163) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
163-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу және бекіту;
164) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
165) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту;
166) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекіту;
167) мыналарды:
арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін;
Үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін әзірлеу және бекіту;
168) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
169) концессия шарты бойынша концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) алатын тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтардағы концессионердің құндық теңгерімдерін азайтатын құнды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
170) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
171) есептілікті ұсыну тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, есептілікті ұсыну тәсілдерін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
172) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймада орналастыру үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
173) Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойманың кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың және (немесе) шетелдік тауарлар санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
174) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай, еркін қойма аумағынан әкетуге мемлекеттік кірістер органдарының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
175) еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарларды дайындау (алу) процесінде, өндірістік процестерді қамтамасыз етуде, еркін қойма аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп-ұстауда және пайдалануда өтеусіз жоғалған тауарларды (өндірістік ысыраптарды) дайындауға (алуға) қатысатын немесе жәрдемдесетін тауарларды (өндірістік ысыраптарды) толық немесе ішінара жұмсаған (тұтынған) жағдайда, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында еркін қойманың кедендік рәсімінің іс-қимылын аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
176) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың иесі пайдалануға берген және пайдаланатын жабдық болып табылатын тауарларға немесе еркін қойманың иесі еркін қойманың аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланған және еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде көрсетілген тауарларды кедендік рәсімдерге орналастырмай осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
177) еркін қойманың иесінен басқа өзге де тұлғалардың тауарларды сақтау, тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларын, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операцияларды, тауарлық сапаларын жақсарту жөніндегі операцияларды жасау, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналарды және агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану) қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
178) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
179) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалудың, сондай-ақ мұндай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуының салдарынан еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін мемлекеттік кірістер органдарының тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
180) еркін қойма иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
181) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
182) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттың еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағына немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағына тауарларды әкелуге рұқсаттар беру қағидалары мен нысанын әзірлеу және бекіту;
183) мемлекеттік кірістер органдарының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
184) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
185) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
186) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруіне жол берілген жағдайларды әзірлеу және бекіту;
187) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) берудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
188) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
189) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
190) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
191) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларын, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ өзге де ақшаны төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген сомаларды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
192) төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
193) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
194) мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
195) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін азайту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
196) мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
197) мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу мен бекіту және тәуекелдерді басқару процесін іске асыру;
198) кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
199) Қазақстан Республикасының аумағында кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібін бекіту;
200) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
201) кедендік бақылаудың уақытша аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ кедендік бақылаудың уақытша аймағының құқықтық режимін әзірлеу және бекіту;
202) еркін қойма аумағының периметрін бейнебақылау жүйесімен қоршауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстарды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймадан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
203) бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, оларды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
204) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
205) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
206) толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін әзірлеу және бекіту;
207) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау мерзімдерін айқындау;
208) есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде өндірушінің және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мұндай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу және бекіту;
209) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған және арнайы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын жеке тұлғалардың - салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін шотқа күнтізбелік ай ішінде түскен төлемдерінің қорытынды сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
210) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
211) салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту;
212) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін бекіту;
213) салық және кеден заңнамасында көзделген өтініштер мен өзге де құжаттардың нысандарын бекіту;
214) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу нысаны мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;
215) көлік саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
216) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
217) шектері кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының кедендік операцияларды жасауға арналған учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін, шектері еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекара учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
218) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін әзірлеу және бекіту;
219) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
220) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа әкелу кезінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі мен санаттарын әзірлеу және бекіту;
221) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
222) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары бола алатын жағдайларды әзірлеу және бекіту;
223) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында тауарларды өткізу кезінде қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;
224) қызметтің басым түрлерінің тізбесіне басқарушы компаниялар мен арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының осындай тізбеде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін енгізу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын арнайы комиссияның жұмысына қатысу;
225) мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
226) жекелеген кедендік операцияларды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
227) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу нысаны мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;
228) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
229) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
230) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
231) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
232) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
233) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;
234) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі және шарап құйып (шарап материалын), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра мен сыра сусынын өндіруді қоспағанда, есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
235) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу және бекіту;
236) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу және бекіту;
237) этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлеу және бекіту;
238) ҚР Үкіметінің 2024.27.09. № 792 Қаулысымен алып тасталды (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
239) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысанын және мерзімдерін айқындау;
240) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі бұйымдарының қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету тәртібін, нысанын және мерзімдерін айқындау;
241) арнайы салық режимдерін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындау;
242) акциздік бекет жұмыскерлерінің орналасқан жерін, құрамын және оның жұмыс регламентін айқындау;
243) биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
244) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын, биоотын өндірісінің паспортын, сондай-ақ биоотынды кейіннен қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталарды әзірлеу және бекіту;
245) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
246) салық және (немесе) кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) және (немесе) декларанттардың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың шағымдарын қарау;
247) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары жасайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын жасау;
248) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін және оларды айқындау тәртібін айқындау;
249) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің үш жылдық кезеңге арналған лимиттерін келісу;
250) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессия шарттарының, берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
251) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекіту;
252) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;
253) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекіту;
254) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекіту;
255) ҚР Үкіметінің 2024.05.04. № 255 Қаулысымен алып тасталды (2024 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
256) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;
257) Министрлік жүйесінің өндірістік процестеріне қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
258) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге және талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту;
259) квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;
260) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындау;