Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1517 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім гранты туралы ережелерде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік білім гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде бөлінеді.
«Алтын белгі» белгісімен марапатталған оқушылар мемлекеттік білім грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңімпаз болып табылатын пәніне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік білім гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Қабылдау емтихандарын тапсырмай білім грантының берілгендігі туралы куәлікті алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді.«.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Токаев |