Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 384 Қаулысы
ҚР Yкiметiнің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану кұқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамыналар енгізілсін:
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары |
Әлкеев Құралбай Нұсқабайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитетінің Өндеу және тау-кен енеркәсібі басқармасы бастығының міндетін атқарушы |
мына жолдарда:
«Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары» |
«, төрағаның орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын;
«Алдашев Рустем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика жәнее минералдық ресурстар минисірлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының бастығы, хатшы» |
«жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының бастығы» деген сөздер «директорының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфракұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары» |
«Өндірістік сала және инфрақұрылым» деген сөздер «Индустриялық-инновациялық даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Тәутеев Әуесбек Зпашұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу департаментінің директоры» |
«Экологиялық реттеу департаментінің директоры» деген сөздер «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жақыпов Ғалымжан Қойшыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы» |
«департаменті» деген сөзден кейін «Келісім-шарттарды сараптау және» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сүйесінов Амантай Кемелұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары» |
«Мұнай департаменті» деген сөздер «Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген құрамнан Әбдіреев Батырбек Сейтенұлы және Сейітов Марат Жандарбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Примьер-Министр | К. Мәсімов |