Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 150 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 48-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«Мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу, іс жүргізу саласында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте мемлекеттік тілді дамыту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 8-жолда:
5-бағандағы «2007 жылғы» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 911 175, оның ішінде: 2007 ж. - 563 853; 2008 ж. - 347 322»;
«Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 11-жолда:
6-бағандағы «21 795» деген сандар «Талап етілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
«11-1 | Жалпы білім беру мектептері үшін шетелдік ағылшын тілінің оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы 20 желтоқсан | 2063360 | Жергілікті бюджет » |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-2-жолмен толықтырылсын:
«11.2 | Жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және кәсіптік жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру | МАМ-ға ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | | Талап етілмейді » |
реттік нөмірі 12-жолдың 6-бағанындағы «31 584» деген сандар «28 622» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағанындағы «9 128» деген сандар «1 028» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағанындағы «25 109», «12 920» деген сандар тиісінше «24 538», «12 349» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18-1, 18-2, 18-3-жолдармен толықтырылсын:
«18-1 | Білім және ғылым саласындағы терминологиялық жұмыстарды үйлестіру жөнінде жұмыс тобын құру | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы III тоқсан | | Талап етілмейді |
18-2 | Қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | 97500 | Республикалық бюджет |
18-3 | Үш тілде оқытатын мектептер үшін математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер даярлауды қамтамасыз ету | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | жыл сайын | Мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде | Республикалық бюджет |
«Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 19-жолдың 6-бағанындағы «34 599», «17 803» деген сандар тиісінше «92 378», «75 582» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанындағы «14 018», «7 213» деген сандар тиісінше «14 017», «7 212» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолда:
5-бағандағы «жыл сайын» деген сөздер «2007 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«98 468»;
реттік нөмірі 22-жолдың 6-бағанындағы «6 983», «3 593» деген сандар тиісінше «6 985», «3 595» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 23-жолдың 6-бағанындағы «44 885», «23 096» деген сандар тиісінше «41 793», «20 004» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағанындағы «18 095», «9 311» деген сандар тиісінше «25 692», «16 908» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 6-бағанындағы «808 051», «415 793» деген сандар тиісінше «711 758», «319 500» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 28-жолдың 6-бағанындағы «55 372», «28 492» деген сандар тиісінше «44 369», «17 489» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 29-жолдың 6-бағанындағы «13 686», «7 042» деген сандар тиісінше «8 945», «2 301» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-жолдың 6-бағанындағы «560 062», «288 187» деген сандар тиісінше «509 371», «237 496» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 33-жолдың 6-бағанындағы «3 928», «2 021» деген сандар тиісінше «2 603», «696» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 34-жолдың 6-бағанындағы «9 826», «5 056» деген сандар тиісінше «9 827», «5 057» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 35-жолдың 5, 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан»;
«4 438»;
«Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласында тілдік даму» деген бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 6-бағанындағы «12 460», «6 411» деген сандар тиісінше «12 273», «6 224» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:
«39-1 | Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін басып шығаруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | 647 300 | Республикалық бюджет » |
реттік нөмірі 40-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды қамтамасыз ету»;
6-бағандағы «396 547», «204 048» деген сандар тиісінше «346 834», «154 335» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 42-жолдың 6-бағанындағы «6 386», «3 286» деген сандар тиісінше «6 390», «3 290» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 43-жолдың 2-бағанындағы «тұрмыстық қызмет көрсету,» деген сөздерден кейін «халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 44-жолдың 5, 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан»;
«1 100»;
реттік нөмірі 45-жолдың 6-бағанындағы «1 931 712», «983 272» деген сандар тиісінше «1 924 296», «975 856» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолдың 6-бағанындағы «3 018 108», «2 250 572» деген сандар тиісінше «2 981 419», «5 136 158» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |