Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 Қаулысы
(2015.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1272 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 562 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.04. № 308 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 562 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1272 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 562 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.04. № 308 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 364-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1272 Қаулысымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «есептеу», «есептеудің» деген сөздерден кейін тиісінше «, қайта есептеу», «қайта есептеудің» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 562 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкiметiнiң 2014.02.04. № 308 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1307 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу
(айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам;
2) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - Заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
3) әлеуметтік төлемдер - әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
5) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
6) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;
8) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау) - орталықтың және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын негізге ала отырып, Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;
9) орталықтың бөлімшелері - орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
10) орталықтың филиалдары - орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдары;
11) электрондық іс макеті - ақпарат орталық бөлімшелері мен филиалдарының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық шешім жобасы бар электрондық цифрлық нысанда берілген, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті электрондық құжаттардың және сканерленген көшірмелердің топтамасы;
12) электрондық шешім жобасы - электрондық құжаттардың топтамасы мен алушының мәліметтері негізінде әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органының қарауы және бекітуі/бекітуден бас тартуы үшін дайындалған электрондық құжат;
13) электрондық цифрлық қолтаңба - (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
14) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
15) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы (бұдан әрі - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы) - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
16) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі - әлеуметтік аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
17) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі - ОДҚ) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда әлеуметтік төлемдер түрлерін жүзеге асыруға арналған орталықтың орталықтандырылған дерекқоры.
2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) тәртібі
3. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік төлемге құқығы туындаған күнге дейінгі орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерді негізге ала отырып жүргізіледі.
4. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ОАТ = ∑(АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24 мұндағы:
ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ОАТәтжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ24) / 12 мұндағы:
ОАТәтжб - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
Ай сайынғы табысы төлеушіден көрсетілген айда келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы айда қолданылған әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу және алынған нәтижені жүзге көбейту жолымен мына формула бойынша есептеледі:
АТ = ӘА а / S әа х 100, мұндағы:
ӘА а - бір айдағы әлеуметтік аударымдар;
S әа - әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.
5. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТеа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК мұндағы:
ӘТеа - еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысының орташа айлық табысы;
ЕТЖ - әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы;
ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;
ЕАК - еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті.
Бұл ретте табысты алмастыру, еңбек ету қабілетінен айырылу және қатысу өтілі коэффициенттері Заңның 21-бабында белгіленген.
6. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТаа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х АСК мұндағы:
ӘТаа - асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
ЕТЖ - әлеуметтік төлемге құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы;
ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;
АСК - асырауындағылар санының коэффициенті.
Бұл ретте табысты алмастыру, асырауындағылардың саны мен қатысу өтілінің коэффициенті Заңның 21 және 22-баптарында белгіленген.
7. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТ жа = ОАТ х ТАК х ҚӨК мұндағы:
ӘТ жа - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
ҚӨК - қатысу өтілі коэффициенті.
Бұл ретте табысты алмастыру және қатысу өтілінің коэффициенті Заңның 21 және 23-баптарында белгіленген.
8. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес еңбекке жарамсыздық күндері коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТ жб = ОАТ әтжб х ЕСК мұндағы:
ӘТ жб - жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ әтжб - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
ЕСК - еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жүктілік және босану бойынша демалыс күндерінің саны негізге алына отырып айқындалады.
Ауыр босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту негізінде қайта есептеледі. Бұл ретте жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес жүргізіледі.
9. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:
ӘТ бк - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті Заңның 23-2-бабында белгіленген.
10. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде бір төлеушіден бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, аталған айға әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын жиынтық табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп төлеушіден әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әрбір төлеушіден келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі, кейін олар жинақталады.
11. Егер жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем алушының ай сайынғы табысы әлеуметтік қатер басталған күнге дейін күнтізбелік он екі ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын болса, Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем мен жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа төленетін ақы арасындағы айырманы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және қайта есептеу тәртібі
12. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы немесе асыраушысы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған) отбасы мүшесі (мүшелері) әлеуметтік қатер төнген жағдайда осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жеріндегі орталықтың бөлімшесіне жүгінеді:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) куәландыруды және жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуді жүргiзу туралы мәлiметтер;
4) банктерде ашылған банк шотының нөмірі және (немесе) түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) отбасының құрамы туралы мәліметтер;
3) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің көшірмесі;
5) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушы балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәлiктерінің көшiрмелерi;
6) отбасы мүшелерi күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
7) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама (қажет болған кезде);
8) куәландыруды және мүгедектiк тобын белгiлеуді жүргiзу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда);
9) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі;
жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшiн:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы;
4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);
4) жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi ай ішіндегі табыстары туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi анықтама (анықтамалар);
5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
салық органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлiгінің көшiрмесi, сондай-ақ салыстырып тексеру үшiн олардың түпнұсқалары;
4) отбасының құрамы туралы мәліметтер;
5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
6) бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзіндінің көшірмесі;
7) бір жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық белгіленген жағдайларда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешімінің көшірмесі.
13. Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдардың ұсынуы «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар адамның нотариатта куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына немесе асыраушысы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған) отбасы мүшесіне әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың қорғаншылары ұсынады.
Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар және түзеу мекемесінде орналасқан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш пен құжаттарды мекеме әкімшілігі береді.
14. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде:
1) жұмыс орнынан әлеуметтік қатер басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтамада көрсетілген, аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтамада көрсетілген, нақты келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына сәйкес келмеген немесе толық сәйкес келмеген жағдайда орталықтың бөлімшесі ай сайынғы табыстар бойынша анықталған айырмашылықтарды жұмыс берушіден нақтылау үшін ұсынылған құжаттарды әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген адамға қайтарады;
2) ұйым таратылған жағдайда жұмыс орнын, жалақының (табыстың) және әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы әлеуметтік аударымдардың сомаларын, мұрағат ісінің нөмірін, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолымен куәландырылған оның бетін көрсете отырып, мұрағат анықтамасы ұсынылады. Мұрағат деректері болмаған кезде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік төлемге құқығы басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы әлеуметтік аударымдардың сомалары сот тәртібімен белгіленеді.
15. Орталық бөлімшесі құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, түпнұсқалардың төлнұсқалығын құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, сканерленген құжаттардың сапасын түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.