Мұнайды магистральды мұнай құбырлары арқылы тасымалдау шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы 46 млн. тонна көлемінде, 2009 жылы 46,7 млн. тонна, 2010 жылы 47,68 млн. тонна көлемінде жоспарланып отыр. Мұнай тасымалдаудың жоспарланып отырған көлемі нарықтық жағдайлар конъюнктурасы мен көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, Республикада мұнай өндірудің болжамды деңгейі негізінде айқындалған.
Шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы - 4,4 млн. тонна, 2009 жылы - 4,5 млн. тонна, 2010 жылы - 4,2 млн. тонна мұнайды теңіз арқылы тасымалдау жоспарланып отыр.
Магистральдық газ құбырлары арқылы шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы - 131 млрд. текше м., 2009 жылы - 133 млрд. текше м., 2010 жылы - 130,89 млрд. текше м. деңгейінде табиғи газ тасымалдау жоспарланып отыр.
Газ сату көлемі шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 4,34 млрд. текше м., 2009 жылы - 4,41 млрд. текше м., 2010 жылы - 3,95 млрд. текше м. деңгейінде жоспарланып отыр.
Көмірсутегі шикізатын өңдеу шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 5,9 млн. тонна, 2009 жылы - 6,1 млн. тонна, 2010 жылы - 6,23 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр.
Компания кірістерінің шоғырландырылған болжамды көрсеткіштері 2008 жылы 1 086,87 млрд. теңге, 2009 жылы - 1 124,19 млрд. теңге, 2010 жылы - 1 124,19 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдар кезеңінде шығыстардың шоғырландырылған көрсеткіштері мынадай деңгейде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 731,93 млрд. теңге, 2009 жылы - 760,93 млрд. теңге, 2010 жылы - 760,93 млрд. теңге.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша Компания 2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерде шоғырландырылған таза кіріс алуды жоспарлап отыр: 2008 жылы - 163,81 млрд. теңге, 2009 жылы - 164,26 млрд. теңге және 2010 жылы - 158,3 млрд. теңге.
2008-2010 жылдар ішінде Компания мемлекеттік бюджетке ірі салық төлеушінің позициясын сақтайды. 2008-2010 жылдар кезеңінде бюджетке болжамды төлемдер 546,34 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 175,32 млн. теңге, 2009 жылы - 185,51 млн. теңге, 2010 жылы - 160,50 млн. теңге.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ
Инвестициялық басымдықтары мен даму бағыты отын-ядролық циклдың барлық сатыларына қатысатын тігінен интеграцияланған компанияны құруға бағдарланған.
2008-2010 жылдарға арналған жоспарланып отырған кезеңде жаңа өндірістерді құру, негізгі құралдарды одан әрі жаңалау және әлемдік нарықтарда ұстанымын бекіту есебінен жұмыстың тұрақты және серпінді режиміне шығу басым міндет болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған өндірістік мүмкіндіктер мен әлемдік нарықтарда әрбір өнім бойынша сұранысын сараптай келе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Компания) дамудың мынадай басымдықтарын айқындайды:
Табиғи уран өндірісінде:
1) қолданыстағы кен орындарында уран өндіру көлемдерін өрістету:
«Шығыс Мыңқұдық» жылына 1000 тоннаға дейін;
- Қанжуған кен орнының жылдық өнімділігі жылына 300 тонна, 2010 жылы жобалық қуатына шығуымен;
2) кен орындарында жаңа кеніштерді салу және кеңейту:
«Ыңғай» КАМЕКО компаниясымен (Канада) бірлесіп;
«Мойынқұм» және «Төртқұдық» Кожема-Аревамен (Франция) бірлесіп;
«Заречное» Ресей Федерациясы Атомминімен және КГРК-мен бірлесіп;
«Иіркөл» қуаты жылына 750 тонна;
«Хорасан 1,2» Marubeni корпорациясы құрылтайшысы болып табылатын UrAsia London Limited және Energy Asia бірлесіп, Tokoy Elektrik Power Company (ТЕРСО) және Chubu Elektrik Power Co., Ink, (Chubu) энергетикалық компанияларымен бірлесіп 2014 жылға қарай толық көлеміне шығуымен - жылына 5000 тонна уран;
«Орталық Мыңқұдық» - қуаты жылына 2000 тонна;
«Оңтүстік Ыңғай» - қуаты жылына 2000 тонна;
«Батыс Мыңқұдық» - жапонияның «Сумитомо» және «Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк.» компанияларымен бірлесіп қуаты жылына 1000 тоннаға дейін 2010 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығумен кеніш құрылысын салу;
«Буденовское» - Ресей Федерациясының Атомминімен бірлесіп жиынтық қуаты жылына 4 000 тонна 2009 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығуымен;
«Семізбай» қуаты жылына 500 тонна;
3) табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту.
«ҮМЗ» АҚ уран өнімін өндіруде:
1) уран диоксидінің ұнтақтарымен (табиғи байытылған және төмен байытылған) және PWR BWR CANDU реакторларына және Ресейден тыс жерлердегі ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларымен сыртқы нарықтарға (Жапония, Қытай, Еуропа, Оңтүстік Корея, Украина, Канада, АҚШ) шығу;
2) құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған таблеткаларға дейін қайта өңдеу қызметтері УГФ бар ресейлік уран нарығында өз позициясын сақтау;
3) құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік нарығындағы монополист позициясын сақтау;
4) ХКПУ қайта өңдеу бойынша уранның тотықша-тотыққа дейін тікелей фторлауға жарамды қызмет көрсету рыногында өз позициясын сақтау;
5) Cameco (Канада) Компаниясының технологиясы бойынша «ҮМЗ» АҚ-да уран гексофторидін конверсиялау бойынша зауыт салу.
Уран өнімін өндіруде жаңа бағыт Ресей Федерациясының аумағында уранды байыту бойынша зауыт құрылысын салуға қатысумен іске асырылатын болады.
Бериллий өнімін өндіруде:
1) Қытай нарығына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
2) АҚШ нарығында «ҮМЗ» АҚ үлесін ұлғайту;
3) дәстүрлі нарықта (Ресей, Еуропа) қол жеткен позицияларды нығайту;
Тантал-ниобий өнімін өндіруде:
1) өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық өнімдерді шығару бойынша өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру:
сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару.
Энергия ресурстарын өндіруде:
1) Маңғыстау облысының дамуымен негізделген өңірдің энергия ресурстарына арта түсіп отырған сұранысын қамтамасыз ету;
2) Энергия ресурстарын өткізудің жаңа рыноктарын жеңіп алу, компанияның коммуналдық қызмет көрсету нарығында позициясын дамыту;
3) Энергия ресурстарын өндіру және газды тасымалдау бойынша негізгі бизнестің технологиялық, құрылымдық және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету;
4) Инновациялық үдерістерді белсендіру, қызмет көрсетудің және ИСО сапа стандарттарының жүйесіне көшуді қоса отырып газ тарату желілерін авариясыз пайдаланудың сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми әзірленімдерді пайдалану және жаңа технологияларды енгізу:
5) өндірісті техникалық қайта жарақтандыруға, негізгі энергетикалық жабдықтарды жаңалауға және жаңғыртуға, сондай-ақ технологияларды жетілдіруге бағытталған инвестициялық бағдарламаны орындау жолымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС орнықты дамуын қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерлерде:
2008 жылы - 64 013,9 млн. теңге;
2009 жылы - 70 932,6 млн. теңге;
2010 жылы - 90 792,1 млн. теңге шоғырландырылған таза кіріс алу жоспарланып отыр.
Бюджетке салықтар сомасы және басқа да міндетті төлемдер 2008 жылы 35 719,0 млн. теңгені, 2009 жылы - 39 874,7 млн. теңгені және 2010 жылы 50 314,5 млн. теңгені құрайды.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) қызметінің негізгі мақсаты елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасы демпингінің алдын алу, астық өткізу нарықтарын кеңейту.
Корпорация 2008 жылы 38 158,8 млн. теңге мөлшерінде жалпы кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 8 995,8 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен түсетін кіріс - 29 530,5 млн. теңге.
2008 жылға арналған жалпы шығыстар 38 205,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 8 980,5 млн.теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 29 224,6 млн.теңге.
Корпорация 2008 жылы 321,2 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс - 305,9 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан - 15,3 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасы Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
Корпорация 2008 жылы барлығы 350 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аударуды жоспарлап отыр.
2009 жылға арналған жалпы кірістер 40 734,6 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 9 535,5 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 31 199,1 млн. теңге.
2009 жылға арналған жалпы шығыстар 40 391,0 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 9 519,3 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 30 871,7 млн. теңге.
2009 жылы Корпорация 343,6 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс 327,4 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан - 16,2 млн. теңгені құрайды.
2009 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасын Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
2009 жылы барлығы 370 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аудару жоспарланып отыр.
2010 жылға арналған жалпы кірістер 43 178,7 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 10 107,7 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 33 071,0 млн. теңге.
2010 жылға арналған жалпы шығыстар 42 815,2 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 10 091,2 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 32 724,0 млн. теңге.
2010 жылы 363,4 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарланып отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түскен таза кіріс 347,0 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан - 16,5 млн. теңгені құрайды.
2010 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасы Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
2010 жылы бюджетке аударылатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің болжамды сомасы шамамен 391 млн. теңгені құрайды.
2008-2010 жылдардың болжамды көрсеткіштерін талдағанда 2010 жылы тұтастай Корпорация бойынша таза кірістің 2008 және 2009 жылдармен салыстырғанда тиісінше 13,1 % және 5,8 % өскенін атап көрсету керек. Бұл өсу ең бірінші кезекте, үлкен дәрежедегі болжанып отырған сату бағасының өсуімен, сондай-ақ халықаралық әрі ішкі нарыққа да астық сату көлемінің ұлғаюымен де, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруға қарыз беруден кірістердің өсуіне де байланысты болып отыр.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның (бұдан әрі - Компания) стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту, ақпараттандыру және «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары саласында ұлттық оператор функциясын іске асыру болып табылады.
Компанияның 2008 жылға арналған негізгі мақсаты «электронды үкіметті» құру үшін базалық инфрақұрылымды қалыптастыру мен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің орнатуына жәрдемдесу болып қала береді.
2008 жылдан бастап 2010 жыл бойынша кезеңде республикалық бюджеттен тікелей түсімдер болжанып отырған жоқ. «Электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстардың бәрі шарттық негізде жүзеге асырылады.
Компанияның 2008 - 2010 жылдарға арналған дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы қызмет көрсету көлемінің жыл сайынғы өсуін, Компанияның таза кірісінің ұлғаюын көздейді.
Болжам бойынша таза кірістің сомасы 2008 жылы 43 млн. теңгені, 2009 жылы - 52,6 млн. теңгені, 2010 жылы - 60,5 млн. теңгені құрайды.
Компания мемлекеттік акциялар пакетіне таза табыстан 30 % мөлшерінде:
2008 жылы - 12,9 млн. теңге;
2009 жылы - 15,8 млн. теңге;
2010 жылы - 18,2 млн. теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Таза кірістің қалған бөлігі өткен жылдардың шығындарын өтеуге жібереді.
Компания 2008, 2009 және 2010 жылдары салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жылдарға сәйкес түрде 416 млн. теңге, 450 млн. теңге, 476,5 млн. теңге сомасында төлеуді жоспарлап отыр.
«Қазпочта» АҚ
Коммерциялық мақсаттар
2008-2010 жылдары негізгі мақсат оларды іргелі орналастыру, техникалық нығайту мен ақпараттық-коммуникациялық және банктік жабдықтармен жарақтандыру жолымен почта байланысы бөлімшелерінің бөлшек желілерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл мына міндеттердің орындалуын болжамдайды:
деңгейі бойынша күрделі және ақпараттық технологиялық орналастырылуының сапалы негізінде почта-байланыс қызметінің стандарттық тізбесін ұсынуға мүмкіндік беретін қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде өңірлік жүйені дамытуға қаржыландыру көздерін жұмылдыру;
«электрондық үкімет» жүйесіне қосылу үшін, теле- және ақпараттық қызмет көрсетуді, кредиттер мен тұрғын үй жинақтауларын дамыту есебінен почта байланысының жаңадан орналастырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет аясын кеңейту;
ұсынылатын почта-жинақтау қызметінің почта жіберілімдерінің жиілігін облыстық филиалдардан аудан орталықтарына дейін - аптасына 5 ретке дейін, аудан орталықтарынан ауылдық байланыс бөлімшелеріне дейін - аптасына 3 ретке дейін, сондай-ақ өңірлік желілер мен магистралдық бағыттардың оңтайландырылуын көздейтін почта жіберілімдерінің мерзімін тұтастай магистралды бағыттар бойынша «күн+4» дейін ұлғайтуды қоса алғандағы сапасын арттыру.
2008-2010 жылдары мезеттік почта аударымдары, курьерлік қызмет көрсетулер нарығында және мына іс-шараларды іске асыру жолымен коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдердің үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады:
Аударым операциялары бойынша - «Почта аударымдары» КИС модулін енгізуді аяқтау жолымен үдерістерді 15,4% дейін автоматтандыру есебінен; ақша аударымдары нарығында бәсекеге қабілетті тарифтерді бекіту; алыс шет елдермен ақша аударымдармен алмасуды кезең-кезеңімен кеңейту.
Коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдер бойынша - белсенді жарнамалық саясат жүргізу жолымен қызмет көрсетуге жаңа корпоративтік клиенттерді тарту есебінен 25% дейін; халық пен заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін ірі почта байланысы бөлімшелерінде «Электронды кезек» жүйелерін кезең-кезеңімен орнату жолымен ПББ-да қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ барлық облыс және аудан орталықтарында «Төлемдерді қабылдау» КИС модулін енгізу.
Мерзімді басылымдар бойынша - киоскілік желіні дамыту бойынша жобаны енгізу жолымен 86% дейін.
Курьерлік қызмет бойынша - ЕМS жөнелтілімдерін қабылдау пункттерін ұлғайту есебінен 17 % дейін; ЕМS жөнелтілімдерін қадағалау жүйесін одан әрі орнату жолымен сапасын арттыру.
Коммерциялық емес мақсаттар
«Қазпочта» АҚ көрсететін қызмет аясының кеңдігін, почта байланысы желісінің ауқымдылығын ескере келе корпоративті ақпараттық жүйеге интеграцияланған шығындарды жеке есептеу жүйесін автоматтандыру жолымен деректердің орталықтандырылған бірыңғай базасын кезең-кезеңімен құру жоспарлап отыр.
2008-2010 жылдары почта байланысы қызметтері бойынша 2007 жылдың күтіліп отырған деңгейіне қатысты төлемдік почта алмасуды 255,9 бірлікке дейін немесе 11,4% ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы мыналар Компания қызметінің аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. Жиынтық кірістердің жоспарланып отырған деңгейі 17 051,3 млн. теңгені құрайтын болады, бұл кірістердің почта қызметтерінен 18,7%-ға, қаржы қызметінен 17,6%-ға өсуінің нәтижесінде 2007 жылғыдан 23,3 %-ға жоғары. Жиынтық шығыстар 16 751,2 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр, өсім 2007 жылмен салыстырғанда 19,0%-ды құрады. Таза кіріс 300,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 3,4%-ға жоғары.
2009 жылы бұл көрсеткіштер мынадай мөлшерлерде жоспарлануда: жиынтық кіріс - 17 944,6 млн. теңге, жиынтық шығыс - 17 554,5 млн. теңге, таза кіріс - 390,1 млн. теңге.
2010 жылы жоспарланған таза кіріс - 564,7 млн. теңге.
Таза кірістің есімі 2008 жылы өткен жылға қарағанда 3,4 % пайыз мөлшерінде, 2009 жылы - 30,0 %, 2010 жылы - 44,8 % жоспарлануда.
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ-ның (бұдан әрі - Компания) алдағы кезеңде іске асыруы тиіс негізгі мақсаттары - бұл қызметтің барлық түрлерін, ыңғайлы тариф саясатын қолдана отырып әр сегментінде бірегей ұсыныстарды ұстанымдаудың клиенттік бағдарланған компаниясына айналдыру;
берік және ұзақ мерзімді бәсекелесті инновациялық басымдықтармен бірге Орталық Азия нарығында көшбасшылық ұстанымды сақтау және нығайту;
әлемнің жетекші операторларының стандарттарына сәйкес келетін халықаралық нарықтың толыққанды ойыншысы болып қалыптасу;
жоғары рентабельділік пен қаржылық тиімділік есебінен Компанияның инвестициялар үшін тартымдылығын ұлғайту;
«Қазақтелеком» АҚ-ның акционерлік құнын ұлғайту.
Болжау деректеріне сәйкес Қоғам бойынша көрсетілетін қызметтердің кірісі 2008 жылы 148 027,3 млн. теңгені, 2009 жылы - 166 194,3 млн. теңгені, 2010 жылы 177 827,9 млн. теңгені құрайды.
Таза пайда 2008 жылы 28 577,9 млн. теңге, 2009 жылы - 31 029,6 млн. теңге, 2010 жылы - 31 960,5 теңге деңгейінде жоспарланып отыр. Салықтар сомасы мен мемлекеттік бюджетке міндетті басқа да төлемдердің мөлшері 2008 жылы - 25510 млн. теңге, 2009 жылы - 31 465 млн. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
Компанияның инвестициялық саясатының инновациялық сипаты бар және жетекші әлемдік байланыс өндірісшілерінің ең жаңа технологиялары негізінде осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағынның транзитін молайтуға бағытталған.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар желісін жаңарту мен дамытудың мынадай басым бағыттарына негізделген:
салынған ұлттық ақпараттық супермагистралдан, жергілікті желілерді цифрландырудан тұратын ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды техникалық жетілдіруді жалғастыруға;
жергілікті телекоммуникациялар желісін, соның ішінде ауылдық желілерді жаңғырту және дамытуға;
деректер беру желісін дамытуға;
операциялық қызмет пен бизнесті басқару сапасын арттыруға бағытталған, сондай-ақ жаңа электрондық қызметтерді енгізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды (АТ) дамытуға;
коммерциялық жобаларды дамытуға.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ
Компанияны дамытудың негізгі мақсаттары:
жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
саланың сапалы, одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық және техникалық деңгейге көшуі;
Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жолымен транзиттік тасымалдар көлемін арттыру;
жүктемесі көп учаскелерді электрлендіруді жүргізу;
темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау;
қаржылық тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания мынадай міндеттерді шешуді көздеп отыр:
негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту;
барлық ақпарат ағындарын біріктіретін және тасымалдау процесі туралы барлық деректерді шоғырландыратын бірыңғай ақпараттық желі құру;
өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
жүктерді шекаралас елдердің темір жол учаскелерін пайдаланбай ел аумағымен барынша қысқа бағыттар бойынша тасымалдауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ табиғи ресурстардың перспективалы кен орындары мен жаңа өндірістік орталықтарды игеру, ұлттық экономиканың ауданаралық көлік байланыстарын ұтымды ету, жаңа көліктік бағыттар мен транзиттік дәліздер құру сияқты маңызды міндеттерін шешу үшін жаңа темір жол желілерін салу;
қабылдау-өткізу пункттерін жақсарту және дамыту;
темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, шығыстарды оңтайландыру.
Жүк тиеу көлемінің ұлғаюы есебінен болжамды жүк айналымы 2008 жылы 2007 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,8%-ға ұлғайып, 205 836 млн. т-км құрайды.
Жүк тиеу көлемінің ұлғаюы есебінен болжамды жүк айналымы 2009 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 214 120 млн. т-км құрайды.
Болжамды жүк айналымы 2010 жылы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 %-ға ұлғайып, 221 651 млн. т-км құрайды.
Болжамды жолаушылар айналымы 2008 жылы 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 %-ға ұлғайып, 14 998 млн. т-км құрайды.
Болжамды жолаушылар айналымы 2009 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 %-ға ұлғайып, 15 028 млн. т-км құрайды.
Болжамды жолаушылар айналымы 2010 жылы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 %-ға ұлғайып, 15 058 млн. т-км құрайды.
Кірістер биылғы жылы 452,1 млрд. теңге сомасында болжануда, 2007 жылғы деңгейге қарағанда өсу - 8,2%, бұл жұмыс көлемінің өсуімен негізделген. Соның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидия 9,85 млрд. теңге мөлшерінде болжанып отыр (2006 - 2007 жылдар деңгейінде).
Шығыстар 2008 жылы 417,9 млрд. теңге сомасында болжануда, 2007 жылға қарағанда өсу 7,7%.
Жиынтық пайда 2008 жылы 21,23 млрд. теңге сомасында болжануда, 2007 жылға қарағанда өсу 12,5%-ды құрайды.
2009 жылы 499,83 млрд. теңге сомасында кіріс алу болжануда, соның ішінде мемлекеттік субсидиялар - 10,54 млрд. теңге. 2008 жылғы деңгейге қарағанда кірістің болжамды ұлғаюы 10,6%-ды құрайды.
Шығыстар 2009 жылы 463,69 млрд. теңге сомасында болжануда, 2008 жылға қарағанда өсу - 10,9%.
Жиынтық пайда 2009 жылы 21,3 млрд. теңге сомасында болжануда, 2008 жылға қарағанда өсу 0,3%.
2010 жылы барлығы 547,86 млрд. теңге сомасында кіріс алу болжануда, соның ішінде мемлекеттік субсидиялар - 11,28 млрд. теңге. Кірістердің 2009 жылғы деңгейге қарағанда болжамды ұлғаюы 9,6%-ды құрайтын болады.
Шығыстар 2010 жылы 509,27 млрд. теңге сомасында болжануда, 2009 жылғы деңгейге қарағанда өсу - 9,8%.
Жиынтық кіріс 2010 жылы 22,94 млрд. теңге сомасында болжануда, 2009 жылғы дейгейге қарағанда өсу - 7,7%.
Компанияның инвестициялық қызметінің стратегиялық басымдықтарын анықтау мына негізгі қағидаттар базасында жүзеге асырылды:
еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін прогрессивтік және үнемділігі жоғары инженерлік іс-шараларды енгізу, пайдалану шығыстарын төмендету және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру;
ұсынылып отырған күрделі қаржы салымдарының негізделуіне баға беру;
инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;
оларды енгізу әсері тұтастай республика экономикасының ауқымында бағаланатын жалпы салалық және әлеуметтік мәні бар сипаттағы инвестициялық жобалар.
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) қызметінің мақсаты шығарылатын өнімді әртараптандыру, кәсіпорындардың станок паркін жаңарту, ішкі нарықты өз өндірісінің өнімдерімен толтыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру, Компания кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу жолымен, Қазақстан Республикасының қарулы күштері, мұнайгаз, теміржол және басқа да кешендер үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер үлесін ұлғайту және экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу:
кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану,
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу;
мемлекеттік инвестицияларды, сондай-ақ шетелдік, отандық компаниялардың инвестицияларын тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;
франчайзинг және мемлекетаралық, кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өндірілетін өнімнің көлемін 11386,89 млн. теңгеге ұлғайту жоспарлануда, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 102 %-ды құрайды.
2009 жылы өнім өндіру 13 005,00 млн. теңге көлемінде жоспарлануда, бұл 2008 жылғыға қарағанда 114 %-ды құрайды.
2010 жылы өндірілетін өнім көлемі 15 740 млн. теңге көлемінде жоспарлануда, бұл 2009 жылғыға қарағанда шамамен 121%-ды құрайды.
2008-2010 жылдар кезеңінде Компания орташа өсу қарқыны 8-10 % болған жағдайда өзінің кіріс базасын серпінді үдету міндетін қойып отыр. 2008 - 2010 жылдар бөлінісінде Компания кіріс түсіруді жоспарлауда:
2008 жылы Компания кірісінің деңгейі 14 356,961 млн. теңгеге өседі деп болжануда, бұл 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 9 %-ды құрайды;
2009 жылы Компанияның кіріс базасы 15 949,181 млн. теңге деңгейіне жететін болады, бұл 2008 жылғы өсудің 11%-н құрайды;
2010 жылы Компания кірісінің деңгейі 17 544,00 млн. теңгеге өседі, бұл 2008 жылғы деңгейге қарағанда 10%-ды құрайды.