22 | "Еуразия даму банкі" АҚ | Қаржы- мині | 12700000 | 23400000 | Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қазақстандық бөліктің екінші траншын төлеуге |
23 | Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу | Қаржы- мині | 357831 | 369494 | Халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауға |
24 | "Қазақстандық ипотекалық компаниясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту | Қаржы- мині | | 8500000 | "Қазақстандық ипотекалық компания- сы" АҚ-ның тиісті талабымен оларға берілген ипотекалық кредиттер бойынша талаптарды сатып алу құқығы жолымен екінші деңгейдегі банктердің өтімділі- гін арттыру мақса- тында |
25 | "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ жарғы- лық капиталын ұлғайту | Қаржы- мині | | 1025000 | Тұрғын-үй құрылысы нарығын қолдау үшін ипотекалық кредит- терді кепілдендіру жолымен "Қазақстан ипотекалық кредит- терге кепілдік беру қоры" АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру арқылы ипотекалық кредит- терді беруді тұрақ- тандыру мақсатында |
26 | "Дотық Энерго" АҚ-ның жарғылық капиталын қа- лыптастыру | ЭМРМ | | 1849826 | Түркменстан шаруашы- лық етуші субъекті- лері алдында Қазақс- тан Республикасы заңды тұлғаларының талап ету құқығын сатып алу бойынша іс шаралар жүргізу |
27 | "Күйгенжар" АҚ | ПІБ | | 522088 | Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін жарғылық капиталды ұлғайту |
28 | "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокеше- ні" ҰАҚ жарғы- лық капиталын ұлғайту | ПІБ | | 200000 | Мемлекет басшысының қызметіне, оның ел өңірлеріне жұмыс сапарларына және басқа да аса маңыз- ды іс-шараларына са- палы әрі шұғыл ақпараттық қызмет көрсету мақсатында құрал-жабдық сатып алу үшін АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту |
29 | Құпия | | | | |
Бағдарламалардан тыс жиыны: 133391039
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру
2007 жылы басталатын білім беру объектілерінің тізбесі
№ Р/с | Жобаның атауы | Жобаның қуаты | Жалпы құны | Болжам | 2010 жыл |
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қа- ласының "Қазығұрт" шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1396076 | 418823 | | 977253 | |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Сәуле» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1336398 | 400919 | | 935479 | |
3 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Самал-3» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1336 608 | 400982 | | 935626 | |
4 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Қайтпас 2» кентінде 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1345984 | 403795 | | 942189 | |
5 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ау- данының Қарабұлақ ауылында 1200 орындық Фуркат атындағы орта мектеп салу | 1200 | 1361133 | 408340 | | 925793 | |
6 | Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Ленгер қаласында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1418378 | 425513 | | 992865 | |
7 | Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Түлкібас ауылында 1 Мамыр көшесінде 1200 орындық Б.Момышұлы атындағы орта мектеп салу | 1200 | 1436695 | 431009 | | 1005686 | |
8 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында 1200 орындық № 24 орта мектеп салу | 1200 | 1382557 | 414767 | | 967790 | |
9 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Тұрлан кентінде 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1442613 | 432784 | | 1009829 | |
10 | Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1408091 | 422427 | | 985664 | |
11 | Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Рабат ауылында 300 орын- дық Қызыл дала орта мектебін салу | 300 | 366567 | 109970 | | 256597 | |
12 | Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Мәдени ауылында 300 орын- дық орта мектеп салу | 300 | 367649 | 110295 | | 257354 | |
13 | Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Алғабас ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 737301 | 221190 | | 516111 | |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Қайнар ауылында 320 орын- дық орта мектеп салу | 320 | 346733 | 104020 | | 242713 | |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Қаратас ауылында 300 орын- дық Н.Арапов атын- дағы орта мектеп салу | 300 | 368352 | 110506 | | 257846 | |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Келтем- ашат ауылында 320 орындық Уәлиханов атындағы орта мектеп салу | 320 | 366356 | 109907 | | 256449 | |
17 | Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының "Хлопза- вод" тұрғын ауда- нында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1465862 | 439759 | | 1026103 | |
18 | Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде 1200 орындық Абылай хан атындағы орта мектеп салу | 1200 | 1456340 | 436902 | | 1019438 | |
19 | Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 600 орындық Бала Бөргем орта мектебін салу | 600 | 621737 | 186521 | | 435216 | |
20 | Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Оралман- дар ауылында 600 орындық орта мектеп салу | 600 | 595115 | 178535 | | 416580 | |
21 | Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Яссы ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 590712 | 177214 | | 413498 | |
22 | Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтааралық ауданының Еңбекші ауылында 900 орын- дық орта мектеп салу | 900 | 1529350 | 458805 | | 1070545 | |
23 | Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Атамекен ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 754610 | 226383 | | 528227 | |
24 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ округінің Әсіл ауылында 300 орын- дық Уәлиханов атындағы орта мектеп салу | 300 | 368104 | 110431 | | 257673 | |
25 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің Достық ауылында 600 орындық орта мектеп салу | 600 | 728640 | 218592 | | 510048 | |
26 | Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Жыныс ауылында 300 орындық орта мектеп салу | 300 | 345282 | 103585 | | 241697 | |
27 | Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Жаушықұм ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 761796 | 228539 | | 533257 | |
28 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында 600 орын- дық көп бейімді орта мектеп салу | 600 | 742185 | 222656 | | 519529 | |
29 | Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 669827 | 200948 | | 468879 | |
30 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Бозсу ауылында 900 орын- дық Құрманғазы атындағы орта мектеп салу | 900 | 1566080 | 469824 | | 1096256 | |
31 | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Жұлдыз ауылында 300 орын- дық Майбұлақ орта мектебін салу | 300 | 365166 | 109550 | | 255616 | |
32 | Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қала- сының "Стадион" шағын ауданында 900 орындық орта мектеп салу | 900 | 1525917 | 457775* | | 1068142 | |
33 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 900 орындық орта мектеп салу | 900 | 1499568 | 449870* | | 1049698 | |
34 | Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Қарағұр ауылында 600 орын- дық орта мектеп салу | 600 | 644743 | 193423* | | 451320 | |
35 | Алматы қаласының «Әйгерім» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 2072624 | 621787 | | 1450837 | |
36 | Алматы қаласының «Ұлжан» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1398728 | 419618 | | 979110 | |
37 | Алматы қаласының "Қалқаман" шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1538853 | 461656 | | 1077197 | |
38 | Алматы қаласының «Түрксібтің бес жылдығы» маңында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1691828 | 507548 | | 1184280 | |
39 | Астана қаласының Ильинка кентінде 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1107741 | 332322 | | 775419 | |
40 | Астана қаласының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында (Махтымқұлы көше- сінің сол жағы) 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1195297 | 358589* | | 836708 | |
41 | Астана қаласының гараж кооперативі маңында (Степной) 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1134382 | 340314* | | 794068 | |
42 | Астана қаласы Тілендиев даңғылы ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1117559 | 335268 | | 782291 | |
43 | Астана қаласы Тілендиев даңғылының оң жақ ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1119066 | 335720* | | 783346 | |
44 | Астана қаласының әкімшілік қалашығы ауданында (сол жа- ғалау) 1200 орын- дық орта мектеп салу | 1200 | 1491102 | 447331* | | 1043771 | |
| Жиыны: | 38 440 | 46515705 | 13954 712 | | 32560993 | |
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен берілетін қаражатты ескере отырып
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 822 қаулысымен
назарға алынды
6-бөлім.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
2004 - 2006 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазғарыш» ҰК» АҚ
2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазғарыш» ҰК» АҚ
Ұлттық компаниялардың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерi
6-бөлім.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі
бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
«Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысына сәйкес ұлттық компанияларға мынадай 12 акционерлік қоғам жатады:
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ;
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ;
«Қазпочта» АҚ;
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ;
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
«Қазақстан темір жолы» АҚ;
«Қазақтелеком» АҚ;
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ;
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы (Қазақпарат)» АҚ;
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ.
Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) құрылды.
Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» холдингі» АҚ жарғылық капиталын төлеуге берілген.
Нарықтық экономиканың дербес субъектісі ретінде мемлекеттік холдинг құру корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуге, салалық компаниялардың стратегиялық жоспарларын үйлестіруді жүргізуге және бизнесті жүргізудің нарықтық тетіктерін мақсатқа сәйкес қолдануға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанда қор нарығын дамытуға ықпалын тигізеді.
2004 - 2006 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - компания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес құрылған.
Жарлыққа сәйкес Компания стратегиялық маңызды ұлттық тігінен кіріккен компания болуы және өкілетті органның көмірсутегін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі функцияларын орындауы, сондай-ақ Қазақстанның мұнай секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіруі керек.
2005 жылы Компанияның еншілес ұйымы «Барлау және өндіру» АҚ 9,4 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, бұл 2004 жылдың деңгейінен 5,6 %-ға асып түсті. Жоспарға қосымша 100 мың тонна мұнай алынды.
Жоспардан тыс мұнай өндіруге ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын уақытында өткізу, кен орындарын қазу жүйесін оңтайландыру, бұрғылар қорын қоса отырып, негізгі қорларды қалпына келтіру және жаңарту, жерүсті кен орнын жайғастыруда маңызды объектілер салу және қайта құру, арнаулы техника паркін жаңарту, тақташаның мұнай беруін арттыру мен мұнай беру процестерін химияландырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі жұмыстар есебінен қол жеткізілді.
2006 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру 9,45 млн. тонна көлемінде бағаланды, бұл 2005 жылдың деңгейінен 86 мың тоннаға артық.
Компания екі негізгі бағытта мұнай сатады: экспорт және ішкі нарық. 2005 жылы мұнайды экспортқа шығару шамамен 6,7 млн. тоннаны, ішкі нарыққа шығару 2,2 млн. тоннаны құрады. 2004 жылмен салыстырғанда, мұнайды экспортқа шығару 389 мың тоннаға өсті. 2006 жылы экспортқа шығару шамамен 7,1 млн. тоннаны, ішкі нарыққа - 2,1 млн. тоннаны құрайды.
Компанияның еншілес ұйымы «Атырау МӨЗ» АҚ (бұдан әрі - «АМӨЗ» АҚ) 2004 жылы 2,9 млн. тонна мұнай өңдеді. 2005 жылы «АМӨЗ»-да өңдеу көлемі 3,5 млн. тонна болды, жоспар бойынша 2,9 млн. тонна. 2006 жылы «АМӨЗ»-да мұнай өңдеуі 3,5 млн. тонна, оның ішінде Компания ресурстарынан 2,2 млн. тонна деңгейінде күтіледі.
2005 жылы магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 38,4 млн. тоннаны құрады. 2006 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйе бойынша 36,65 млн. тонна деңгейінде күтілуде.
2004 жылы «ҚазТеңізКөлікФлоты» ҰТКқК" АҚ теңіз көлігімен жүк тасымалдаудың халықаралық қызметін атқарған, оның ішінде 4 млн. тонна көлемінде Әзербайжан (Баку), Грузия (Батуми), Иран (Нека), Ресей (Махачкала) порттарына.
2005 жылы танкер арқылы мұнай тасымалдау жоспардағы 4,6 млн. тонна орнына 4,2 млн. тоннаны құрады. Жоспардың орындалмауы 9% құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасу 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 120 мың тоннаға немесе 3%, Ақтау-Нека бағыты бойынша тасымалдау есебінен - 283 мың тоннаға артық.
2006 жылы мұнай тасымалдау 4,3 млн. - тонна көлемінде бағалануда, 2005 жылдың ұқсас көрсеткішінен 3% артық, тасымалдау мына бағыттар бойынша: Ақтау-Махачкала - 2 млн. тонна, Ақтау-Нека - 1,6 млн. тонна, Ақтау-Баку-Батуми - 0,69 мың тонна.
«Интергаз Орта Азия» АҚ магистральды газ құбырымен газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2004 жылы 121,6 млрд. текше метрді құрады.
2005 жылы тасымалдау көлемі жоспардағы 116,7 млрд. текше метрдің орнына 129,4 млрд. текше метрді құрады, жоспарға қарағанда өсу 11% құрады. Бұл ретте 2005 жылы ішкі тасымалдау 6 млрд. текше м., халықаралық транзит - 116 млрд. текше м., экспортқа газ тасымалдау - 7,6 млрд. текше м. құрады.
2005 жылы тасымалдау көлемінің ұлғаюы өзбек газын тасымалдау көлемінің ұлғаюымен белгіленеді. Ресей және өзбек газының халықаралық транзиті көлемінің азаюына байланысты көліктік қызметтер көлемінің 2006 жылы 4,8 млрд. текше м.-ге (123,2 млрд. текше м.) азаюы күтілуде.
2004 жылы Компанияның жалпы табысы 487,4 млрд. теңгені құрады. 1 тонна мұнайдың орташа өткізу бағасы (ҚҚС-ны қоспағанда) 2004 жылы 31,7 мың теңгені құрады.
2005 жылы табыстар 642,8 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардан 32 % асып түсті және 2004 жылғы деңгейден 32% жоғары. Кірістің өсімі мұнай өндірудің артуына, 2004 жылмен салыстырғанда мұнайдың экспорттық бағасының өсуіне, мұнайдың жүк айналымының артуына, мұнай процессингінен түсетін табыстың артуы мен мұнай өнімдерін өткізуге, мұнайды өткізуден түсетін табыстарға байланысты.
Кірісті бағалау 2006 жылы 603,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2005 жылғы деңгейден 24 % жоғары.
Компанияның жалпы шығыстары 2005 жылы 410 418,85 млн. теңгені, 2006 жылы - 414 408,75 млн. теңгені құрады.
Компанияның жалпы шығыстары 2004 жылы 69,9 млрд. теңгені құрады. 2005 жылы таза кіріс жоспардағы 48,2 млрд. теңгенің орнына 100,9 млрд. теңге сомасында алынды, жоспарға қарағанда өсу 109 % құрайды, 2004 жылмен салыстырғанда 44,3 %. Компанияның таза кірісі 2006 жылы 95,1 млрд. теңге деңгейінде бағалануда, Компанияның таза кірісі 2005 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға азайғаны байқалып отыр.
Компания Қазақстан Республикасының ірі салық төлеушісі болып табылады. 2004 жылы бюджетке жалпы сомасы 101,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер енгізілді. 2005 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне іс жүзінде жалпы сомасы 171,1 млрд. теңгенің салықтары мен төлемдері енгізілді. Салық төлемдері 2004 жылмен салыстырғанда 69 % немесе 70 млрд. теңгеге өсті. Бюджетке төлемдердің өсіміне мұнай өндіру көлемі артуының, мұнай бағасының қолайлы конъюнктурасының арқасында қол жеткізілді, сондай-ақ газ тасымалдау көлемінің өсуіне негізделді. Бюджетке төлемдер 2006 жылы 135,3 млрд. теңге мөлшерінде бағалануда. Салық төлемі 2004 жылмен салыстырғанда 34% немесе 34,4 млрд. теңгеге өсті.
Компания 2004 және 2005 жылдары мынадай мөлшерлерде мемлекеттік акциялар пакеттерінің дивидендтерін төледі: 2004 жыл - 5 278,50 млн. теңге, 2005 жыл - 4 879,92 млн. теңге.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығына сәйкес құрылған. Компания уран мен оның қосындыларының, атом энергетикалық станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, қосарлы пайдалану материалдарының экспорты мен импорты жөніндегі бас оператор болып табылады.
2005 жылы уран өндіру 3837,6 тоннаны құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 7%-ға жоғары, оның ішінде бірлескен кәсіпорындармен: «Катко» БК - 37,8 тонна, «Ыңғай» БК - 176,8 тонна, Бетпақ Дала» БК - 726,0 тонна өндірілді. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 4345,5 тонна уран өндірілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на кіретін компаниялардың тотықша-тотық өндірісі 2005 жылы 3690,6 тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 0,4%-ға (3704, 1 тоннаға) төмен. 2005 жылы жалпы тотықша-тотық шығару 4193,7 тоннаны құрады.
Табиғи уран өндіру көлемінің тұрақты өсуіне мынадай іс-шараларды іске асыру:
жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кеніштерді дамыту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту;
жаңа техника мен озық технологияларды, өндірістерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды енгізу есебінен өндірісті интенсивтендіру, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру есебінен қол жеткізілді.
2004 жылы Компанияның кірісі 36 849,3 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 51,07 %-ын (18 818,4 млн. теңге) уран өнімдерін сату, 4,72 %-ын (1732,3 млн. теңге) бериллий өнімдерін сату, 7,04%-ын (2596,8 млн. теңге) тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,57 %-ын (208,7 млн. теңге) плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 27,83%-ын (10 255,3 млн. теңге) энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды, 8,79%-ы (3237,7 млн. теңге) өзге де сатудан түскен кіріс.
2004 жылы бухгалтерлік есеп бойынша қаржы нәтижесі: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» бойынша - 3206, 4 млн. теңге, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (бұдан әрі - «YMЗ» АҚ) бойынша - 438,0 млн. теңге, «Волковгеология» АҚ бойынша - 220,3 млн. теңге, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бойынша - шығын 3,8 млн. теңге, «Геотехнология» АҚ - 3,3 млн. теңгені құрайды. Бұдан басқа, 2004 жылы бірлескен кәсіпорындардың қатысу үлесінен, атап айтқанда, «Заречное» БК бойынша - 2,9 млн. теңге және «Катко» БК бойынша - 134,2 млн. теңге кіріс алынды. «МАЭС Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметінің шығыны 374,4 млн. теңгені құрады. Мұның себебі «Актал ЛТД» ЖШС-ның 550 млн. теңге сомасында күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру көрсетілген кәсіпорынның банкроттығы туралы жарияланғанына байланысты болды. «Taу кен компаниясы» ЖШС қызметінен болған шығын 515,8 млн. теңгені құрады. Шығын кәсіпорын қызметінің ұзаққа созылмауы салдарынан дайын өнімнің сатылмағандығына байланысты. Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 2920 млн. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткіштерінен 58,6 %-ға асып түсті.
Салық салынатын кіріс Компания бойынша 2004 жылы 4 928,8 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Компанияның шоғырландырылған кірісі 63 293,8 млн. теңгені құрады, 2005 жылы Компанияның жиынтық шығыстары 51 738,7 млн. теңгені құрады.
Өнімдерді сатудан түскен шоғырландырылған кіріс 2005 жылы 48%-ға ұлғайды және 51108,9 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 56,75 %-ын уран өнімдерін сату, 6,35%-ын бериллий өнімдерін сату, 5,65%-ын тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,4 %-ын плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 21,25 %-ын энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды.
2005 жылы Компанияның таза кірісі - 11 841,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде негізгі емес қызметтен түскен кіріс саны - 9 899,4 млн. теңге мөлшерінде. Компанияның шоғырландырылған таза кipiс саны 11 722,4 млн. теңгені құрады. 2005 жылы таза табыстың күрт өсуі 2004 жылмен салыстырғанда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің мүліктік кешенінің қайта бағалануымен түсіндіріледі.
Уран нарығындағы қолайлы жағдай 18 566,6 млн. теңге мөлшерінде 2006 жылғы салық салуға дейінгі Компания кірісін анықтауға мүмкіндік береді, бұл 2005 жылғы салық салуға дейінгі кірістен 7,1 %-ға жоғары. 2006 жылы Компанияның шоғырландырылған таза кірісін 12 322,6 млн. теңге мөлшерінде алу күтілуде. Бұл кірістің негізгі үлесі гексафторит уранын сату есебінен алу жоспарланып отырған 8768,2 млн. теңге - "ҮМЗ" АҚ-қа тиесілі.
Бюджетке төлеуге аударылған салықтың жалпы сомасы Компанияның барлық кәсіпорындары бойынша 2004 жылға 7030,3 млн. теңге, 2005 жылға - 11 801,91 млн. теңгені құрады, салық төлемдерінің өсуі 2005 жылы 67,9 % және 2006 жылға - 11 647,02 млн. теңгені құрады.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - компания) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуы мен жаңартылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған астық пен одан жасалған өнімдер бағасының ішкі конъюнктурасын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен бірге, Компания мақтаны қайта өңдеу саласын дамытумен, мақта талшықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, рапсты өндіруді қолдаумен айналысады.
Компанияның 2004 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша 559,2 млн. теңге сомасында таза кіріс алынды, оның ішінде республикалық бюджетке дивидендтер түрінде 274,5 млн. теңге аударылды.
2004 жылы жалпы кіріс 34 485,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 3 464,7 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша түсетін кіріс - 31 021,2 млн. теңге.
2004 жылы жалпы шығыстар 33 926,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 3 454,6 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 30 472,2 млн. теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 521,0 млн. теңге.
2004 жылы салық салынатын кіріс 530,8 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Корпорация барлық егіннің:
астықты мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша - 549,999 мың тоннасын 6208,4 млн. теңге сомасына;
тартылған кредиттік ресурстар есебінен астық сатып алу бағдарламасы бойынша - 1 002,4 мың тоннасын 13 330,1 млн. теңге сомасына сатып алды.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Компаниядан 452,8 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алынды, оның ішінде мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызметтен - 12,0 млн. теңге, жеке қызметтен 440,8 млн. теңге мөлшерінде.