Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және
2006 жылғы 17 ақпандағы № 104 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 564 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Елемесов Асқар Раушанұлы;»;
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;»;
3) тармақшаның екінші абзацында «Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздерден кейін « - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Болатұлы Баталов;»;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 104 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |