Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 159-1 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі мен көлемінде:
«Болжамды сақтау көлемі (тонна)» бағанында «(тонна)» деген сөз алынып тасталсын;
«DDР ИНКОТЕРМС 2000 шартындағы бағасы (теңге/тонна)» бағанындағы «тонна» деген сөз «өлш. бірл.» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1-жолдың «Өлш. бірл» бағанындағы «тн» деген аббревиатура «мың л.» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдың «Өндіруші ел» бағанындағы «импорт» деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |