Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Ереженi
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың қызметiне байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары әуе кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі ведомстволық нормативтiк актілерін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Ережеге сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 28 ақпандағы
№ 285 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн
пайдалану туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, мемлекеттiң мүддесiн қорғау мен сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың қызметiне байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу мақсатында әзiрлендi.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Заң күшi бар Жарлығымен, осы Жарлықпен белгiленген құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар шығарған құқықтық нормативтiк актiлермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялармен және шарттармен реттеледi.
Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың өзге ережелерiн көздейтiн Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдылыққа ие және халықаралық шарттан, оның қолданылуы заң шығаруды талап еткен жағдайлардан басқа да тiкелей қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың бәрiне әуе тасымалы мен аэронавигациялық қызмет көрсету үшiн пайдалану үшiн оның қай мемлекетке жататынына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, лицензиялық және аэронавигациялық алымдар түріндегі ақы төлеумен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетулер үшiн ставкалар мен алымдар мөлшерi және аэронавигациялық алымдарды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардан аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн ақы алу тәртібі туралы қолданылып жүрген Ережеге, аэронавигациялық ақпарат жинағына (АIР) және қолданылып жүрген аэронавигациялық ақпарат Циркулярына (АIС) сәйкес белгiленедi.
4. Ұшуларды мынадай жағдайларда орындағанда Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардан аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн ақы алынбайды:
қатер төнген әуе кемелерiнен;
бортындағы авариялық жағдайларға, материалдық бөлшегiнiң iстен шығуына немесе ақауы бар болуына байланысты маршруттары өзгертiлген әуе кемелерiнен;
iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және/немесе халыққа медициналық жәрдем көрсетуге арналған әуе кемелерiнен;
әуе трассалары (жергiлiктi әуе жолдары) бойынша ұшырылатын және коммерциялық мақсаттармен ұшырылуға жатпайтын мемлекеттік авиацияның әуе кемелерiнен;
тек қана король тектiлер, мемлекет, үкiмет басшыларын және олар басқарып келе жатқан делегацияларды тасуға арналған әуе кемелерiнен.
5. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың бәрiне қатысты Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң пайдалануын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен әуе қозғалысына қызмет көрсету (басқару) жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрi ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган) жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуын реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілерін, басқа да нормативтiк құқықтық құжаттарын орындауға бағытталған ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның барлық нұсқаулары мен өкiмдерi қызметi әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты барлық мүдделi министрлiктермен мен ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға дереу жеткiзiледi және өздерiне қатысты бөлiгiнде барлық пайдаланушылардың орындалуы үшiн мiндеттi болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың қызметiн басқару мен бақылауды ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырып, бұл ретте ол Қазақстан Республикасының көлiк жөніндегі орталық атқарушы органдарымен және Қорғаныс министрлігімен өзара iс-қимыл жасайды.
8. Әуе кеңiстiгiн барлық пайдаланушылардың әуе кемелерiнiң және/немесе басқа да ұшу аппараттарының ұшырылуын орындау кезiнде, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға әрi ұшуға арнайы режимдер немесе ұшудың шектелуiн белгiлеудi талап етуге байланысты өзге де қызметтi атқару кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібі мен ережелерiнiң сақталуына тiкелей бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң органдарымен бiрлесе отырып, мыналар жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару жөніндегі Бас орталық (ҚР ӘҚҰБ БО);
әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң аймақтық орталықтары (ӘҚҚК АО);
әуе қозғалысына қызмет көрсету және/немесе әуе қозғалысын басқару аудандары (ӘҚҚК/ӘҚБ).
Қазақстан Республикасының ӘҚҰБ Бас орталығы, ӘҚҚК аймақтық орталықтары мен ӘҚҚК/ӘҚБ аудандары ӘҚҚК органдарының ұйымдық құрылымында айқындалған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери секторынан және Қазақстан Республикасының көлiк жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық секторынан тұрады.
II. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен жiктемесi
9. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен жiктемесiн әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету - әуе қозғалысын басқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы авиациясының қызметiне Мемлекеттік басқару мен бақылауды жүзеге асыру органдарының атқаратын функцияларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының ӘҚҰБ жөніндегі Бас орталығымен бiрге ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган әзiрлейдi.
Әуе кеңiстiгiнiң белгiленген құрылымы мен оның жiктемесi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Ереженi қолдану жөніндегі Нұсқаулыққа енгiзiлiп, ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң бұйрықтарымен бекітіледi.
"Байқоңыр" ғарышайлағының, Қазақстан Республикасы полигондарының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясы полигондарының әуе кеңiстiгi құрылымдарын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекiтедi.
10. Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы биiктiгi бойынша (тiке жазықтығы) және аумақтық енi бойынша (көлденең жазықтығы) шектелiнген оның жеке бөлшектерiнiң жиынтығы болып келедi.
Мыналар:
әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету аудандары (ӘҚҚК аудандары);
аэродромдар аудандары (АА);
әуе трассалары (ӘТ);
жергiлiктi әуе жолдары (ЖӘЖ), әуе дәлiздерi үшiн ұшу маршруттары;
мемлекеттік авиацияның, эксперименттiк авиацияның және жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуы үшiн арнайы аймақтар мен аудандар;
ғарышайлақтары мен полигондар аудандары;
жарылыс жұмыстарының аудандары;
ұшуға тыйым салынған аймақтар және шек қойылған аймақтар әуе кеңiстiгi құрылымының бөлшектерi болып табылады.
11. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы бөлшектерiнiң шекаралары көлденең жазықтығында жер (су) бетiнiң географиялық координаттары бойынша немесе өзiне тән (көрсетiлген) жер бағдарлары бойынша белгiленедi, ал тiке жазықтықта шекаралар әуе кеңiстiгіндегі құрылымның осы бөлшегiнiң мақсаты мен атқаратын функциясына қарай белгiленедi.
12. Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен өтетiн әуе кеңiстiгi мемлекеттік шекара шегiнде былайша бөлiнедi:
әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының ұшырылуы үшiн бөлiнген әуе кеңiстiгi;
"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 8-бабындағы "б" тармағында көзделген қызметтi атқаруға байланысты ұшуға салынған немесе шектелген әуе кеңiстiгi.
13. Қазақстан Республикасының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi органдарының, мемлекеттік авиацияның ұшуларына жедел басшылық жасау органдарының және әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету органдарының әуе жағдайына радиолокациялық бақылауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi радиолокациялық құралдар мен байланыс құралдарының ықпал ету қашықтығына қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi мыналарға бөлiнедi:
аталған органдар әуе жағдайына радиолокациялық бақылауды қамтамасыз ететiн бақыланатын әуе кеңiстiгi;
әуе жағдайына радиолокациялық бақылау жасалмайтын, бiрақ ұшуларды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсетiлуi мен басқарылуы жөніндегі аталған органдардың функциялары сақталынатын бақыланбайтын әуе кеңiстiгi.
14. Әуе трассалары (соның iшiнде халықаралық ӘТ) бойынша жергiлiктi әуе жолдары мен ұшу маршруттары бойынша әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн бөлiнген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi ӘҚҚК ауданындағы белгiленген шекараларда былайша бөлiнедi:
жоғары әуе кеңiстiгi;
төмен әуе кеңiстiгi.
15. ӘҚҚК-дiң әрбiр ауданында белгiлi бiр сыныптағы әуе кеңiстiгi құрылымының айқындалуы мен қабылдануына қарай әуе трассалары мен жергiлiктi әуе жолдары жоғары әуе кеңiстiгiнiң аудандары арқылы және iшiнара төменгi әуе кеңiстiгi аудандарында белгiленiп, өтуi мүмкiн.
ӘҚҚК ауданының төменгi әуе кеңiстiгi мен жоғары әуе кеңiстiгi арасындағы шекарасы, әдетте, 6100 метр биiктiкте (ұшу эшалоны) белгiленедi.
ӘҚҚК нақтылы ауданындағы жер жағдайына және ұшудың орындалу ерекшелiгiне қарай осы ауданның төменгi және жоғары әуе кеңiстiгi арасындағы шекара аралығы 4600-7300 метр биiктiктердiң бiрiнде (ұшу эшалондары) белгiленуi мүмкiн.
16. Шекаралары бiрiне бiрi жанасып жатқан ӘҚҚК-нiң екi және одан да көп аудандарының жоғары әуе кеңiстiгi әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі Орталықтың бiр әуе кеңiстiгiне бiрiктiрiле алынады (бұдан әрi, жұмыс iстейтiн ӘҚБ автоматтандырылған жүйесi болғанда - ӘҚҚК-нiң аймақтық автоматтандырылған жүйесi - ӘҚҚК ААЖ).
Әуе қозғалысына қызмет көрсету орталықтары мен аудандарының тiзбесi, олардың орналасуы мен шекаралары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi мен Көлiк және коммуникациялар министрiнiң бұйрықтарымен бекітіледi.
17. ӘҚҚК аудандарының төменгi әуе кеңiстiгiнiң шегiнде мыналар белгiленедi:
аэродромдар немесе аэротораптар аудандарының әуе кеңiстiгi;
жергiлiктi әуе жолдары мен ұшу маршруттары;
мемлекеттік, эксперименттiк авиация аэродромдары мен аэроклубтары аудандарының әуе кеңiстiгi.
18. Мемлекет экономикасының мүддесiне бола авиациялық жұмыстардың жекелеген түрлерiн атқарған кезде жалпы мақсаттағы авиация ұшуларын орындау үшiн, сондай-ақ техникалық өнерпаздықты дамыту және әуе кемелерiн пайдаланушылардың жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру мақсатында оқу, спорттық, мәдени-көрсетілім шараларын өткізуге арналып, осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнiң құрылымында көзделген белгiлi сыныптағы әуе кеңiстiгi бөлiнген арнайы ұшу аудандары белгiленедi.
Аталған аудандардың шекараларын әуе кеңiстiгiн мүдделi түрде пайдаланушылардың ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тиiстi органдарымен келісілгеннен кейiн ӘКП ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган бекiтедi.
19. Әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге арналған ұшуларды орындау үшiн осындай ұшуларды орындайтын аймақтар (ұшу аймақтары) белгiленедi, бұлар белгiлi бiр аудандардан тысқары немесе елдi мекендердiң үстiнде әуе кемесiнiң немесе ұшу аппаратының тұрғын үйлер алабы мен адамдар легi үстiне құлауын болғызбайтын қажеттi қауiпсiздiк шаралары сақтала отырып бөлiнген әуе кеңiстiгiне орналасады.
Көрсетуге арналған ұшуларды орындау үшiн осындай ұшуларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын басқа ведомстволармен, кәсiпорындармен және мекемелермен және ӘҚҰБ жөніндегі Бас орталықпен келісілген ӘКП және ӘҚҰБ жөніндегі мемлекеттік органның арнайы рұқсаты талап етiледi.
Әуе кемелерi мен ұшу аппараттарын көрсетуге арналған ұшыруларды өткізу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiк көрсетуге арналған ұшыруларды ұйымдастырушы мен оларға тiкелей басшылық етушiге жүктеледi.
20. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде немесе оның жекелеген аудандарында тыйым салынған аймақтар мен шектеу аймақтары белгiленуi мүмкiн, бұларда әуе кеңiстiгiн пайдалануға толық тыйым салынады немесе шектелiнедi.
Ұшуға тыйым салынған аймақтар мен шектеу аймақтарын мүдделi министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың ұсынысы бойынша Қорғаныс министрлігі белгiлейдi. Тыйым салынған аймақтардың Тiзбесiн Қорғаныс министрлігі жасайды да әуе қозғалысына қызмет көрсету мен оны басқаруды ұйымдастыру жөніндегі Бас орталықтың (бұдан әрi - ӘҚҚК БО) әскери секторы арқылы жiберiледi. Тыйым салынған аймақтар әуе кеңiстiгiн пайдалану және ұшулар жасау жөніндегі нұсқаулыққа енгiзiлмейдi және олар ұшқыштар құрамына жария етiлмейдi.
21. Мемлекеттік авиация әуе кемелерiнiң ұшуы және атыс өткізу мен ракеталар жiберуге байланысты қызметтi атқару үшiн белгiленген әуе трассалары мен ЖӘЖ-нан тыс әуе кеңiстiгіндегі аудандар мен арнайы аймақтардың шекараларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындап, бекiтедi.
22. Су үстiнен өтетiн ӘҚҚК аудандары әуе кеңiстiгiнiң шекаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес белгiленедi.
23. Аэродромдар аудандарының шекараларын, олардың қай ведомствоға жататынына қарамастан, аэродромдардың аға авиация бастықтарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және көлiк жөніндегі орталық атқарушы органмен келiскен соң ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган бекiтедi.
24. Ұшуды ұйымдастыруы мен басқаруы өзара үйлестiру мен келiсудi талап ететiн аэродромдар, олардың қай ведомствоға жататынына қарамастан, ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның шешiмiмен аэротораптарға бiрiктiрiле алады.
Аэротораптар аудандарының шекараларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келiскеннен кейiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган бекiтедi.
Аэротораптарға енетiн аэродромдар аудандарының шекаралары белгiленбеуi де мүмкiн.
25. ӘҚҚК Орталықтарының (аудандарының) әуе кеңiстiгi әуе қозғалысына қызмет көрсетуге берiлген түрiне, қолданылатын ұшу ережелерiне, эшелондау ережелерiне, ұшуларды радиотехникалық жағынан қамтамасыз етуге және басқаларына қарай жiктелiнедi және былайша таңбаланады:
А СЫНЫБЫ. Приборлар бойынша ұшу ережелерi (ПҰЕ) бойынша ғана ұшуға рұқсат етiледi. Барлық әуе кемелерi диспетчерлiк қызмет көрсетуге жатқызылады.
Б СЫНЫБЫ. ПҰЕ бойынша ұшуға және көрiнiмдi ұшу ережелерi (КҰЕ) бойынша ұшуға рұқсат етiледi. Барлық әуе кемелерi диспетчерлiк қызмет көрсетуге жатқызылады.
В СЫНЫБЫ. ПҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуға рұқсат етiледi. Диспетчерлiк ұшу және ұшу-ақпараттық қызмет көрсету көзделедi.
Г СЫНЫБЫ. КҰЕ және ерекше КҰЕ бойынша ұшуға рұқсат етiледi. Мүмкiндiгiне қарай диспетчерлiк немесе ұшу-ақпараттық қызмет көрсетiледi.
Д СЫНЫБЫ. КҰЕ бойынша және/немесе ерекше КҰЕ бойынша ғана ұшуға рұқсат етiледi. Консультативтiк және сұрау бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету көзделедi.
26. ӘК-нiң үлгiлерiмен, әуе қозғалысының тығыздылығымен әрi үдемелiлiгiмен, ӘҚҚК аудандары орналасуының аумақтық және жергiлiктi ерекшелiктерiмен, әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын диспетчерлiк органдардың санымен және функционалдық мақсатымен айқындалатын әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетуге деген қажеттілігiне қарай ӘҚҚК-дiң өкiлеттi органы тарапынан (ӘҚҚК Орталықтарына, ӘҚҚК аудандарына) өз жауапкершiлiгіндегі аймақтарда ӘҚҚК мақсатына, әрi ұшу қауiпсiздiгi талабына сай келетiн әуе кеңiстiгiнiң тиiстi сыныптарын таңдап алуы мен белгiлеуiне құқық берiледi.
Әуе кеңiстiгiнiң белгiлi бiр сыныбында ұшулар жасау мен әуе қозғалысына қызмет көрсету Ережелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшулардың негiзгi ережелерiмен айқындалады.
27. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн ұтымды әрi тиiмдi пайдалану мақсатында әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға әуе кеңiстiгiн пайдалану, аэронавигациялық қызмет көрсету және ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттар мен Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) ұсынылымды практикасын ескере отырып, Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру (немесе қайта ұйымдастыру) жөнiнде ұсыныстар жасауға құқық берiледi.
Аталған ұсыныстар көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган және/немесе Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның қарауына берiледi.
III. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру
28. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығында (8-бап) көзделген қызметтi атқарған кезде ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органмен және ұшулар мен әуе қозғалысына басшылық жасайтын (қызмет көрсететiн) оперативтiк органдармен байланыс желiлерi болуға мiндеттi.
29. Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың әуе кемелерi және басқа да ұшу аппараттарының ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнгiзуi мүмкiн қызметi аталған қызмет атқаруға ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органнан рұқсат алғанда ғана және осындай қызметтi атқаруға рұқсат алғандығы туралы ӘҚҰБ жөніндегі Бас орталықты мiндеттi түрде хабардар еткенде ғана жүзеге асырыла алады.
30. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 8-бабындағы "б" тармағында көзделген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға алдын ала өтiнiмдер беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындап, белгiлейдi.
31. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде немесе оның жекелеген аудандарында әуе кемелерiн және басқа да ұшу аппараттарын ұшырумен байланысты әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың қызметiне әуе кеңiстiгiн пайдалану және әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік орган мынадай жағдайларда:
а) әуешабуылына тойтарыс бергенде және Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығы мен қоғамдық қауiпсiздiгiне қарсы күш қолданылуын немесе күш қолдану қатерiн жойғанда;
б) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының немесе әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң бұзылуын болғызбағанда және тоқтатқанда;
в) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн немесе едәуiр материалдық зиян келтiрiлуiне қауiп туғызатын табиғи және өзге де зiлзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезiнде көмек көрсетiлгенде;
г) аталған аудандарда ұшу (әуе қозғалысының) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкiн болмағанда, тыйым сала алады немесе шектей алады.
32. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 8-бабындағы "б" тармағында көзделген, осындай қызметтi қамтамасыз ететiн және әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн арнайы ұйым талап етiлетiн қызметтi атқарғанда әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының ұшырылуына уақытша, жергiлiктi режимдер немесе әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуына қысқа мерзiмдi шектеулер енгiзiлуiмен (белгiленуiмен) тыйым салынуы немесе шектелiнуi мүмкiн.
Ұшып шығуға немесе әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы режимдер мен шектеулер енгiзудiң (белгiлеудiң) тәртібі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік авиацияның қызметiн бақылау және мемлекеттік басқару органдарының нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
33. Эксплуанттардың, пайдаланушылардың немесе өзге де субъектiлердiң әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуының бәрi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның Әуе қозғалысының қауiпсiздiгi жөніндегі Инспекциясының немесе көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тағайындаған арнаулы комиссияның дереу тексеруiне жатады.
Тексерудi ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану ережелерiн реттейтiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
34. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың тәртібі мен ережелерiн бұзуға жол берген әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың және/немесе эксплуатанттарының қызметi тексеру жүргiзу аяқталғанға және тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган тарапынан уақытша тоқтатылуы (тоқтата тұрылуы) немесе оған толық тыйым салынуы мүмкiн.
Тексеру аяқталған соң әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты қызметтi жалғастыруға ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органнан тиiстi рұқсат алғаннан кейiн жол берiледi.
IV. Әуе трассаларын ашу тәртібі
35. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң ұшырылуы үшiн әуе трассалары, әуе дәлiздерi, жергiлiктi әуе жолдары мен ұшу маршруттары белгiленедi.
36. Жаңа әуе трассаларын (соның iшiнде халықаралық та) ашу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган қабылдайды.