4-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
42-тармақта:
"жергілікті атқарушы орган", "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер тиісінше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер ресурстарын басқару жөніндегі", "аумақтық" деген сөздер тиісінше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі", "уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымшада:
бірінші абзацта "жергілікті атқарушы" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бөлімнің 1-тармағында "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бөлімнің "Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері" деген кіші бөлімінде "жергілікті атқарушы" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 47, 525-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимінде:
мәтіндегі "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын.