Жезқазған облысының Приозерск қаласына мемлекеттік қолдау көрсету
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 7 қараша № 1354
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шағын және орташа қалаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде, сондай-ақ 1996-1997 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындық жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жезқазған облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше жағдайларда қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан Приозерск қаласын қысқа дайындау үшiн қосымша 150 (жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 271 өкімі;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 383 өкімі.
3. "1996 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына берiлген 4-қосымшаға мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Күрделi қаржы көлемi" бағанында:
"Сорбұлақ каналының авариялық төгу (қосу кешенi), Алматы облысы" деген жолдағы "175 000" саны "125000" санымен ауыстырылсын;
"Өскемен қаласындағы қалдық суларды биологиялық тазарту ғимаратын кеңейту (қосу кешенi)" деген жолдағы "177 000" саны "127 000" санымен ауыстырылсын;
қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жезқазған облысының әкімі
Приозерск қаласының
коммуналдық шаруашылық объектiлерi объектiлерi - 1996 ж. 100 000"
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы -
бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау
жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi