Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 144 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 499 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары):
«1. Әр түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негіздерді әзірлеу» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылғы IV тоқсан»;
«2. Әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үсті инфрақұрылымын дамыту» деген бөлімнің 16-жолы алып тасталсын;
«3. Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылы зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын әзірлеу» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттері бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу»;
19-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұйық және қатты күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеу»;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«110,452, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 50,0; 2006 - 40,0; 2007 - 20,452»;
реттік нөмірі 21-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құру»;
реттік нөмірі 22-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеу»;
реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеу»;
көрсетілген Іс-шаралар жоспарынан кейінгі мәтінде:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 44364,75 млн. теңгені құрайды.»;
«Республикалық бюджет барлығы 44064,75 млн.теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн.теңге.»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
Ескертуде «АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешені» деген жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |