Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды оңтайландыру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) оған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң колледжі» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Алматы заң колледжі) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
2) Алматы заң колледжінің білім алушыларының Академияда орта білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқуын аяқтауын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |