банктiң төтенше кiрiстерiн алып тастау.
3-тарау. Бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32. «Бір заемшы» деген терминді банктің талаптары бар немесе осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген талаптар оларға туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінуге болады.
Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,05 процентiнен асатын болса, бір заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай мiндеттемелердiң бірi болған жағдайда есептеледi:
1) заемшылардың бірi iрi қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi iрi қатысушы; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесi, немересi), ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға;
2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi/зайыбының, ерi/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірiншi басшысының не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірi банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншiктi капиталынан асатын мөлшермен бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктен банктiң заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылары жиынтығы меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi заемды бірлесiп немесе жекелей бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негiздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он процентiнен асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктiң басқа заемшыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделi болса;
8) заемшылар бір-бірiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланысса;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) заемшылар:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 тіркелген) белгіленген оффшорлық аймақтардың (бұдан әрі - оффшорлық аймақ) тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 33-1-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33-1. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптары мыналарға таралмайды:
мемлекет акцияларының бақылау пакетін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берген заңды тұлғаларға;
мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 33-2-тармақпен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:
олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 34 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара )
34. Бір заемшыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:
1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларынан басқа);
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір заемшының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
4) заемшыға банк балансынан шығарылған банктің қоятын талаптары;
5) мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан кем емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері.
Бір заемшының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке қойылатын талаптар, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қоятын талаптары.
35. Банктiң меншiктi капиталының мiндеттемелерi бойынша бір заемшы үшiн банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы мынадан аспауы тиiс:
банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшiн тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс;
басқа заемшылар үшiн (k3) - 0,25 (оның iшiнде заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменiң бланктiк заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осы деңгейдегi рейтингiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бір тармағынан төмен болмайтын және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша).
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшерi мына талаптарға сәйкес келсе, тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етудi ұсыну жөніндегі заемшының қабiлеттiлiгiн растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талап етулерінiң бөлiгiн орындайтындығы және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланады.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен және лимиттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен (к4);
банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициентімен (к5);
ағымдағы валюталық өтімділік лимитімен;
қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимитімен;
орта мерзімді валюталық өтімділік лимитімен.
Банктің ағымдағы өтімділігі коэффициентінің барынша төмен мәні (k4) 0,3 мөлшерінде белгіленеді. Банктің қысқа мерзімді өтімділігі коэффициентінің барынша төмен мәні (k5) 0,5 мөлшерінде белгіленеді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Банктердiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi есептелген сыйақыны ескеріп, банктердiң талап ету бойынша мiндеттемелерiнiң орташа айлық мөлшерiне есептелген сыйақыны ескеріп, жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатысы ретiнде есептеледi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының банктерiне және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктерiне берiлетiн "овернайт", ұсынылған заемдары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4159 тіркелген) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен алып тасталды (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
8) Агенттік Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
42. Банктің ағымдағы және қысқа мерзімді өтімділік коэффициенттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер қосылады, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдарды және бір түнге банктерден тартылған салымдарды.
Банктің ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алған «овернайт» заемдарын, бір түнге банктерден тартылған салымдарын және жеке және заңды тұлғалардың, тазартылған қымбат металдардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
43. Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, есептелген сыйақыны ескеріп, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар активтердің орташа айлық мөлшерінің талап ету бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары активтер есебіне қосылмайтын осы Нұсқаулықтың 41-тармағының 6)-8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған міндеттемелер міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылған жағдайда, активтердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылады.
44. Өтiмдiлiк коэффициенттерiн есептеу кезiнде мыналар алынып тасталуы тиiс:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес қалыптасқан арнайы провизиялар;
2) кастодиан шарттары негiзiнде сақтауға және сенiмгерлiк басқару туралы шарттар негiзiнде сенiмгерлiк басқаруға банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-1-тармақпен толықтырылды
44-1. Ағымдағы валюталық өтімділік лимиті 0,9-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің сол шетел валютасындағы талап ету бойынша міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің есебіне тазартылған қымбат металдарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген активтер қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-2-тармақпен толықтырылды
44-2. Қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимиті 0,8-ден кем емес мөлшерде белгіленеді және үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-3-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 44-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-3. Орта мерзімді валюталық өтімділік 0,6-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде активтердің мөлшеріне осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілген активтерді қоспағанда, өтеуге дейін тиісті мерзімі бар барлық активтер қосылады.
Осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген, шетел валютасында өтімділігі жоғары активтер есебіне қосылмайтын бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған шетел валютасындағы міндеттемелер шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылған жағдайда, шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылады.
Әрбір уақыт аралығындағы активтер мен міндеттемелер сомасының есебіне өткен уақыт аралығының активтер мен міндеттемелер сомасы қосылады.
Ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингінен кем емес рейтингі бар елдердің шетел валюталары мен «Еуро» бойынша жиынтықпен айдың бірінші күнгі жағдай бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.