Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 350 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жәмішев Болат Бидахметұлы | | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Үмбетова Инесса Тілеутайқызы | | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы еларалық қаржылық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, хатшы; |
көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Есімқұлов Ерлан Тұрланғазыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |