Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 325 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
«Баймұратов Әбілхан Есенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті директорының орынбасары, хатшы» |
деген жолдағы «Байланыс департаменті директорының орынбасары» деген сөздер «Байланыс департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |