«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 28 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 221-құжат):
4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде:
"Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдістеме орталығы" деген жолда 3-бағандағы "482" деген сандар "848" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |