* Қатал белгіленген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
*осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде параметрлердің осындай түрін қолдану ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» тарауында келтірілген.
3. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі
Осы Тұжырымдаманы практикалық іске асыру басымдықтарды іске асыру карталарында келтірілген тақырыптық бағдарламалық және өзге де құжаттардың (бағдарламалық және өзге де құжаттар) іс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Тұжырымдаманы іске асыру тетігі |
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
| | |
\/ \/ \/
Іс-шаралар жоспарының 1-бөлігі - Бағдарламалық және өзге де құжаттардың Іс-шаралар жоспарларын өзекті ету жөніндегі шаралар | Іс-шаралар жоспарының 2-бөлігі Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес (БҚҰК) жүзеге асыруға тиісті шаралар | Іс-шаралар жоспарының 3-бөлігі Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейінің тиімді мониторингін, талдау және бас бағалауды, ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар |
| | |
\/ \/ \/
Іс-шаралар жоспарының 1-бөлігін іске асыру ерекшеліктері 1. Бағдарламалық және өзге де құжаттардың Іс-шаралар жоспарларын өзекті етуге байланысты қажетті бюджеттік рәсімдерді мемлекеттік органдардың алдын-ала жүргізуі 2. Бағдарламалық құжаттарда белгілі бір шаралардың нақты қаржылық қамтылғандығы болмаған кезде мемлекеттік органдар міндетті түрде оларды «ұсыныстар әзірлеу» мәртебесінде Іс-шаралар жоспарына енгізуді жүзеге асырады 3. Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шаралар оң пысықталса, нақты формат түрінде бағдарламалық және өзге де құжаттардың тиісті іс-шаралар жоспарына енгізіледі. | Іс-шаралар жоспарының 2-бөлігін іске асыру ерекшеліктері БҚҰК: бизнес-қоғамдастықтың бәсекеге қабілетті санасын дамытуды қолдау жөнінде арнайы шараларды әзірлеу бөлігінде 1-басымдықты; бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетілдірудің икемді тетігін құру бөлігінде 2-басымдықты; ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстар орнату бөлігінде 3-басымдықты; еңбек өнімділігін және өндірістің энергия тиімділігін арттыру бөлігінде 4-басымдықты; Қазақстан бизнесменінің Кодексін әзірлеудің орындылығы, оған қосылу тетігін және оның нормаларын елдің прогресивті бизнесі арасында тарату бөлігінде 5-басымдықты; еңбек ресурстарының кәсіби құрылымдарын дамыту бөлігінде 6-басымдықты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. | Іс-шаралар жоспарының 3-бөлігін Іске асыру ерекшеліктері 1. Мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы, тиісті бағдарламалық және басқа құжаттарды іске асыру барысы тұрғысынан өздерінің құзыретіне қатысты бөлікте мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, бұл ретте Басымдықты іске асыру картасында белгіленген параметрлер ескерілетін болады; 2. Үкіметтік емес ұйымдар арнайы әзірленген Сұрақнама бойынша бизнес пен халықтың әлеуметтік жігінің мақсатты топтары бойынша қоғамдық пікірлерді тұрақты қадағалап отырады; 3. Бұқаралық ақпарат құралдары. Ұлттық кеңес мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлік қауымдастықтары мен бірлестіктерінің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау үшін, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады; 4. Шетелдік және отандық ұйымдардың рейтингтік бағалауларын мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдар мен халықаралық донор ұйымдармен және рейтингтік ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеке сектормен бірлесіп Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүргізеді. |
| | |
|
\/
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы басшылығымен үйлестіре сүйемелдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқсан сайын қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін Бас бағалауды қамтитын Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындайды. |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, орталық, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңеспен бірлесе отырып, Тұжырымдама қабылданғаннан кейін төрт ай ішінде үш негізгі бөлімнен тұратын Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Іс-шаралар жоспары) әзірлейтін болады.
Іс-шаралар жоспарының бірінші бөлігінде тиісті бағдарламалық және өзге де құжаттардың іс-шаралар жоспарларын өзекті ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды қамтиды.
Іс-шаралар жоспарының екінші бөлігі Тұжырымдаманың ережелерінде көзделетін бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестермен өзара іс-қимыл жасау үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес жүзеге асыратын шаралар қарастырылуы тиіс.
Іс-шаралар жоспарының үшінші бөлігі бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейін, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыс барысына тиімді мониторинг, талдау және басты бағалауды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету үшін әзірленуі тиіс. Іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Жыл сайын бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар мен Тұжырымдаманы іске асыру барысында алынған нәтижелер бойынша Іс-шаралар жоспарын өзекті ету жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың негізделген өзара байланысы мақсатында мемлекеттік органдар бағдарламалық және өзге де құжаттардың Іс-шаралар жоспарларын өзекті етумен байланысты барлық қажетті бюджеттік рәсімдерді алдын ала жүргізуі тиіс.
Бұл ретте, әзірлеу кезінде нақты қаржылық қамтылған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі белгілі бір шараларды уақтылы емес және пысықталмағандығын болдырмау мақсатында оларды міндетті түрде "ұсыныстар әзірлеу" мәртебесінде Іс-шаралар жоспарына енгізу жүзеге асырылады, онда мәселені зерделеудің мерзімдері бюджеттік рәсімдер жүргізу және (немесе) қаржыландырудың өзге көздерін тарту үшін қажетті мерзімдері ескере отырып анықталады.
Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шаралар оң пысықталса, нақты формат түрінде бағдарламалық және өзге де құжаттардың тиісті Іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы басшылығымен Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, өзекті етуді және іске асыруды үйлестіре отырып сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады.
Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстар барысына мониторинг пен талдау жүргізу тұрақты негізде тоқсан сайын қорытынды шығара отырып жүзеге асырылады және негізгі 4 кезден тұрады:
Қол жеткізілген бәсекеге қабілеттілікті бас бағалау, мониторингі және талдау |
/ / \ \
Тұжырымдама мен бағдарламалық құжаттарды орындау барысы туралы мемлекеттік органдардың жүргізген талдауы | Отандық ҮЕҰ жүргізген әлеуметтік сауалдардың деректері | БАҚ-ты мониторингі | Рейтингтік бағалау деректері, рейтингтік ұйымдармен жұмыстар жүргізу |
1. Мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы, тиісті бағдарламалық және өзге де құжаттарды іске асыру барысы тұрғысынан өздерінің құзыретіне жататын бөлікте мониторинг пен талдауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, мониторинг пен талдау кезінде Тұжырымдама басымдықтарын іске асыру картасында белгіленген параметрлер онда белгіленген мерзімдерге сәйкес ескерілетін болады. Рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан дәрежесінің қандай да бір позицияларын қатысты параметрлері шартты түрде болжамды болып табылады.
Бұл осы Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кешенді бағалауды ДЭФ ғана жүзеге асыруына негізделген. Осыған байланысты белгіленетін параметрлер белгілі бір деңгейде бағдарланған, бірақ ДЭФ ұстанымының жалпы тәсіліне төмендегідей себептер бойынша толығымен "байланбаған". ДЭФ бағалау әдістемесі түрленіп отырады және өзгеруге жатады. Бұдан басқа, Қазақстан рейтинг жүргізетін басқа ұйымдар да жекелеген позициялар бойынша бағаланады.
Осымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанның елдің бәсекеге қабілеттілігіне жалпы шолу, сондай-ақ рейтингтің мамандандырылған түрлері тұрғысынан өзге де беделді ұйымдар жүргізетін (мысалы, TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) и PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық салыстырмалы зерделеулердің нәтижелері) басқа да еларалық рейтингтерге қатысуы жөніндегі мәселе пысықтауда. Бұл ретте, әдеттегідей, бағаланатын елдер саны сол немесе басқа рейтингке байланысты 50-ден 180 елге дейін ауытқиды, демек сол немесе басқа орынға «байланып қалу» мүмкін емес.
Жалпы алғанда, қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіктің деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бас бағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың жүйелі негізін қалаудың нәтижесінде басқа елдер дамуының перспективалары мен күтілетін қарқындары контексінде республика дамуының ерекшеліктері мен факторларын ескеретін Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың өзіндік, отандық әдістемесі қалыптасатын болады.
2. Үкіметтік емес ұйымдар. Мониторинг пен талдау әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстың негізінде жүзеге асырылады. Сұрақнама бойынша бизнес пен халықтың әлеуметтік жігінің мақсатты топтары бойынша қоғамдық пікірлерді тұрақты қадағалау тұрғысынан және Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес дайындайтын респонденттер мен репрезентативтік таңдаудың мақсатты топтары шеңберінде жұмыс істейді.
Мониторинг пен талдау көздерінің осы түрін қамтамасыз ету қаржылық және ұйымдық сүйемелдеуге байланысты белгілі бір уақыт мерзімін талап ететіндігін назарға ала отырып, оны енгізу мен ұлғайту кезең-кезеңімен 2009 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады.
Осы кезеңге дейін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес осы жұмысқа қоғамдық бастамада 2008 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы туралы мәселені пысықтайтын болады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдарға мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлік қауымдастықтары мен бірлестіктерінің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асырады.
4. Тиісті шетелдік және отандық ұйымдардың рейтингтік бағалауы, сондай-ақ халықаралық донор ұйымдардың бағалауы.
Мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдар мен халықаралық донор ұйымдар және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін және оның жекелеген позицияларын бағалайтын рейтингтік ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеке сектормен бірлесіп Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асырады. Осы ұйымдардың қорытындыларын шығарудың әр түрлі кезеңділігін назарға ала отырып, олардың нәтижелері пайда болуына қарай ескеріледі.
Көрсетілген көздердің мониторингі мен талдау нәтижелерін ескере отырып, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы басшылығымен Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, өзекті етуді және іске асыруды үйлестіре сүйемелдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын берілетін қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бас бағалауды қамтитын Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы тоқсан сайын ақпарат дайындайды.
Жыл сайын қаңтар айында Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес бәсекеге қабілеттілік жөнінде кеңейтілген отырыс ұйымдастырады және өткізеді, онда қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне жылдық бас бағалау, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бағалау таныстырылады және одан әрі барысы мен жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар енгізіледі.