ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды
орындау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - лауазымды тұлғалар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;
2) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияның;
3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар әрі ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
4) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, бақылауды және сынауды қамтамасыз ететін қызметтердің (қызметтер туралы бұйрықтар мен ережелердің, нұсқаулықтардың, бағдарламалардың, кестелердің);
5) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды, персоналға медициналық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің (қызметтер туралы бұйрықтар мен ережелердің, нұсқаулықтардың, бағдарламалардың, кестелердің);
6) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтардың;
7) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың);
8) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - иондаушы сәуле шығару көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойманың;
9) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес персоналды іріктеу, даярлау және оның біліктілігін қолдау жүйесінің (ережелердің, бағдарламалардың, білімді тексеру, біліктілікті арттыру кестелерінің);
10) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің (үй-жайлардың, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістерінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шартының;
11) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды (өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтар, түгендеу актілері, есептеу, беру және сақтау журналдары) есептеу және бақылау жүйесінің;
12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
13) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасының алаңын таңдау актісінің;
14) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының физикалық қорғау жүйесі жобасының;
15) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының физикалық қорғау жүйесін қабылдау актісінің;
16) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтар қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасының;
17) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес объектінің қауіпсіздігін талдау бойынша өтініш беруші бекіткен алдын ала есебінің;
18) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерге сәйкес объектіні пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспарының;
19) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес техникалық жүйелер мен жабдықтарды сынау актілерінің, пайдалануға қабылдау актілерінің, аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің;
20) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - жобада көзделген барлық жұмыс режимдерінің көлемінде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде объектіде, санитарлық-қорғау аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің (өлшеу құралдарының, кестелерінің, әдістемелерінің);
21) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының;
22) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтау үшін өтініш беруші бекіткен аварияға қарсы жаттығулар жүргізу әдістемелерінің, бағдарламалары мен кестелерінің;
23) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйымда қажетті қаржы ресурстарының;
24) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
25) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
26) ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.