Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 11 маусымдағы
№ 483 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 398 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлім мен реттік нөмірі 35-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолымен толықтырылсын:
«7-1. «Қазарнайыкәсіпорын» акционерлік қоғамы 100%».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |