Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1288 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 563-жолда:
5-бағандағы «1448527» деген сандар «1237140» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «767452» деген сандар «578025» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 564-жолда:
4-бағандағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағандағы «8072500» деген сандар «11472500» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «5049059» деген сандар «5238486» деген сандармен ауыстырылсын;
8-баған «4010573» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 566-жолда:
4-бағандағы «2008» деген сандар «2009» деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағандағы «5000000» деген сандар «5056572» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «3955000» деген сандар «1189427» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «2867145» деген сандармен толықтырылсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
8-бағандағы «169248592» деген сандар «170493592» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «27462374» деген сандар «30329519» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
206 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» әкімшісі бойынша:
006 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламада:
«Қоянды өзенінің су қоймасында Астана қаласының тұрғындарына арналған қысқа мерзімді демалыс аймағы» деген жолдағы «767452» деген сандар «578025» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында 3500 орындық киноконцерт залын салу» деген жолдағы «5049059» деген сандар «5238486» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |