Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 319 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:
Әбілезов Кәрібай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, тең төраға |
Мейірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант, тең төрағаның орынбасары |
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Поспелов Николай Николаевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |