Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 168 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
кестеде:
«2402- ден | Фильтрлі темекі Фильтрсіз темекі, папиростар Сигаралар Сигариллалар | физ. көлемі физ. көлемі физ. көлемі физ. көлемі | 315 теңге/1000 дана 180 теңге/1000 дана 85 теңге/дана 1040 теңге/1000 дана | 2,5 евро/1000 дана 2,5 евро/1000 дана 0,5 евро/дана 6,5 евро/1000 дана» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«2402- ден | Фильтрлі темекі Фильтрсіз темекі, папиростар Сигаралар Сигариллалар | физ. көлемі физ. көлемі физ. көлемі физ. көлемі | 400 теңге/1000 дана 200 теңге/1000 дана 85 теңге/ дана 1040 теңге/1000 дана | 3 евро/1000 дана 3 евро/1000 дана 0,5 евро/дана 6,5 евро/1000 дана». |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |