Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 345 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Шварцкопф Илона Альбертовна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы |
Әбілезов Кәрібай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі |
Оспанов Мұрат Мағауияұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Нүсіпов Саят Нұрмұхамедұлы | - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан: Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Шаққалиев Арман Абайұлы, Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы, Нұрғожин Марат Рахмалыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |