Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 22 каңтардағы № 16-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 8 және 14-жолдар алынып тасталсын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |