Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 101 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 224-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Коммуналдық қызметтер саласындағы қатынастарды жетілдіру» деген 3-кіші бөлімде:
5-бағандағы реттік нөмірі 3.1-жолдағы «2007 жылғы III тоқсан» деген сөздер «2008 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |