Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы № 251 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 44-1 және 44-2-жолдармен толықтырылсын:
«44-1. Жалпы көлемі 2500 см3-тен астам, ұзындығы 11,5 м-ден астам дизель қозғалтқышы бар қалалық жолаушылар тасымалдары үшін жаңа автобустар | 8702 10 119 0* ден |
44-2. Ұзындығы 11,5 м-ден астам, дизель электржетегі бар жаңа автобустар». | 8702 90 909 0* ден |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |