51. Конкурсқа қатысушылар конкурс құжаттарының бумасын қол қойып алады.
52. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бергеннен кейiн өтiнiм берушi сатушы белгiлеген және ақпараттық хабарламада көрсетiлген мерзiмде жер учаскесiнiң бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды бередi.
53. Конкурсты ұйымдастырушы құжаттар салынған конверттi алғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның конкурсқа қатысуы туралы жазбаша хабарлама бередi. Хабарлама алған сәттен бастап өтiнiм берушi конкурсқа қатысушы мәртебесiн сатып алады.
54. Конкурсқа қатысуға өтiнiм берген тұлғалар туралы мәлiметтер жариялауға жатпайды.
55. Конкурсқа қатысушының конкурсқа қатысу туралы өзiнiң өтiнiшiн конкурс өткізудiң белгiленген мерзiмiне дейiн үш күн бұрын, бұл туралы конкурсты ұйымдастырушыға жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға құқығы бар.
6. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын қарау тәртібі
56. Белгiленген күн мен сағатта комиссия отырысында конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келiп түскен ұсыныстар бар конверт ашылады, барлық белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi, қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың болуы анықталады, келiп түскен ұсыныстар жария етiледi.
Конкурстың жеңiмпазын дауыс беру нәтижесiнде көпшiлiк дауыспен комиссия мүшелерi анықтайды.
Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.
57. Егер екi немесе одан көп қатысушылардың бағасы бойынша ұсыныстар бiрдей және ең жоғары болған жағдайда жеңiмпаз жер учаскесiн пайдалану жөніндегі ұсынылған ең қолайлы жағдай бойынша анықталады.
58. Комиссия отырысының нәтижелерi бойынша мынадай ақпаратты қамтитын хаттама жасалады:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнiң тiзiмi;
2) конкурсқа қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
3) конкурс жеңiмпазы;
4) жер учаскесiн сатып алу бағасы, төлем нысаны, жеңiмпазды анықтауға негiз болған қосымша жағдайлар.
59. Хаттамаға отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
60. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi жасыру, конкурстың қорытындыларын шығару кезiнде оларды есепке алмау заңнамада белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұл жағдайда конкурстың нәтижелерi жарамсыз деп танылады.
61. Конкурс жеңiмпазы анықталғаннан кейiн екi күн iшiнде жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылады, онда жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бағасы, нысаналы мақсаты, пайдалану жағдайлары мен тәртібі, тараптардың осы сатып алу-сату шартын орындау жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi, шартты бұзу жағдайлары көрсетiледi.
62. Конкурстың қорытындылары туралы хабарлама екi апта мерзiмде конкурс өткізу туралы хабарлама шыққан баспасөз басылымында жарияланады.
63. Конкурс жеңiмпазының сатып алу-сату шартын жасасу үшiн екi күн iшiнде келмеуi, сондай-ақ жеңiмпаздың кiнәсiнен жасасудың кiдiртiлуi жер учаскесiне құқықтар алудан бас тарту деп қаралуы мүмкiн. Бұл жағдайда жеңiмпаз жер учаскесiн пайдаланудың ең қолайлы жағдайларын ұсынған қалған конкурсқа қатысушылардың iшiнен және ұсынылған баға бойынша айқындалады не бұл учаске келесi конкурсқа шығарылады.
64. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн жалға берген кезде конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органдар бiрлесiп белгiлейдi.
Жер учаскесiн немесе жер
учаскесiн жалдау құқығын
сату жөніндегі сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне
Қосымша
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау
құқығын сатып алу-сатудың үлгi шарты
___________ қаласы, (кент, село) 200____ жылғы ________ N _________
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен абзац өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бiз бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын
_____________________________________________________ бiр тараптан,
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
және бұдан әрi "Сатып алушы" деп аталатын _________________________
__________________________________________________ екiншi тараптан,
(заңды ұйымның атауы, Ф.А.Ә )
төменде қол қоюшылар төмендегiлер туралы осы Шартты жасастық.
1. Шарттың мәнi
1. Сатушы Шартқа қоса берiлiп отырған жер учаскесi жоспарының
шекарасындағы жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатады,
ал Сатып алушы сатып алады.
2. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi мен оның деректерi:
Кадастрлық нөмiрi (коды) ____________________________________
Алаңы ___ га, оның iшiнде ауыл шаруашылық алқаптары мың ___ га
(егiстiк ___ га, көпжылдық екпе шөптер ___ га, шабындықтар ___ га,
жайылымға).
Нысаналы мақсаты ____________________________________________
Пайдаланудағы шектеулер және қиындықтар _____________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Бөлiнуi және бөлiнбеуi ______________________________________
2. Жер учаскесiнiң немесе жер
учаскесiн жалдау құқығының бағасы
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі
уәкілетті органы белгiлеген
жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бағалық құны
____________________________________________ құрайды.
(сомасы санмен және жазбаша)
2. Жер учаскесiн (жер учаскесiн жалдау құқығын) сатып алу
бағасы
___________________________________________________________________
(жер аукционының нәтижелерi, жерге ақы төлеу ставкалары)
бойынша белгiленген __________________ теңгеге тең және Сатып алушы
(сомасы санмен және жазбаша)
төлеуге тиiс.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Сатып алушының: __________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ құқығы бар.
2. Сатушының: _______________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ құқығы бар.
3. Сатып алушы: _____________________________________________
Сатушыға жер учаскесiнiң құнын немесе тұрақты жер пайдалану
құқығын _______________ 200___жылғы ____________ дейiн төлеуге;
(төлем нысаны) (күнi, айы)
________________________ объектiнi 5 жыл iшiнде пайдалануға
Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген жер учаскесiн пайдаланудағы құқықтарды шектеудi және олардың қиындықтарын сақтауға мiндеттенедi.
4. Сатушы: __________________________________________________
Шарт талаптарына сәйкес жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын беруге;
жер учаскесiне құқықтарды шектеулердегi барлық қиындықтар туралы Сатып алушыны хабардар етуге мiндеттенедi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны не тиесiлi орындамағаны үшiн жауапты болады.
5. Дауларды қарау тәртібі
Келiссөздер жолымен шешуге болмайтын Шарттан туындайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртібімен қаралады.
6. Шарттың қолданылуы
1. Шарт оны мемлекеттік тiркеген күннен бастап күшiне енедi.
2. Шарт екi данада жасалады, оның бiрi Сатып алушыға, екiншiсi Сатушыға берiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi:
Сатушы Сатып алушы
_______________________ _________________________
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті (заңды ұйымның толық
органның атауы) атауы, аты-жөні)
Мекен-жайы ______________ Мекен-жайы ______________
_________________________ _________________________
Е/шоты __________________ Е/шоты __________________
_________________________ _________________________
_________________________ _________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.