темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылауды, есепке алуды және талдауды жүргізу;
584) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
585) мұнай өнімдері мен биоотын айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
586) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
587) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға салыстырып тексеру үшін мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпарат беру;
588) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыру;
589) мұнай өнімдерінің айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
590) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
591) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;
591-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу және бекіту;
592) биоотын айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
593) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісіне және олардың айналымына, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
594) өз құзыреті шегінде және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша ақпарат пен түсіндірмелер беру;
595) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
596) акцизделетіндерін қоспағанда, ізгілік көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын әзірлеу;
597) электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурста орналастыру;
598) қосылған құн салығының асып кету сомасының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
599) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш нысанын әзірлеу және бекіту;
600) салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде мәмілеге қатысушылар мен параметрлері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу және бекіту;
601) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша пайдаланудың;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдаланудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтаудың;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде сақтаудың сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
602) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Республикасының Заңында және камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
603) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
604) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
605) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізу;
606) аудиторлық қорытындыдағы деректердің және міндетті түрде орындау үшін жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
607) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
608) мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
609) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;
609-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;
610) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
611) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;