бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрі мен шығыстар бағыттарының мақсаттарын, оған сәйкес ол пайда болған немесе қайта ұйымдастырылған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемеге рұқсат беріледі не бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бас тарту себебін көрсете отырып рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабар беріледі.
166. Карт-шот шартын жасасу үшін мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген құжаттарды және рұқсатты банкке береді. Бұл ретте карт-шот шартында банктердің корпоративтік төлем карточкаларына кредит лимиттерін беруіне тыйым салу жөніндегі норма көзделуі тиіс.
167. Төлем карточкасын беру туралы шарт мемлекеттік мекеменің корпоративтік төлем карточкаларын жасағаны және қызмет көрсеткені үшін банк қызметтеріне ақы төлеу бөлігінде осы Ережемен белгіленген тәртіппен аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеуге жатады.
168. Алынған корпоративтік төлем карточкалары осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемеде тіркеу журналында тіркеледі.
Корпоративтік төлем карточкалары мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкілетті тұлғаларға (бұдан әрі - есеп беретін тұлға) қол қойып беріледі.
169. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жасалатын төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.
170. Карт-шотты толықтыру міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады.
171. Есеп беретін тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде және тәртіппен сауда чектерін, слиптерді және корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп береді.
24-тарау. Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер мен ақша аудару сомаларын қайтару
172. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
орындалмаған міндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын қалпына келтіруді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемеге 2-38 нысандағы төлем тапсырмасын береді.
173. Өткен жылдар төлемдерін қайтарған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақша алушы болып көрсетілген мемлекеттік мекемеге 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын береді.
174. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап екі жұмыс кyні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақша алушыға қайтарылған төлем құжатының сомасын кейін аудару үшін нақтыланған деректемелерді көрсете отырып не аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтарылған төлем құжатының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне кейін аудару үшін өткен жылдардың дебиторлық берешегін растайтын хат жібереді.
Төлем жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мөр бедерімен және жауапты орындаушының қолымен расталған және аумақтық қазынашылық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған 2-38 нысандағы төлем тапсырмасын мемлекеттік мекемеге береді.
175. Мемлекеттік мекеме оған төлем тапсырмасы жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде нақтыланған деректемелерін көрсете отырып хат жібермеген жағдайда, төлем анықталмаған түсімдер шотына есептеледі.
Мемлекеттік мекеме өткен жылдардың дебиторлық берешегін растамаған жағдайда, төлем ақшаны аударушыға кері қайтарылады.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегін тиісті бюджет кірісіне кері қайтару сомасын аударуға арналған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есепте тұрған дебиторлық берешегінің сомасын есептен шығаруға негіз болып табылады.
25-тарау. Инкассалық өкімдерді орындау тәртібi
176. Инкассалық өкім - заң күшіне енген шешімдер, анықтамалар, қаулылар, сот бұйрықтары, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар, кеден органдары алдындағы берешек негізінде берілген атқару құжаты бойынша мәжбүрлеп өндіріп алуға негіз болып табылатын құжат.
Атқару құжаттары бойынша инкассалық өкім, салық (кеден) органдарының берешек сомаларын өндіріп алуға арналған, мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 177-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
177. Инкассалық өкім сот шешімі (үкімі; анықтамасы; қаулысы) немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығының шешімі және салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша берілген орындау парағы немесе бұйрығы негізінде жасалады.
Инкассалық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімдерін қоспағанда, орындау құжатын жасауға негіз болып табылатын орындау құжатының түпнұсқасын немесе әрбір беті соттың елтаңбалы мөр таңбасымен расталған осы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
Инкассалық өкімде көрсетілген сома орындау құжатында көрсетілген сомаға сәйкес келуі тиіс.
Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі данада мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
178. Инкассалық өкім есептен шығару күнін қамтуы тиіс. Инкассалық өкімді аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассалық өкім есептен шыққан күннен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде орындауға алады.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 179-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
179. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Ереженің 177 және 178-тармақтарына сәйкес келген кезде, Инкассалық өкімдерді есепке алу журналында тіркеледі, ол беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігінделген және елтаңбалы мөртаңбамен және аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қолтаңбасымен бекітілген болуы тиіс. Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, инкассалық өкімнің түскен күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс.
Инкассалық өкімдерді есепке алу журналы бюджет түрлері және қаржыландыру көздері бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіріп алу туралы орындау құжаттары бойынша инкассалық өкімдерді есепке алу бөлек журналда жүзеге асырылады.
Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға, оның ішінде осы ереженің 177 және 178-тармақтарына сәйкес келмеген кезде, ол үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен орындалмай қайтаруға жатады.
Инкассалық өкім толық орындалғаннан кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері орындау құжаттарының атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға орындау құжатының түпнұсқасын үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
180. Инкассалық өкімді орындау:
оны мемлекеттік мекемеге қойған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының пайдаланылмаған жоспарлы бюджет жұмсалымдарының қалдықтары;
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер және олар бойынша жасалған төлемдер жөніндегі операцияларды есепке алу үшін ҚБШ-ға оны қойған жағдайда, пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтары және ақылы қызмет түрлері бойынша мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша;
оны демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға қойған жағдайда, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-дағы ақша қалдығы есебінен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 181-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
181. Инкассалық өкім шығарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
инкассалық өкімнің түпнұсқасын қоса бере отырып, мемлекеттік мекемеге инкассалық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді (оны шығарған жағдайда орындау құжатының немесе оның әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен расталған көшірмесінің негізінде инкассалық өкімнің түпнұсқасымен бірге оған қоса берілген құжат мемлекеттік мекемеге беріледі),
сол күні мыналар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады:
жалақы және басқа да ақша төлемдері;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
жәрдемақы, алимент;
міндетті зейнетақы жарналары;
әлеуметтік аударымдар;
банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша.
Ағымдағы қаржы жылының бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жеке қаржыландыру жоспарларына инкассалық өкімді орындау үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ол атқарылатын шығыстардың ҚБШ бойынша инкассалық өкімдер сомасын қоспағанда, мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайта бастауды жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде орындау құжатының негізінде оны шығарған жағдайда, инкассалық өкімнің көшірмесі қалады - инкассалық өкімнің көшірмесімен бірге осы құжаттың көшірмесі қалады.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 181-1-тармақпен толықтырылды
181-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіру туралы орындау құжаттары бойынша инкассалық өкімді шығарған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы инкассалық өкім тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімнің түсуі туралы жазбаша хабарламаны мемлекеттік мекемеге жібереді.
Бұл ретте мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру жүргізілмейді.
182. Мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта бастау инкассалық өкімді қайтарып алған жағдайда да жүргізіледі.
183. Операцияларды тоқтата тұру аумақтық қазынашылық бөлімшесінің осы Ереженің 181-тармағында көзделген құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік мекеме есебінен инкассалық өкім шығарылған құжаттарды қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
Операцияларды қайта бастау аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекеме есебінен инкассалық өкім шығарылған құжаттарды қабылдауды және орындауды қайтадан бастауды көздейді.
184. Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ға шығарылған инкассалық өкім түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы оны Инкассалық өкімдерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады. Тіркелген күнінен бастап келесі күннен кешіктірмей инкассалық өкім ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ға шығарылған мемлекеттік мекемеге жіберіледі. Мемлекеттік мекеме инкассалық өкімнің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:
ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-да пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берілетін шотты береді;
ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-да жоспарлы жұмсалымдар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сін және ақылы қызмет түрлерін көрсете отырып, хатты береді.
Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шотты не хатты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі міндеттемелер тіркеуді және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын қызметтерді өткізуден алған ақшасы бойынша төлемдер жүргізуді тоқтатады.
185. Мемлекеттік мекеменің демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға шығарылған инкассалық өкім инкассалық өкімді орындауға жеткілікті демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-да ақша қалдығы болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі ол тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындайды. Инкассалық өкімді орындау туралы төлем құжаты аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының мөртабанымен және инкассалық өкімнің орындалу күнін көрсете отырып, мемлекеттік мекемеге беріледі.
Инкассалық өкімді орындауға жеткілікті демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-да ақша жеткіліксіз немесе жоқ болған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассалық өкімді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезекпен орындайды.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 186-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
186. Мемлекеттік мекеме инкассалық өкім мемлекеттік мекемеге түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджет қаражатын алып қоюға арналған инкассалық өкімді орындауды қамтамасыз етеді.
Жоспарлы жұмсалымдар жетіспеген немесе болмаған жағдайда инкассалық өкімді орындау аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассалық өкім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мыналар: жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемді;
салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
жәрдемақыларды, алименттерді;
міндетті зейнетақы жарналарын;
әлеуметтік аударымдарды;
банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын БСК шығыстарын қоспағанда, мемлекеттік мекеме инкассалық өкімді белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі міндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
187. Инкассалық өкімді орындаған жағдайда Инкассалық өкімдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 187-1-тармақпен толықтырылды
187-1. Инкассалық өкімді алған және мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмаған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассалық өкімдерді алуға және бір жыл бойы сақтауға міндетті.
188. Жоспарлы жұмсалымдар жетіспеген не болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне инкассалық өкім шығарылғаны туралы хабар береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдарды азайту есебінен инкассалық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы жұмсалымдарын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір мемлекеттік мекемеге бірнеше инкассалық өкімдер түскен жағдайда, оларды орындау Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
190. Бір мемлекеттік мекемеге салық қызметі органдары мен кеден органдарының бірнеше инкассалық өкімдері бір уақытта түскен жағдайда, салықтық берешек сомасын өндіріп алуға арналған инкассалық өкім бірінші кезекте орындалады.
191. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің шотындағы белгілі ақша сомасына прокурор санкциясы бар тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысы келіп түскен жағдайда, қазынашылықтың жауапты орындаушысы мыналарға сәйкес қабылданған шараларға қосымша:
осы Ереженің 181-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемеге инкассалық өкім шығарылған жағдайда орындау құжатының сомасына ақшасы мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды бойынша міндеттемелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады;
осы Ереженің 184-тармағына сәйкес ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ға инкассалық өкім шығарылған жағдайда орындау құжатының сомасына демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүзеге асырады;
осы Ереженің 185-тармағына сәйкес демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға инкассалық өкім шығарылған жағдайда орындау құжатының сомасына ақшасы мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды бойынша міндеттемелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ операцияларын тоқтата тұруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемемен жазбаша келісілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды және ақшасы мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды бойынша жүзеге асырады.
Ақылы қызметтер не демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша ҚБШ операцияларын қайта бастау инкассалық өкім орындалғаннан не инкассалық өкім кері қайтарылғаннан кейін жүзеге асырылады.
192. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім берілгенге дейін мемлекеттік мекеменің орындау құжатын өз еркімен орындауы ол белгілеген мерзімде төлеуге берілетін шот негізінде 155 "Орындау құжаттарын орындау" ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.
193. Салық төлеушінің дебиторлары шотынан оның салықтық берешегі сомасын өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша орындауға қабылдайды.
Салықтық берешегі бар ақша алушыға қатысты дебитор болып табылатын мемлекеттік мекемеге инкассалық өкім шығарылған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 181-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Инкассалық өкімді орындау үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қойылған берешек сомасын тиісті бюджет кірісіне аударуға арналған қосымша келісім береді. Мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қосымша келісім беруі "түпкілікті" мәртебесі бар төлем жүргізгенге дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттік мекеме екі өтінім береді: бірі - тиісті бюджет кірісіне өндіріп алынатын берешек сомасын алып тастағанда негізгі шарт сомасына, екіншісі - шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша өндіріп алынатын салықтық берешек сомасына.
26-тарау. Құжаттық аккредитивті пайдалану
194. Құжаттық аккредитивті (бұдан әрі - аккредитив) қолдана отырып, есеп айырысу нысанын пайдалануға шетел валютасында төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте, шетел валютасында жасалған шарттарда аккредитив пайдалану көзделуі тиіс.
195. Аккредитив ағымдағы қаржы жылының шарт сомасына ашылады.
Шетел валютасындағы аккредитив шетел валютасындағы шарттың қолданылу мерзіміне ашылады. Бұл ретте қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін немесе ағымдағы қаржы жылынан асып түсетін шартты жасасқан жағдайда, аккредитивтің қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кешіктірілмей белгіленеді.
196. Шетел валютасында аккредитив ашуға арналған өтінім ҚР ҰБ белгілеген тәртіппен жасалады және беріледі. Шетел валютасында аккредитив ашуға арналған өтінімге осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген шарт негіз болып табылады.
Шетел валютасындағы аккредитив аккредитив шарттарының мерзімінен бұрын орындалуына не аккредитивтің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жабылады.
197. Шетел валютасындағы аккредитивтің пайдаланылмаған сомалары оны қайта айырбастау жөніндегі рәсім жүзеге асырылғаннан кейін шетел валютасы айырбасталған шығыстардың БСК бойынша ағымдағы қаржы жылының кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы есепке алынады.
27-тарау. Трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібi
198. Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің және облыстың жергілікті атқарушы органының қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың белгіленген тәртіппен бекітілген жоспарының негізінде және трансферттердің жалпы сомасын төмен тұрған бюджеттердің арасында бөлуді бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.
Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сома шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айдың бірінші онкүндігі ішінде жоғары тұрған бюджет түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сома шегінде жүзеге асырады.
Аударуды жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем тағайындауды белгілеу үшін 02 "Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер" сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
199. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынған төлеуге берілетін шоттың негізінде және кейіннен аудару кезінде төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісі төлемдерінің негізділігін растайтын, осы Ереженің 158-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі жасалған шарттар бойынша олардың есебінен шығыстарды жүзеге асыратын ағымдағы нысаналы трансферттерді және дамуға арналған нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджет бағдарламаларының әкімшісі берген төлеуге берілетін шоттың негізінде шарт жасаспай, олардың есебінен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкімшісі шығыстарды жүзеге асыратын нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару жүргізіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттердің есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкімшілерінің шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының пайдаланылатын ерекшелігіне байланысты осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
200. Ағымдағы нысаналы трансферттер және дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерді қаржыландырудың тиісті жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық бөлімшелері трансферттерді аударуды жүргізбейді.
Нысаналы трансферттер бойынша республикалық бюджетті және жергілікті бюджеттерді атқару туралы есептер деректерінде алшақтықтар болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бақылау объектісіндегі есеп деректерінің растылығын тексеру үшін ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға материалдар жібереді.
201. Төмен тұрған бюджеттің бағдарламалар әкімшілерінің жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар жөніндегі шығыстар пайдаланылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігіне байланысты осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
202. Жоғары тұрған бюджеттен, оның ішінде резерв есебінен алынған нысаналы трансферттердің орынсыз пайдаланылған сомалары ағымдағы жылғы нысаналы трансферттер ретінде де, сол сияқты өткен жылдың нысаналы трансферттері ретінде де мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына Бюджеттік кодексте белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүргізіледі. Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшін нысаналы трансферттерді өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшін - нысаналы трансферттерді өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламасының әкімшісі "Нысаналы трансферттерді қайтару" бағдарламасы бойынша төлеуге берілетін шот және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның ұйғарымы негізінде және үш күндік мерзімде жоғары тұрған бюджетке дейін орынсыз пайдаланылған қаражатты әрбір қайтару бойынша төлеуге берілетін шоттың көшірмесін және орынсыз пайдалануға жол берілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негіздеме хаттың көшірмесін жеткізе отырып жүргізеді.