ТЭН-ді қаржыландыру, егер жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалармен көзделген жағдайда жүзеге асырылады.
395. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеуді қаржыландыру үдерісі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыруға арналған өтінімдер (бұдан әрі - Өтінім) беруді;
2) олардың TЭH әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыруды, қарауды және бекітуді;
3) ТЭН әзірлеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
396. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерді ТЭН әзірлеу жоспарланатын жылдың 15 қаңтарына дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.
397. Өтінім осы ережеге 56-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес келуі және мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
құрамында жобаны іске асыру көзделген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаның атауы;
жобаны іске асырудың жалпы құны;
іске асыру кезеңі;
іске асыру орны;
Бюджет кодексінің 147-бабының 3-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі;
жобаның құрауыштары;
қаржыландыру нысаны;
жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
TЭH әзірлеу үшін қажетті мәлімделетін сома;
инвестициялық ұсынысты салалық бағалауды жүргізген мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ инвестициялық ұсынысты салалық бағалау қорытындысының нөмірі;
инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау оң қорытындысының күні мен нөмірі.
398. TЭH әзірлеуді қаржыландыруға сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
салалық бағалаудың қорытындысы;
экономикалық бағалаудың қорытындысы;
TЭH әзірлеуге техникалық тапсырма;
TЭH әзірлеудің мәлімделетін құнын негіздейтін ақпарат.
399. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде қаржыландыруға арналған өтініштердің негізінде TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
400. Бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мәлімдеген сома;
экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыруға ұсынылатын сома;
жобаның мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларға сәйкестігі;
ТЭН әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бағалау;
өзге мәліметтер.
Қажет болған жағдайда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру барысында туындайтын жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпаратты сұратады.
401. Бюджет комиссиясы олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша Тізбені, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
402. Әрбір жоба бойынша қаржыландыру атауы мен сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
403. Егер бюджет комиссиясының олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейінгі келесі айдың 1-і күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымша жобасын енгізеді.
Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымшаны қалыптастыру, бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
404. Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің негізінде түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
Қаржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бюджетке қайтарылады.
405. Сараптамаларды әзірлеу мен жүргізуді қаржыландыру бюджет заңнамасында және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
406. ТЭН әзірлеу жөніндегі қызметтерді беруге арналған шарт бойынша берушінің міндеттемелерінде шарттың жалпы құнының шегінде жүргізілетін ескертулер мен ұсыныстар бойынша өнім берушінің TЭH міндетті пысықтауы туралы талап қамтылуы тиіс.
407. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін жобаның ТЭН белгіленген тәртіппен бекіткенге дейін ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты береді.
46-тарау. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу тәртібi
408. Осымен концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу тәртібі анықталады.
Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Yкіметі бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде көзделген.
409. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру үдерісі мынадай негізгі кезеңдерден тұратын іс-шаралар кешенін білдіреді:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды өткізуді концессияға беруге ұсынылатын объектілер бойынша қаржыландыруға арналған өтінімдерді (бұдан әрі - Өтінім) табыс етуі;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру, жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту;
3) концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру.
410. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен күннен бастап он күн ішінде Өтінімдерді экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
Өтінім осы Ереженің 57-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес болуы және мынадай негізгі мәліметтерден тұруы тиіс:
1) жоба концессиясының атауы;
2) жоба концессиясының іске асырылуына жауапты бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;
3) жоба концессиясын іске асырудың жалпы құны;
4) концессиялық жобаларды бағалау мен сараптаудың мәлімделген құны;
5) концессия объектісін іске асыру кезеңі.
Сондай-ақ өтінімге:
1) мынадай негізгі мәліметтері бар концессиялық жобаларды бағалаудың және оларға сараптама жүргізудің техникалық міндеттері:
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізудің міндеті, тапсырмасы және өзектілігі;
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізудің ортақ талаптары;
концессиялық жобаларды бағалау және сараптама жүргізудің мерзімдері;
2) концессиялық жобаларды бағалаудың және сараптаудың өтінілген құнын негіздейтін ақпарат;
3) басқа да мәліметтер қоса беріледі.
411. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Өтінімдер негізінде концессиялық жобаларды (бұдан әрі - Бөлу) бағалауға және сараптауға арналған қаражатты бөлу қаржыландыру жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
412. Республикалық бюджет комиссиясы Бөлу жобасын қарау нәтижелері бойынша концессияның әрбір объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалау мен сараптауды қаржыландыру сомасын айқындайды.
413. Бөлу мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
концессия объектісінің атауы;
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
концессия объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалау мен сараптауды қаржыландыру құны.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган егер қажет болған жағдайда Бөлу жобасын қалыптастыру барысында туындаған жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпарат сұратады.
414. Концессияның әрбір объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалаудың және сараптаудың атауы мен қаржыландыру сомасынан тұратын Бөлу жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
415. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Бөлу негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаржылық жылдың ішінде бөлінуі тиіс.
416. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
417. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға:
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы ақпаратты концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды аяқтағаннан кейінгі 10 күн ішінде;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қаржыландыруы бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылған концессиялық жобаларды бағалау және сараптау туралы өткен жылғы есепті береді.
9-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігi
47-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібi
418. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
419. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
420. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсімдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
421. Ұлттық валютадағы түсімдер сомасы Ұлттық қордың ҚБШ-ға жіберіледі. Ұлттық қордың ҚБШ-да есепке алынатын ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуы тиіс. Теңгелік шоттан қаражат келесі ай сайынғы кепілдік берілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын алу үшін жеткілікті соманы жинақтағаннан кейін айырбасталады және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына шетел валютасында түседі.
422. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер сомасын аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган күн сайын ҚР ҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасының негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің артық төленген сомасын қайтарған немесе ол есепке алынған жағдайда Ұлттық қордың ҚБШ-ға дебеттік сальдоға рұқсат етіледі.
423. Артық төленген соманы қайтару немесе есепке алу осы Ереженің 68-71-тармақтарына сәйкес ҚР ҰБ-да ашылған шоттардан есептен алмастан уәкілетті органның шоттарында жүзеге асырылады.
424. Шетелдік валютадағы түсімдердің сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарына есептеледі. Қайта айырбасталғаннан кейін теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР ҰҚ-ның ҚБШ-ға жіберіледі. ҚР ҰҚ-ның ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдердің сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дәл сол жұмыс күні шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.
425. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің құрамында көрсетіледі.
426. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 58-қосымшаға сәйкес 2-26-нысан бойынша ай сайын есептіден кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есепті береді.
427. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударады.
48-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібi
428. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферт түрінде жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
429. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің ҚР Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжамдайды.
Даму бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру үшін қажет, алдағы айға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттегі республикалық бюджет қажеттілігінің көлемін болжамдау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын, алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы болжамдарды ескере отырып анықталады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ай сайын бөлінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабар береді.
430. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажет көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Ережеге 59-қосымшаға сәйкес 2-37 нысан бойынша әрбір айдың 25-күніне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде кепілдік берілген трансферттің өтінім жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің ҚБШ-ға аударады.
Өтінімді орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
431. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-і күніне ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтіндігін хабарлайды.
432. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда кепілдік берілген трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
433. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейінгі мерзімде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша орындалмаған шарттардың тізбесін; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылы іс-шараларды толық орындамау себептерін көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлігінде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын алып тастағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
434. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету жолымен төленбеген міндеттемелер бөлігінде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты береді.
435. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
436. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына қол қойылған күннен бастап бес күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша өзгертілген жылдық жоспарды және ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған шарттардың тізбесін жеткізеді.
437. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 438, 439-тармақтарда санамаланған нормативтік құқықтық актілердің негізінде осы Ереженің 6-тарауында анықталған тәртіппен түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер жөніндегі жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді.
438. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға жеткізеді.
439. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
440. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
441. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта (бұдан әрі - Сенімгерлік басқару туралы шарт) белгіленген мерзімде ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
Хабарламаны орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді.
442. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ осы Ережеге 61-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
49-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті жасаудың тәртібі мен нысандары
443. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.
444. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есепті, тиісінше 1-ші және 15-ші күннің жағдайы бойынша, есептіден кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
445. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін енгізе отырып есептіден кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін жыл сайын ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайды.
446. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
а. осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы жылдық есеп;