жер қыртысының деформациялануын зерделеу үшiн геодезиялық негiз жасалады, бұл жер сiлкiнiсiн және басқа қауiптi табиғи құбылыстарды болжау мүмкiндiгiн кеңейтедi;
картографиялау мақсаттары үшiн ғарыштық кешен ресурстарын пайдалану жөнiндегі мүдделi мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл айқындалады;
мыналар бойынша:
жоғары дәлдiктегі геодезиялық жерсерiктiк желiлер салу;
топографиялық-геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк айқындаудың дербес әдiстерiне және компьютерлiк әрi цифрлық технологияларға көшiру;
координаттардың жоғары дәлдiктегі бiрыңғай геодезиялық жүйесiн жасау және орнату;
қалалардың iрi масштабты топографиялық жоспарларын жасау және жаңарту;
Қазақстан Республикасының нивелирлiк желісін дамыту және жаңғырту;
Мемлекеттік гравиметриялық желiнi дамыту;
бұрынғы әскери полигондардың аумағын ауыл шаруашылық картографиялауды қамтамасыз ету;
қазiргi заманғы технологиялық процестер мен техникалық құралдарды өндiрiске енгізу жөнiнде ұсыныстар дайындалды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы желісінiң
өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңiз
кеңiстiгінiң делимитациялануын геодезиялық, картографиялық,
топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету
Республиканың ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны ресiмдеу процесiн топографиялық-геодезиялық және картографиялық қамтамасыз eту жөніндегі жұмыс жоспарлы түрде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын шектес елдермен делимитациялау және демаркациялау мынадай жағдайларды анықтады.
Әкiмшілік-аумақтық шекараны соңғы сипаттаған кезден берi 50 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытта жергiлiктi жерлерде халықтың белсендi шаруашылық қызметiне байланысты, сондай-ақ табиғи құбылыстардың әсерiнен едәуiр өзгерістер болды.
Қазiргi кезде мемлекеттік шекараның өту желісі кеңес уақытында жасалған, масштабы 1:50000, 1:100000 карталардың парақтарына түсiрiлген, бұл жергiлiктi жердiң қазiргi жай-күйiн көрсетпейдi және мемлекеттік топонимикаға сәйкес келмейдi. Шекараны құқықтық ресiмдеудiң халықаралық ережелерiне сәйкес, карталар мен мемлекеттік шекараның өту желісінiң сипаттамалары әрбiр тараптың тiлдерiнде жасалуға тиiс.
Халықаралық мiндеттемелердi, сондай-ақ ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламада:
мемлекеттік шекараның барлық периметрлерi бойынша Қазақстан Республикасының шекара маңындағы белдеулерiнде аэротүсiрiлiмдер орындау және масштабы 1:25000-тен 1:200000-ге дейiнгi топографиялық қарталарды жаңарту және оларды шектес мемлекеттермен келiсу;
топографиялық карталарды жаңартудың басты геодезиялық негiзi болып табылатын шекара аймақтарындағы геодезиялық пункттердi зерттеу және қалпына келтiру;
мемлекеттік шекараның барлық периметрлерi бойынша Қазақстан Республикасының шекара маңындағы белдеулерiнде 100 километрге дейiнгi белдеулердi картографиямен жабу шартымен топографиялық карталарды жаңарту көзделедi.
3. Картографиялық жұмыстар, географиялық атаулар
және геоақпараттық жүйелер
Әлемдiк практикада жедел геодезиялық қамтамасыз етудiң неғұрлым перспективалық бағыттарының бiрi аэроғарыштық түсiрiлiм, әртүрлi деңгейдегi және мақсаттағы геоақпараттық жүйе материалдары бойынша топографиялық карталар дайындау мен жаңартудың цифрлық технологияларын жасау болып табылады. Оларды енгізу дәстүрлi геодезиялық және картографиялық өлшемдердiң көптеген түрлерiн алып тастауға, едәуiр қысқартуға және оңайлатуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi заманғы талаптарды iске асыру мақсатында Бағдарламамен:
қазiргi заманғы технологиялық процестер мен техникалық құралдарды өндiрiске енгізу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
бейнеленетiн аумақтың қазiргi заманғы жай-күйiне және мемлекеттік топонимикаға жауап беретiн картографиялық өнiмдер шығару жөніндегі мiндеттердi шешу;
цифрлық технологиялар негізiнде мемлекеттік топографиялық, тақырыптық карталарды дайындау және шығару;
Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын электрондық көздерде жасау және жүргiзу;
1:25000 және 1:50000 масштабтағы цифрлық топографиялық карталардың, сондай-ақ қалалардың жоспарларын жасау тұжырымдамасын және кезектiлiгiн әзiрлеу;
мемлекеттік мақсаттағы жұмыстарды орындау үшiн цифрлық картографиялық өнiмдердi бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз етудiң бiрыңғай технологиясын әзiрлеу;
геоақпараттық жүйе жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың қажетiн бiрыңғай картографиялық негiзбен қамтамасыз ету көзделген.
4. Мемлекеттік реттеу, қадағалау және лицензиялау
Республиканың нарықтық экономикаға көшуi қалалардың және басқа елдi мекендердiң аумақтарында iрi ауқымдағы топографиялық және арнаулы кадастрлық түсiрiлiмдер, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн есепке алу, құқықтарды және олармен мәмiлелердi тiркеу, салық жинау үшiн кадастрлық түсiрiлiмдер жүргiзуге арналған сұранысты ұлғайтты.
Осыған байланысты топографиялық және басқа арнаулы түсiрiлiмдер материалдары, жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерiн және объектiлердiң көлемiн тiркейтiн, оларды орындаудағы техникалық кемшiлiктер сот талқылауының нысанасы болатын құжаттар, заң тұрғысынан барған сайын маңызды сапаға ие бола түсуде.
Қазiргi кезде барлық қалалар мен елдi мекендердің топографиялық карталары iс жүзінде жаңартылуға тиiс. Соңғы топографиялық түсiрiлiмдер 1980 жылы орындалды және бүгiнгi күнi жергiлiктi жердiң шын мәніндегі жай-күйіне сәйкес келмейдi. Бұдан басқа, қалаларда координаттардың бiрнеше жүйесі пайдаланылады, олар бiр-бiрiне дәл емес, теңдестiрiлмеген және өзара келісілмеген, бұл бiрыңғай дәл координаттық кеңiстiк қалыптастыруға мүмкiндiк бермейдi.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру жөнiндегі қызметтi қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң жұмысын бақылау мақсатында Бағдарлама аэротүсiрiлiмдiк, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды есепке алуды және тiркеудi көздейдi.
5. Құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердi жетiлдiру
Өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаратын жаңа технологияларға көшуге байланысты геодезиялық және картографиялық жұмыстардың дәстүрлi әдiстерiн көрсететiн қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта өңдеп, қазiргі заманғы технологияларға сай келетiн жаңасын әзiрлеу керек.
6. Халықаралық ынтымақтастық
Бағдарламамен:
бұрын қол қойылғандарын iске асыру және жаңа халықаралық келісімдер жасасу;
геодезиялық және картографиялық қызмет үшiн тағылымдамадан өту және кадрлар даярлау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Халықаралық геодезистер федерациясының, Халықаралық фотограмметрия және қашықтықтан зондтау қоғамының, Халықаралық картография қауымдастығының жұмыстарына қатысуға ұсыныстар дайындау;
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Көп жақты сауда-экономикалық бағдарламасының шеңберiнде жер сiлкiнiсiн болжау мақсатында жер қыртысының қозғалысын зерделеу саласындағы ынтымақтастық;
Азия және Тынық мұхит өңiрлерi елдерiнiң ГИС-инфрақұрылым бойынша тұрақты комитетiнiң жұмысына қатысу;
БҰҰ-ның Географиялық атаулар жөніндегі сарапшылар тобының жұмысына қатысу көзделген.
7. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету 2005-2007 жылдардағы iс- шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде Бағдарлама әкiмшiсiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қажеттi қаржы шығыны барлығы 675,9 млн. теңгенi, соның iшiнде жылдар бойынша: 2005 жылы - 214,4 млн. теңгенi, 2006 жылы - 225,1 млн. теңгенi, 2007 жылы - 236,4 млн. теңгенi құрайды.
2006-2007 жылдарға арналған шығыс көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру геодезия және картография саласындағы жағдайды тұрақтандыруға және мемлекеттік билiк органдарының, экономика, ғылым және қорғаныс салаларының қажеттерiн қазiргi заманға сай және тиiмдi картографиялық-геодезиялық қамтамасыз етуге негiз қалайды.
Бағдарламаның iс-шараларын 2005-2007 жылдары iске асыру мынадай жағдайларды:
республика аумағында барлығы 10% аэроғарыштық түсiрiлiмдер орындауды;
мемлекеттік геодезиялық желiлер пункттерiнiң жалпы санының 10%-ын зерттеудi және қайта жаңартуды;
масштабтық қатарлардың мемлекеттік топографиялық карталарының парақтары номенклатурасы санының 10%-ын жаңартуды, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының iрi масштабты жоспарларын жаңартуды;
жер қыртысының тектоникалық деформациялануын зерделеу үшiн Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында геодинамикалық полигондар құруды;
масштабтық қатардың мемлекеттік топографиялық карталары парақтарының номенклатура санының 9%-ын жасауды, шығаруға дайындауды және шығаруды, сондай-ақ цифрлауды;
республиканың барлық облыстарына Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасау жөнiнде жұмыстарды аяқтауды;
шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара периметрi бойынша топографиялық карталарды жаңартуды;
қазiргі заманғы техникалар мен прогрессивтiк технологиялар қолдануды;
топографиялық-геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк айқындаудың дербес әдiстерiне көшiрудi;
жоғары дәлдiктегi геодезиялық жерсерiктiк желi жасауды қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны ойдағыдай iске асыру мемлекеттiң экономикасын, оның қорғанысын, ғылымын, білімiн халықаралық талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз етуге, саланың өндiрiстiк қуаттарын жаңғыртуға, прогрессивтiк технологияларды енгізуге ықпал ететiн болады.
Қазақстан Республикасында Геодезияны және
картографияны дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзiмi | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржылан- дыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Аэроғарыштық түсiрілiм және топографиялық-геодезиалық жұмыстар |
1. | Топография- лық карталардың мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту үшiн аэроғарыш- тық түсiрілім- дердi орындау | Қазақ- стан Респуб- ликасы-ның Үкiме- тіне ақпарат | ЖРА, ТЖМ, БҒМ, Қорғаныс-минi | жыл сайын қаңтар | 219772 2005 ж. - 69714 2006 ж. - 73199* 2007 ж. - 76859* | Республи -калық бюджет |
2. | Жоғары дәлдiктегi геодезиялық жерсерiктiк желiлер салу жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб- ликасы-ның Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
3. | Геодезиялық желiлердi зерттеу, қалпына келтiру және қайта жаңарту | Қазақ- стан Респуб-ликасы-ның Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | 77068 2005 ж. -24447 2006 ж. -25669* 2007 ж. -26952* | Республи- калық бюджет |
4. | Топография- лық-геоде- зиялық өндiрiстi жерсерiктiк айқындаудың дербес әдiстерiне және компьютер- лiк әрi цифрлық технология-лық өндiрiстік схемаларға көшiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
5. | Координат- тардың жоғары дәлдiктегi бiрыңғай геодезиялық жүйесiн жасау және орнату әрi оны қазiргi заманғы және перспекти- валық талаптар деңгейінде ұстау жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
6. | Базалық масштабтар-дың топография-лық карталарын мерзімдiк жаңарту бойынша Қазақстан Республика-сының аумағын аудандарға бөлу схемасын нақтылау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тіне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | Талап етілмейдi | |
7. | Топография-лық карталардың мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА, Қорғаныс-минi | жыл сайын қаңтар | 93248 2005 ж. -29579 2006 ж. -31058* 2007 ж. -32611* | Республи- калық бюджет |
8. | Қалалардың iрi масштабты топография-лық жоспарларын жасау және жаңарту жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тіне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
9. | Қазақстан Республика- сының нивелирлiк желiсін дамыту және жаңғырту жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IҮ тоқсан | | |
10. | Мемлекеттік iргелi гравимет- риялық желіні дамыту жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
11. | Қазақстан Республика-сының мем- лекеттiк шекара желісінiң өтуiн тек- серудi, сондай-ақ теңiз кеңiстігі- нің делими- тациялануын геодезия- лық, карто- графиялық, топография-лық және гидрогра- фиялық қамтамасыз етуi жөнін- де ұсыныс- тар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
12. | Геодинами- калық зерттеу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | 127724 2005 ж. -40515 2006 ж. -42541* 2007 ж. -44668* | Республика-лық бюджет |
13. | Бұрынғы полигондар-дың аума- ғын ауыл шаруашылық картогра- фиялауды қамтамасыз ету жөнін- де ұсыныс- тар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы ІІ-ІҮ тоқсан | | |
14. | Ғарыштық кешен ресурстарын картогра- фиялау мақсаттары үшін пайдалану | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | Талап етiлмейдi | - |
2. Картографиялық жұмыстар, географиялық атаулар және геоақпараттық жүйе |
15. | Мынадай картогра- фиялық жұмыстарды: мемлекеттік топография-лық, тақы- рыптық карталарды шығаруға дайындау, цифрлау, карталарды шығару | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тіне ақпарат | ЖРА, Қорғаныс-минi | жыл сайын қаңтар | 71322 2005 ж. -22624 2006 ж. -23755* 2007 ж. -24943* | Республика-лық бюджет |
16. | Қазiргi заманғы технология- лық процес- тер мен техникалық құралдарды өндiрiске енгізу жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тіне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
17. | География- лық атау- лардың мемлекеттік каталогын жасау және жүргізу | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА, БҒМ | жыл сайын қаңтар | 56717 2005 ж. -17991 2006 ж. -18891* 2007 ж. -19835* | Республика-лық бюджет |
18. | 1:25000 және 1:50000 масштабтағы цифрлық топография-лық карталар, қалалардың цифрлық жоспарларын жасаудың тұжырымда- масын және кезектiлі- гін әзiрлеу | ЖРА бұйрығы | ЖРА, Қорғаныс- минi | 2007 ж. IY тоқсан | Талап етiлмейдi | - |
19. | Цифрлық карталар негiзiнде өнiмнiң жаңа түрле- рiн жасау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | Талап етiлмейдi | - |
20. | Бағдарлама-лық-ақпа- раттық қамтамасыз етудiң бiрыңғай технология- ларын жа- сау, цифр- лық карто- графиялық өнiмдер жасау және пайдалану | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | Талап етiлмейдi | - |
21. | Топография- лық-геоде- зиялық және карто- графиялық жұмыстар өндiрiсi нәтижесінде пайда болған материалдар мен құжат- тарды мемлекеттік есепке алу, сақтау, сақталуын қамтамасыз ету | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкіме- тiне ақпарат | ЖРА, Қорғаныс-минi | жыл сайын қаңтар | 30080 2005 ж. -9542 2006 ж. -10019* 2007 ж. -10519* | Республи- калық бюджет |
3. Мемлекеттік реттеу, қадағалау және лицензиялау |
22. | Геодезия- лық және картогра- фиялық қызмет субъектi- лерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi және бақылауды жетілдіру | ЖРА бұйрығы | ЖРА | 2005 ж. III тоқсан | Талап етілмейдi | - |
4. Құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдіру |
23. | Геодезия және картография саласында құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттар, нұсқаулық- тар әзiр- леу жөнiн- де ұсыныс- тар дайындау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
5. Халықаралық ынтымақтастық |
24. | Бұрын қол қойылған- дарын iске асыру және жаңа халық- аралық келісімдер жасасу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | | |
25. | Тағылымда- мадан өту және сала үшін кадрлар даярлау жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
26. | Халықаралық симпозиум- дар, кон- ференция- лар, семи- нарлар жұмыстарына қатысуға ұсыныстар дайындау | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ұсыныс | ЖРА | 2005 жылғы II-IY тоқсан | | |
27. | Жер сiлкi- нiсiн болжау мақсатында жер қырты- сының қозғалысын зерделеу саласындағы ынтымақ- тастық | Қазақ- стан Респуб-лика- сының Үкiме- тiне ақпарат | ЖРА | жыл сайын қаңтар | Талап етiлмейдi | - |
| Барлығы | | | | 675931 2005 ж. -214412 2006 ж. -225132* 2007 ж. -236387* | |
Ескерту: * - бюджеттік қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорғанысминi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі