Уақтылығы: жыл бойында жоспарланған іс-шараларды және кесте мен жасалған шарттарға сәйкес қойылған міндеттерді уақтылы орындау.
Сапасы: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау саласындағы барлық мүдделі тұлғалар үшін жедел және сапалы ақпаратты ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
182-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындаудың сапасын
қамтамасыз ету» деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 229365 мың теңге (екі жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалған жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындаудың сапасын қамтамасыз ету | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалатын жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін штат саны 112 адам жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы жөніндегі мемлекеттік мекемені ұстау. Жеткізу шарттарына сәйкес конкурстық негізде мемлекеттік мекемені ұстауға, ғимаратты күрделі жөндеуге жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу және қолданылатын материалдардың сапасы жөніндегі жол зертханаларын тексеруге, аттестаттаудан өткізуге құрастыруға, жұмысқа дайындауға арналған шығындар, химикаттарды, сынауықтарды, ұйымдастыру іс техникасын, компьютерлерді, жиһазды, қосалқы бөлшектерді сатып алу, лицензиясы бар өнімдерді және басқа да жинақтауыштарды, зертхана жабдығын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының, қайта жаңартылатын пайдалануға енгізілетін учаскелерде, сондай-ақ ауыспалы жобалар бойынша ұзақтығы 277 км. қайта жаңартылатын учаскелерде қолданылатын жол-құрылыс материалдарының және 1697 км. жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру есебінен автомобиль жолдары қызметінің нормативтік мерзімін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 км. сапасын бақылауды жүргізу үшін шығындар орташа есеппен 9756 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалатын жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын ұдайы бақылау.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
183-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазавиализинг» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1874425 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс төрт миллион төрт жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «ҚазАвиаЛизинг» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын арттыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазавиализинг» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту; кейіннен Қазақстан Республикасының әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен арнайы техниканы сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | "Қазавиализинг" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Арнайы техниканы орталықтандырып сатып алуды қамтамасыз ету үшін»"Қазавиализинг" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кейіннен Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен әуе кемелеріне қызмет көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техниканы сатып алу.
Түпкі нәтиже: әуе кемесіне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын жақсарту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: іс-шаралар бағдарлама паспортында белгіленген мерзімде орындалады.
Сапасы: халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
184-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 642000 мың теңге (алты жүз қырық екі миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; «Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалалармен әуе бойынша қосу, орташа статистикалық тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызы бар рейстер бойынша авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орташа статистикалық тұтынушы үшін жүйелі ішкі авиатасымалдарға авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін субсидиялау көлемін кезең-кезеңмен төмендетуге бағытталған икемді тариф жүйесін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ережелерге сәйкес ішкі авиабағыттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды субсидиялау: Астана-Тараз-Астана; Астана-Семей-Астана; Астана- Жезқазған-Астана; Астана-Петропавл- Астана; Астана-Павлодар- Астана; Астана-Талдықорған-Астана; Астана-Қостанай- Астана. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын 7 авиабағыт бойынша тұрақты авиатасымалдарды қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын 65-70 пайыз дейін ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі 100,0 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 7 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
185-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158310 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион үш жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теңіз және ішкі су көлігі кемелеріне қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін су көлігі инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су көлігін дамыту және функциялауды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Каспий теңізі Түпқараған шығанағының жағалау айдынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Су көлігі инфрақұрылымын дамыту | "Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру" жобасын бекітілген технико-экономикалық дәйектемеге сәйкес (2005 жылғы 16 мамырдағы № 164-І ТЭД жобасына экономикалық зерттеу бұйрығы) іске асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру бойынша жұмыс көлемін орындау:
жалпы ауданы 153,76 шаршы метр навигациялық мұнараны;
жалпы ауданы 28,8 шаршы метр КҚБЖ ОБ контейнерін;
жалпы ауданы 15,14 шаршы метр АДЭС контейнерлік модулін;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр метеостанция мачтасын;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр толқын өлшеуішті салу.
Түпкі нәтиже: су көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
186-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы
даму трансферттері» деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 78226636 мың теңге (жетпіс сегіз миллиард екі жүз жиырма алты миллион алты жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Ертіс өзеніне салынатын көпірдің жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес сома шегінде автомобиль жолдарын дамытуға жіберілген нысаналы даму трансферттерін мыналар жөніндегі іс-шараларға белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес аудару: Алматы қаласында метрополитеннің бірінші кезегін салу (мемлекеттік сараптамалардың 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 7-588/2004; 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 7-3/2004 қорытындылары); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы - Кудерин (Розыбакиев) көшесі қиылысында көлік айрығын салу (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-652/05 қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы - Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 4 қарашадағы № 563/05 қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы және Бөкейханов көшесінің қиылысында көлік айрығын салу (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 7-2/06 қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзені арқылы М-1 автожол көпірі бар Сол жақ жағалаудың орталығы - Абылай хан даңғылы магистральды автожолын салу (№ 12, № 13 көшелердің магистральды автожолы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінен № 36 көшеге дейін № 23 көшені салу (қала құрылысы кешендеріне және Гастелло көшесіне) (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 қорытындысы); Астана қаласында А. Иманов және Л. Гумилев көшелерінің ауданында көлік айрығын салу (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 2-855/05 қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр даңғылымен көпірді қайта жаңарту («Рамстор» СО-ның ауданы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінен бастап Солтүстік айналма жолдағы көлік айрығына дейінгі учаскеде Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту. 3 учаске эстакаданың басынан бастап Угольная көшесінің қиылысындағы екі деңгейдегі көлік айрығының соңына дейін (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 20 қарашадағы № 2-618/06 қорытындысы); Астана қаласында № 4 көшеден № 23 көшеге дейін Сарыарқа көшесінің учаскесін салу (мемлекеттік сараптамалардың 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-741/04 және 2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 қорытындылары); Астана қаласында Есіл өзені арқылы М-2 жаңа көпірін салу (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-368/05 қорытындысы); Астана қаласында М-3 жаңа көпірін салу (мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-721/04 қорытындысы); Астана қаласында № 19 көшеден әуежайға дейін Гастелло көшесін салу; Астана қаласында № 19 және Гастелло көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу; Астана қаласында № 12-№ 1 көшесінен және № 2-№ 19 көшесі учаскесінде Гастелло көшесін салу (мемлекеттік сараптаманың 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 2-677/03 қорытындысы); Астана қаласында М-2 көпірінен Ақбұлақ өзеніне дейінгі учаскеде Гастелло көшесін салу (шудан қорғау экрандарын орнатып); Астана қаласында Гастелло көшесінің бойынан Ақбұлақ өзені арқылы көпір салу (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 5 қазандағы № 2-526/06 қорытындысы); «Астана қаласында Сарыарқа көшесінен бастап Солтүстік айналма жолындағы ІV-V учаске көлік айрығына дейінгі Угольная көшесінің қиылысындағы екі деңгейлі көлік айрығының соңынан бастап «Астана қаласын айналу» автожолындағы көлік айрығына дейінгі учаскеде Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту (мемлекеттік сараптамаларын 2005 жылғы 22 шілдедегі № 2-471/05 және 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 2-657/05 қорытындылары); Астана қаласында Манас көшесінен бастап № 12 көшеге дейін № 41 көшені салу; Астана қаласында Манас көшесінен бастап № 19 көшеге дейін № 42 көшені салу; Күмісбеков көшесінен бастап Астана қаласының солтүстік-батыс айналымына дейінгі учаскеде Тілендиев даңғылын қайта жаңарту; Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу; Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 наурыздағы № 2-128/06 қорытындысы); Ақмола облысында «Мариновка-Мәдениет жолына шығатын «Петровка - Каменка - Острогорка» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 29.05.06 ж. № 19/176-2006 қорытындысы); Ақтөбе облысының «Шұбарқұдық - Ойыл - Қобда - Соль - Илецк» автожолының 163-169 км учаскесінде Ойыл өзені арқылы өтетін көпір өткелін қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 19.03.07 ж. № 6-111/07 қорытындысы); Ақтөбе облысында Хромтау темір жол станциясына кіреберісті салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 03.03.06 ж. № 6-111/06 қорытындысы); Алматы облысында 0-31 км «Талдықорған-Текелі» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 24.10.06 ж. № 7-554/06 қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысында 0-13,4 км «Риддер қаласының айналма жолы» автомобиль жолын салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 30.11.05 ж. № 9-774/05 қорытындысы); Жамбыл облысында 0-28,8 км «Қаракемір - Қарасай батыр» автомобиль жолын салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 24.03.06 ж. № 10-98 қорытындысы); Қарағанды облысында 255-265 км «Просторное - Жарық - Ақсу - Аюлы - Ақтоғай - Балқаш» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 21.09.06. ж. № 12-209/06 қорытындысы); Қарағанды облысында 106-113 км «Қарағанды - Шахтинск - Есенгелді - Щербаковский - Киевка» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 21.09.06 ж. № 12-209/06 қорытындысы); Қостанай облысында 0-86 км «Федоровка - Ленин - Вишневка» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 26.10.05 ж. № 2-724/05 қорытындысы); Қостанай облысында 0-63 км «Қойбағар - Қарасу - Севастопольский» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 17.02.06 ж. № 2-84/06 қорытындысы); Қостанай облысында 0-114,09 км «Қарасу - Большая Чураковка» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 29.12.05 ж. № 2-962/05 қорытындысы); Қостанай облысында 0-79 км «Ұзынкөл - Сарыкөл» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 29.12.05 ж. № 2-963/05 қорытындысы); Қызылорда облысында 0-68 км «М32 Самара - Шымкент - Қамыстыбас - Аманөткел - Бөген» КНА-9 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 30.10.06 ж. № 13-307/06 қорытындысы); Маңғыстау облысында Тұщықұдық - Шебір автожолын салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 14.03.07 ж. № 15-088/07 қорытындысы); Павлодар облысында 74-80 км Ивановка-Трофимовка автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 18.03.06 ж. № 16-118/06 қорытындысы); Павлодар облысында 82-86 км Шақат - Восточное - Шалдай автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 18.03.06 ж. № 16-117/06 қорытындысы); Солтүстік Қазақстан облысында «М-51-Петерфельд - Новокаменка -А-16» КТ-1 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 06.11.06 ж. № 17-699/26 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында «Дербісек - Сарыағаш шипажайы - Арыншы» автожолының 31 км-де Келес өзені арқылы өтетін өтпелі көпір салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 17.03.06 ж. № 18-104/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында Үшбұлақ кентінің жанынан Келес өзені арқылы өтетін көпір салу (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 17.03.06 ж. № 18-102/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында «Шымкент - Түйетас - Сарыбұлақ» ОК-37 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 17.03.06 ж. № 18-105/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 0-8 км «Қаратөбе - Ғ. Мұратбаев» автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-389/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 0-8 км «Бозсу - Құйған - Қияжол» Р/Д А-15 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-386/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 0-8,6 км Алматы - Ташкент, Қызыл - Сарқырама ауылына кіреберіс» Р/Д А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-387/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 3-7 км «Достық-2 ауылына кіреберіс» ОК-50 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-385/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 0-5 км «Қазақстанға 20 жыл ауылына кіреберіс» ОК-50 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-384/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 4-10,5 км «Қапланбек - Жібек жолы» ОК-52 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 15.08.06 ж. № 18-377/2006 қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында 41-56 км «Дербісек - Сарыағаш шипажайы - Қанағат - Арыншы» ОК-50 автомобиль жолын қайта жаңарту (ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың 16.08.06 ж. № 18-388/2006 қорытындысы); Алматы қаласының Әуезов ауданында Сайн - Шаляпин көшелерінің қиылысындағы көлік айрығы (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 21 ақпандағы № 7-82/07 қорытындысы); Алматы қаласында Саин - Жандосов көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу; Алматы қаласында Саин көшесі - Абай даңғылы қиылысында көлік айрығын салу; Астана қаласында Абай даңғылын Ақбұлақ өзенінен Оңтүстік Шығыс шағын ауданына дейін, Ақбұлақ өзенінен № 12 көшеге дейінгі учаскені қайта жаңарту; Астана қаласында Угольная, № 14, № 12 және Бейсекова көшелерімен өтетін магистральды жол салу; Астана қаласында Республика даңғылы мен Бараев көшесі қиылысындағы көлік айрығын қайта жаңарту. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
| | | | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Түпкі нәтиже: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы