Қазақстан Республикасында мемлекеттік құкықтық статистиканы және арнайы
есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1374 Қаулысы
(2007.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпараттық жүйенi бұдан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн, Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiне жыл сайын 5 желтоқсаннан кешiктірмей ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісiм бойынша) жыл сайын 25 қаңтардан кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1374 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және
арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында мемлекеттік
құқықтық статистиканы және арнайы есепке
алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшін "Мемлекеттік құқықтық статистика және
негiздеме арнайы есепке алу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 6-бабының 7)
тармақшасы, "Прокуратура туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы
құқықтық саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетiн құру туралы" Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Бас
әзiрлеуші прокуратурасы
Бағдарламаның Қазақстанның мемлекеттік құқықтық
мақсаты ақпараттық статистикалық жүйесiн
қалыптастыру және одан әрі реформалау
Бағдарламаның 1. Мемлекеттік құқықтық ақпараттық
мiндеттерi статистикалық жүйенi құру.
2. Құқықтық статистика салалары кешенiн
дамыту.
3. Жаңа ақпараттық технологияларды
енгізу.
4. Елдегі және өңiрлердегi заңдылық пен
құқықтық тәртiптiң жай-күйiн кешендi талдау
мен болжауды жетiлдiру, қоғамдағы құқықтық
құбылыстардың кешендi мониторингі жүйесiн
құру.
5. Қазақстанның мемлекеттік құқықтық
ақпараттық статистикалық жүйесiнiң әлемдiк
ақпараттық ортаға кірiгуі, құқықтық
статистикалық деректердi жариялау және
тарату жүйесiн жетiлдiру.
6. Yздiксiз кәсiби білім беру мен
құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласында кадрлар даярлау жүйесiн құру әрi
жетiлдiру.
7. Халықаралық ынтымақтастық, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласындағы
қолда бар халықаралық тәжiрибенi зерделеу
Бағдарламаны iске 2005-2007 жылдар.
асыру мерзiмдерi
Қаржыландырудың Мемлекеттік бюджеттен 2005 жылға қаржы
көлемi мен көздерi шығындары талап етiлмейдi.
2006 жылы - 2582500 мың теңге; 2007 жылы
- 2232300 мың теңге. 2006-2007 жылдарға
арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар
көлемi тиiсті қаржы жылына анықталады
(нақтыланады).
Бағдарламаның Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа,
iске асырылуынан нашақорлыққа қарсы күрестің нeгiзгі бағыттары
күтiлетiн нәтижелер бойынша салыстырмалы әрi сапалы статистикалық
деректер мен талдамалық ақпарат қалыптастыру.
Шешiмдер дайындау әрi қабылдаудың
пәрмендi жүйесiн құру, заңдылық сақтау мен
құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету
бойынша функцияларын iске асыру кезiнде
құқық қорғау және өзге де мемлекеттік
органдар қызметiнiң нәтижелiлiгiн арттыру.
Сапалы әрi шынайы ақпарат пен арнайы
есепке алудың мәліметтерiн дайындау және
ұсыну.
1. Кiрiспе
Қазiргi уақытта қоғамдық процестердi басқару мен дұрыс шешiм қабылдауда, соның iшiнде қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрi оларға қарсы күресуде, есiрткiнiң таралуын бақылауды жүзеге асыруда құқықтық статистикалық ақпараттың маңызы әлденеше есе артуда.
Осыған байланысты, Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн қалыптастырудың заңды қадамына айналады.
Қазақстан Республикасының дамуын сипаттайтын құқықтық статистикалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесiн құру, оларды алу, талдау мен болжау әдiснамасын жасау, жүйелi құқықтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру көзделуде, құқықтық статистиканың көрсеткiштерiн зерделеудiң басым бағыттары, әдiснаманы жетiлдiру мен ғылыми көзқарасты енгізу анықталуда мемлекеттiң құқықтық жағдайы, елдегі қылмыстылық пен заңдылықтың деңгейi туралы халықаралық ұйымдарға қажеттi құқықтық статистика ақпаратын ұсыну жөнiндегі Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету, Бiрыңғай бiрiздендiрiлген статистикалық жүйенiң (бұдан әрi - ББСЖ) бiрiктірiлген деректер банкінің ақпараттық-техникалық кешенiн енгізу әрi әкiмшілік құқық бұзушылық пен оларды жасаған тұлғалар туралы бастапқы болып табылатын құқық бұзушылықтардың орталықтандырылған деректер банкiн қолда бар геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйесiнiң компоненттерiмен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың құқықтық ақпаратқа қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн арнайы есепке алу жүйесiн құру жөніндегі негізгi жобалық шешiмдердi әзiрлеу, кәсiпкерлiкті қолдау мен дамыту жөнiндегі шаралардың бiрi ретiнде құқықтық ақпаратқа деген қажеттiлігін қамтамасыз ететiн шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметiне тексерулер тағайындау туралы актiлердi тiркеуден мемлекеттік органдардың бас тарту құқығын тиiмдi iске асыру мiндеттерi шешiлуде.
Сайып келгенде, қоғамдағы құқықтық жағдайларға кешендi мониторинг жүйесiн құру заңдылық пен құқықтық тәртiптi жаппай сақтауға негiзделген құқықтық мемлекеттi құрудың бiр компонентi болуы тиiс.
Бағдарламаны iске асыру мынадай негізгi қағидаттарды сақтай отырып, ұйымдастыру iс-шараларының кең кешенiн әзiрлеу мен орындауды көздейдi:
- құқықтық статистикалық ақпараттың тұрақтылығы, салыстырмалылығы, түсiнiктiлiгі мен ашықтығы;
- пәрменділігі мен нәтижелiлігі;
- iске асырылуы;
- жауаптылығы;
- сабақтастығы;
- тұрақтылығы;
- кешенділігі;
- жүйелілігі.
Бағдарламада құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы жұмысты ұйымдастырудың тиiмдiлігін одан әрi арттыруға, кадрлардың біліктiлiгiн арттыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетiлдiруге себеп болатын iс-шараларды, деректер банкінің жалпыға бiрдей қол жетiмдiлігін қамтамасыз ететiн бiрiктiрiлген автоматтандырылған сәйкестендiру жүйелерiн құру жолымен құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды пайдалану жөніндегі құқық қорғау органдарының мемлекетаралық ықпалдастығын қамтамасыз ету көзделедi.
Yш жылдық Бағдарламаны iске асыру мақсатында, республика - облыс - аудан деңгейлерiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектiлерiн тиiсті кешендi ақпараттандыруды, мемлекеттік басқару органдарының бiрыңғай ақпараттық құқықтық статистикалық кеңiстігін қалыптастыруды жүзеге асыру көзделуде. Мемлекеттік ақпараттық құқықтық статистикалық жүйе бiрыңғай ақпараттық қордың дiңгегi болуға тиiс.
2. Құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың
қазiргi жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаны жүзеге асыру нәтижелерінің бiрi - ведомстводан тыс және орталықтандырылған негiзде құрылған құқықтық статистика органдарын құру болып табылды әрi оларға қылмыстық құқықтық статистиканы қалыптастыру жөнiндегі iшкi iстер органдарының функциялары берiлдi. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығымен құқық қорғау органдары жүйесiн жетiлдiру, қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиiмділігін арттыру мақсатында, IIМ мен Әдiлет министрлігінiң статистикалық қызметтерiнiң базасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанында Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.
Осындай реформа жасаудың қажеттілігi, ең алдымен криминогендiк ахуал мен қылмыстылыққа қарсы күрестiң жай-күйiн шынайы көрсетудi болдырмайтын бұрынғы ақпараттық статистикалық жүйенiң кемiстіктерiнен туындады. Алғаш рет өз тарихында құқықтық статистика қадағалау органы - прокуратура қарауына берiлдi және осы қадамның баламасы бұрынғы кеңес кеңiстiгінде жоқ. Бұл елімiздегі криминалдық жағдайға әсерiн тигізетін себептердi объективтi әрi уақытылы анықтау жөнiндегі құқық қорғау органдарының қызметінiң тиiмдiлiгiн арттыруға әрi оларды жою жөнiндегі қажетті шаралар кешенiн белгілеуге мүмкiндiк бердi.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн жетiлдiру шеңберiнде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы таратылған Құқықтық статистика және ақпарат орталығының базасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган болып табылатын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылды. Құқықтық статистиканы қалыптастырудың, арнайы есепке алуды жүргiзудiң және осы саладағы қадағалауды жүзеге асырудың функцияларын үйлестiру қоғамдағы қылмыстықтың жай-күйi және қылмыстық қудалау органдары мен соттың қылмыстық iс жүргізу қызметiнiң сандық-сапалық көрсеткiштерi туралы, мемлекеттік органдардың кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау жөніндегі жұмысы, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қарсы қарсы күрес туралы мейлiнше шынайы ақпаратпен мемлекеттi жүйелi түрде қамтамасыз ету, құқықтық статистика және арнайы есепке алуды түпкілікті мүлде деңгейге көтеру жөнiндегі шара болып табылады, бұл мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алуды жүргiзуден бастап осы саладағы нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік органдардың орындауын қадағалауға дейiнгі ажырамас тетiк жасауға кең мүмкiндiк бередi.
Комитеттің негiзгі мiндеттерi - мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамыту, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, есiрткi заттардың заңсыз айналымына және заңдылықты бұзушылыққа қарсы күресті ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып саналады.
Осыған байланысты, Комитетке мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есептi жүргізу және осы саладағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегі мiндеттер жүктелген.
Осы мiндеттердi орындау үшiн Комитет Президент Әкiмшiлігін, Қауiпсiздiк Кеңесiн, ?кіметті, құқық қорғау, республиканың сот және басқа да мемлекеттік органдарын қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрестiң, елдегі заңдылықтың сақталуының жай-күйi туралы статистикалық және ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етедi.
Қазiргі уақытта Комитетте елдегі қылмыстық қудалау органдарының iздестірiлуiндегі қылмыс жасаған адамдар, хабар-ошарсыз кеткендер және танылмаған мәйiттер туралы қолда бар ақпараттың бүкiл көлемi жинақталған. Бұл қазiрдiң өзiнде, жалпы сипаттағы қылмыстарға, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына, нашақорлық пен психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi тиiмдi ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға, құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу мәселелерi бойынша республиканың барлық мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруге мүмкiндiк бередi, ал болашақта терроризмге, экстремизмге, трансшекаралық және халықаралық қылмыстылыққа, адамдар трафигiне және заңсыз көшіп-қонуға қарсы күрес пен заңдылықтың сақталуы әрi құқықтық тәртiптi қолдаудың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басқа да өзекті проблемаларында қуатты құралға айналуы тиiс. Бұдан басқа, Комитет мемлекетаралық ақпарат банкiн (МАБ) құру жөнiндегі келісім шеңберiнде Ресей Федерациясы ІІМ Бас ақпарат орталығымен ынтымақтастықты жүзеге асыруда, оған сәйкес Қазақстандағы арнайы есепке алу субъектiлерi туралы барлық деректер МАБ-қа жiберiледi, қажеттi нормативтiк құқықтық база үйлестiрiлген. Мысалы, Комитеттің аумақтық органдары арнайы есепке алу объектiлерiне карточка толтырған кезде, бiр көшiрмесiн РФ ІІМ МАБ-қа жiбередi. Сөйтiп, ТМД шеңберiнде құқық қорғау органдарының арасында жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Қазiргі уақытта, жетi жыл жұмыс iстегеннен кейiн, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының өзi қалыптасқан мемлекеттік институт болып табылады. Бiрiншi кезекте, қылмыстылықтың жай-күйi, құқық қорғау органдарының, соттардың қызметi және бұл жұмыстың ақпараттық қамтамасыз етiлуi туралы статистиканы қалыптастырудың тиянақты режимi ұйымдастырылған. Арнайы есепке алуды жүргiзу, анықтамалық және мұрағаттық жұмыстарды жүргiзу тиiстi деңгейде жүзеге асырылуда.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету, республикадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жай-күйi мен деңгейiн анықтауға, оларды түпкiлiктi жою жөнiндегі қажеттi шараларды әзiрлеу мен қолдануға мүмкiндiк бердi. Соңғы онжылдық барысында, нашақорлық пен психотроптық заттарды терiс пайдалану және республикадағы олардың заңсыз айналымы кең көлемде таратылу сипатын алды әрi экономика, құқықтық тәртiп, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жай-күйiне, халықтың денсаулығы мен тектiк қорына терiс әсерiн тигiзуде.
Есiрткi заттарын пайдалануына байланысты медициналық мекемелерде есепке тұрған адамдардың жалпы саны 48 мың жуықты құрайды. Осыған байланысты, республикадағы нашақорлықтың жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты жүргізу нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын бағалауға, осы проблеманы одан әрi шешудiң стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкiндiк бередi.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы шектеу сипатындағы нұсқамаларға ақпараттық қызмет көрсету тетігін енгізумен бiрге, сотпен әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылған, iс-әрекет жасауға қабiлетсiз деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған тұлғаларды неғұрлым толық есепке алу белгiленген.
Өз қызметiнiң бүкiл кезеңінде, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы заң жүзiнде реттелмеген едi және тек қызмет бабында пайдалануға арналған ведомстволық нұсқаулық кесiмдер деңгейiнде ғана регламенттелдi.
Сондықтан, осы саланың дамуының келесi қадамы мемлекеттік
құқықтық статистиканы жүзеге асыру және арнайы есепке алуды жүргізудiң тәртібін заң жүзiнде бекіту болып табылды. Мысалы, 2003 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Мемлекеттік құқықтық статистика және оны есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң құқық саласындағы статистикалық, ақпараттық және есепке алу жүйелерiн басқарудың бiрыңғайлығы қағидаттарын айқындайтын нормативтік құқықтық кесiм болып табылады, олар осы саланың жұмыс iстеуi мен жетiлуiне оңтайлы жағдайды қамтамасыз етедi.
Заңмен алғашқы рет заңнамада: "мемлекеттік құқықтық статистика", оның "қылмыстық-құқықтық", "азаматтық-құқықтық" және "әкiмшiлiк құқықтық статистикаға" бөлінуi; уәкiлеттi орган мен қылмыстық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерінің құқықтары мен мiндеттерi; арнайы есепке алудың мақсаты мен түрлерi сияқты негізгі ұғымдар бекітілген.
Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау мақсатында Заңның 7-бабының1-тармағының 5) тармақшасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына оларды тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған шаруашылық жүргізушi субъектiлердi тексерудi тағайындау туралы актiлердi тiркеуден бас тарту құқығы бекітілген. Осы қадам шағын және орта бизнесті дамытуға жасалған кедергілердi жоюға септігін тигізедi.
Сондай-ақ, Заңның 7-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақылы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мiндеттілігі көзделген. Осы функция елдiң бюджетiне қосымша қаржылық түсiмдердiң түсуiне әкеледi.
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi одан әрi жетiлдiру мен дамыту құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына қоғамдағы құқықтық құбылыстарға мониторингін жүзеге асыратын, қоғамдағы қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң бағдарламалары мен ұсынымдарын әзiрлейтiн басты талдау институты болып өзгертiлуiне мүмкiндiк бередi. Осы ұсынымдар заңдылық пен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегі тиiмдi құралға айналуы тиiс. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестің перспективалық бағыттарының бiрi - кәсiпкерлiк қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қатысты субъектiлерi туралы деректер банкiн құру болып табылады.